Білім беру саласы: «Коммуникация» Бөлімі


Алдын-ала жүргізілетін жұмыс



бет8/40
Дата26.05.2022
өлшемі103,26 Kb.
#145068
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
сауат ашу негіздері 5..

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: «н» дыбысынан басталатын сөздер айту.
Қажетті көрнекі құрал-жабдықтар: Отбасы мүшелерін бейнелейтін 2 қуыршақ пен дүкен сөресінен, азық-түліктен тұратын ойыншықтар жиынтығы, дыбыстық талдауға арналған қызыл, көк түсті дөңгелектер. жұмыс дәптері, Билингвальды компонент: нан-хлеб,сөз-слово, буын-слог дыбыс-звук.
Д/ойын: «Әріп сыйлаймыз»
5+
Алматы кітап



4

Қош келдің алтын күз!

«Н» дыбысы мен әрпі

«н»дыбысының дұрыс дыбысталуын,әріп таңбасын қайталату,ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

1

Ұйымдастыру кезеңі
Педагог шаттық шеңберіне тұрғызады. Бір-біріне әдемі күлкілерін сыйлайды.
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді борлып жүрейік.
Педагог:
– Балалар, өткен тақырыпта «Н» дыбысымен таныстық.
Негізгі бөлім
– «Н» дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз дыбыс па?
– Дауыссыз дыбыс.
– «Н» дыбысын сендер сөздердің басында, ортасында, соңында кездесетінін білесіңдер.
Мен өлең оқимын «Н» дыбысы бар сөздерді естеріңде сақтап айтып беріңдер.
Сөйлемейсің сен неге,
Тілің жоқпа, қуыршақ?
Жуынбайсың сен неге,
Кірің жоқпа, қуыршақ?
(Р.Тышқанбаев)
Дидактикалық ойын: «Буынды айтып сөз құра»
Ойын шарты: педагог айтқан буынға балалар сөз құрап айтады. Мысалы: На.. . . . , Та. . . .
Сергіту сәті:
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен
Жаттығуды бастаймыз.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір,
Қолды жоғары көтеріп,
Қолды төмен түсіріп,
Терең тыныс алайық.
Жұмыс дәптермен жұмыс: дәптердегі № 8 тапсырма орындалады. Көмек керек балаларға педагог көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет