4
|
Балабақшадағы қауіпсіздік
|
Сөз,сөз туралы түсінік қалыптастыру.
|
Сөздердің ұзын және қысқа сөз екенін түс індіру, «а»дыбысын сөздер арасынан тап- қызу арқылы ойлау қабілетін дамыту,ананы сыйлауға тәрбиелеу.
|
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шеңберге жиналады.
Өзім жақсы баламын,
Ана тілін аламын.
Мейлі қайда жұмсасын,
Бәріне де, барамын.
Негізгі кезең
Тәрбиеші:
– Аналарыңа үй жұмысына көмектесесіңдер ме?
– Жарайсыңдар, анаға әркезде көмектесу керек. «Ана» сөзі қай дыбыстан басталады?
– Өте жақсы, балалар, сендер өткен тақырыпты ұмытпапсыңдар.
– «А» дыбысы дауысты дыбыс па әлде дауыссыз дыбыс па?
– «А» дыбысының жуан дауысты дыбыс екенін қалай білдіңдер?
– Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
Педагог: балалар мен мақал-мәтел айтамын, ішінде «А»дыбысы бар сөздерді естеріңде сақтап қалыңдар.
Мақал-мәтел
Анаңа рақым етпесең,
Балаңнан рақым күтпе.
Ақылды қызға ана көп,
Аяулы жанға пана көп
Сергіту сәті:
Кәне, қанат қағайық, қарлығаш боп ұшайық,
Ұшып-ұшып алайық, орнымызға қонайық.
Қарлығаш боп ұшайық, торғай болып қонайық,
Сауысқан боп секіріп, тоқылдақ боп шоқиық.
|