Білім беруді әлемдік стандартқа сәйкестендіру мақсатында абай шығармашылығын бейнелеу өнері сабағында қолдану а. Т. Жунусхожаев, М. С. Бейсенова



Дата23.05.2017
өлшемі40,07 Kb.
#16709
УДК 7.02
БІЛІМ БЕРУДІ ӘЛЕМДІК СТАНДАРТҚА СӘЙКЕСТЕНДІРУ МАҚСАТЫНДА АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
А.Т. Жунусхожаев, М.С.Бейсенова
Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

Zhuniskhozhaev_a@hbsh.nis.edu.kz beysenova_m@hbsh.nis.edu.kz
Білім беру барлық өркениетті мемлекеттерде негізгі басымдық бағыттар мен негізгі даму көрсеткіші болып табылады. Қазақстанның білім беру саясаты да әлемдік деңгейдегі интеграцияға бағытталған. Бұл сала, басқа да әлеуметтік институттардың оқу процесінің қатысуымен, ішінара әрекет етіп, тұлғалардың толық мамандандырылуына әсер етеді. Білім беру өзінің бұқаралық сипаты мен және жүйелілігінің арқасында жалпы адамгершілік құндылықтар мен ұлттық мәдениетімізге, жаңадан қалыптасып келе жатқан қоғамдық санаға тікелей әсер етіп, еліміздің рухани өмірі, экономикасы мен саясатында болып жатқан үрдістерде шешуші әсер қалдыруда. Халықаралық тәжірибелерге сүйенсек, адами капиталға инвестиция жасау, оның ішінде бала кезінен бастап есейгенге дейін білім беру – қоғамға және экономикамызға елеулі деңгейде еселеп қайтарым жасайтынын әлемдік тәжірибе көрсетті.

Еліміздің еуропалық білім беру жүйесіне қолжетімділік ауқымын кеңейте отырып, оқыту сапасын арттыру және қазіргі кезеңнің көкейтесті мәселелерінің бірі болып отыр. Еуропа мен Қазақстанның білім беру жүйесіндегі үйлесімділік аясында бірыңғай оқыту жүйесін құру қоғамға және мәдениетімізге пайда келтіретін адамгершілік, қайырымдылық, отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезімді бойына сіңірген нағыз тұлғаларды қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Нәтижесінде 2010 жылдың наурыз айынан бастап Болондық процестің толыққанды мүшесі ретінде Қазақстанның білім беру жүйесіндегі өзгерістер пайда болды, осыған орай оқу орындарында жаңашыл оқыту элементтерін қосу белең алуда.

Жаңашыл оқыту технологиясы Болондық процестің жоғары оқу орындарындағы «teaching» - адамға білім беруден, «learning” – адам білім алады парадигмасының ауыстырылу идеясын қолдануды қолдап отыр [1].

Әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларға түсінікті жаңашыл әдістерді қолдану сабақ беру барысын одан да қызықтырақ етеді.

Осылайша әлемдік феномен – Абай шығармашылығын бала тәрбиесі мен білім беруде пайдалану өсіп келе жатқан ұрпақтың бойында адамгершілік, эстетикалық және патриоттық сезімін қалыптастыруда маңызды орын алады.

Бейнелеу өнері сабағында Абай поэзиялары негізінде балалардың шығармашылық әрекетіне баса назар аудара отырып, оқушылардың қазақ жерінің табиғатын, түр-түсі мен реңктік қасиеттерін көз алдына елестете отырып, сараптама жасауына мол мүмкіндік ашады. Абай өлеңдерін әлем әдебиеті шығармаларымен салыстыра отырып, мұғалім оқушы бойындағы бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оята алады. Сондай-ақ, Абай өмірі жайлы қызықты сәттер мен жағдаяттар жайлы мәліметтер келтіре отырып, жалпы адамдық құндылықтарды ұғынуға тәрбиелейді. Сабақ барысында тыңдалым арқылы қабылданған ақпаратты түрлі-түсті бояумен орындау бейімділігі артып, сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады.

Жылдың төрт мезгілін шебер суреттеген «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Жазғытұрым» атты өлеңдерін оқып, оқушылармен бірге сараптама жасау, оқушылардың қазақ даласын елестету арқылы түр-түстік гаммасын анықтауы және композицияны қағаз немесе кенеп бетінде түсіре білу шеберлігін дамытуы жаңашыл бағыттағы мұғалімнің кәсіби деңгейімен өлшенеді.

Абай өлеңдерінде пейзаж ғана емес адам бейнелерін суреттейтін өлеңдер де аз емес.

Сабақ барысын музыка сабағымен кіріктіре отырып ұйымдастыру, интернет желісінен ақпараттық коммуникативтік техниканы пайдалана отырып, бейне ролик көрсету, аудиотректер тыңдату арқылы оқушы бойына сіңіру - мақсатқа жетудің жаңаша әдістері саналады. «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң» т.б. сынды өлеңдерінде кейіпкерді нақты тайға таңба басқандай етіп бейнелеген. Әндер тыңдап, бейнебаяндар көре отырып, оны композициялық шешімдермен тың туынды жасауға бағыттауды жолға қою баланы портрет салу жұмысында айтарлық жетістікке жеткізеді.

Жаңашыл-мұғалімдер тәжірибесі көрсеткендей, жаңаша әдістермен ақпаратты оқушының санасына сіңіру – бұл білім берудің негізгі қозғалыс күші. Жаңашыл әдістер автордың тұжырымы бойынша [2], ұжымның жетістікке, мақсатқа жетудегі үлкен рөл атқаратын рухы және энергиялық күші.

Осылайша бейнелеу өнері пәнінде Абай шығармаларын қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып, ізденістік қабілетін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ әлемдік мәдениетке ұмтылуына толық жағдай жасайды. Сонымен қатар поэзия мен музыка кіріктірілген сабақ беру әдістері мен технологиялары ұлттық білім беру жүйесіне әлемдік ғылым мен техника енгізген «әлемдік стандартқа» біртіндеп жақындай түсетіндігін айқындайды [1].

Абай идеясын сабақ беру барысында жүзеге асыру білім беру әдістемелігіне позитивті өзгеріс енгізе отырып, оның мазмұны мен бағалау жүйесіне, орта білім мекемесінің іс-әрекетін басқаруға көмектеседі.

Бұл мақсатымызға жету үшін Еуро одақтық әріптестеріміздің дидактикалық тәжірибесіне сүйенсек, әсіресе Болон декларациясында көрсетілген тілдік мақсат деңгейін жоғарылату мәселесі оң шешімін табатын болады.



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1 Реформирование высшего образования в Казахстане и Болонский процесс: информационные материалы для практических действий - Алматы, 2009 – 120 с.



2 Применение инновационных методов в вокальном образовании. Г.А. Макулбекова, Е.Г. Календарева. Труды 2-го Республиканского форума педагогов-новаторов “Современное образование в глобальной конкурентноспособной среде”. – Шымкент, 2014 г.-146-148.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет