Тілдік мақсат
|
Тәрбиеленушілер:
Алған ақпарат бойынша толық жауап бере алады;
Тірек сөздерді пайдаланып сұрақтар қоя біледі.
Көптілділік:
Театр-театр-teater
Актер- актер-аn actor
Ым-ишара- жест, мимика-gesture
Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Актерлык шеберлік, театр атрибуттары, театр қызметкерлері: режиссер, гримдеуші, сахна, әрлеуші, т.б.
Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:
Пікір алмасу сұрақтары:
-Театр деген не?
-Актер дегеніміз кім?
-Қандай қойылымдар көрдіңдер?
-Кімнің ойыны сәтті шықты?
|
Алдыңғы алған білімдері
|
Театр туралы түсінік. Сахналық қойылым, сюжетті-рөлдік ойын және театр түрлері туралы түсініктері
|
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-1 минут
ІІ. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақматты болжам.
2-5 минут
|
(Ұ) Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, қонаққа Айсұлу және Қуаныш атты кішкентай балалардың келгенін айтады. Қуаныш және Айсұлумен танысып, дос болуларын сұрайды.
(Ұ) Ойын: «Танысу».
Әрбір бала қуыршақтарды қолына ұстап тұрып, «Сәлеметсіңдер ме?»- деп өздерінің атын атап, өз мінездеріне тән бір ерекшелігін айтады. (Сәлеметсіңдер ме, менің атым Тоғжан, мен көңілді қызбын)
(Ұ) Айсұлу мен Қуаныш тәрбиеленушілермен танысқанына қуанышты екені айтып, оларды керемет ғажайып әлемге саяхатқа баруға шақырады. Онда қуыршақтарға жан бітіп, жан жануарлар сөйлеп, түрлі ғажайыптар болатынын айтады. Ол не деп ойлайсыңдар? (Театр)
Педагог:
-Балалар, саяхатқа шықпас бұрын маған айтып беріңдерші, театр туралы не білесіңдер?
|
Достарыңызбен бөлісу: |