Білім және ғылым министрінің



бет6/8
Дата26.08.2017
өлшемі1 Mb.
#28413
1   2   3   4   5   6   7   8

Бағалау өлшемдері:

1.Металдардың механикалық қасиеттері мен өңделуінің негізгі көрсеткіштерін біледі.

2. Сынақ жүргізу мен қаттылығын анықтау әдістерін біледі.

3. Түрлі әдістер арқылы қаттылығн анықтайды.


Оқыту нәтижесі: 4) Металдардың термиялық және термомеханикалық өңдеу тәсілдерін білу

Бағалау өлшемдері:

1. Термиялық өңдеуді белгілеу мен түрлерін біледі.

2. Төрмоөңдеуден кейін болаттың микроталдауын жүргізе біледі.

3.Термиялық өңдеу әдістерін жетілдіру жолдарын біледі.


Оқыту нәтижесі: 5) Көміртекті болаттардың жіктелуін білу.

Бағалау өлшемдері:

1.Көміртекті болаттардың жіктелуін, қасиетін біледі.

2.Көміртекті болаттардың таңбалануы мен қолданылуын біледі.



Оқыту нәтижесі: 6) Қосындылған болатты жіктеу

Бағалау өлшемдері:

1.Қосындыланған болатты жіктеу мен қасиеттерін біледі.

2.Қосындыланған болаттың таңбалануы мен жіктелуін біледі.

3.Тетіктер үшін болаттың белгісін таңдайды.


Оқыту нәтижесі: 7) Шойындарды жіктеу

Бағалау өлшемдері:

1.Шойындардың жіктелуін, қасиетін біледі.

2.Шойындардың таңбалануы мен қолданылуын біледі.




Оқыту нәтижесі: 8) Түсті металдар мен қорытпаларды жіктеу

Бағалау өлшемдері:

1.Мыс, титан, магний негізіндегі қорытпаларды ажырата біледі.

2.Қорытпалардың қасиетін, таңбалануы мен қолданылу саласын біледі.



Оқыту нәтижесі:9) Ұнтақ материалдарды ажырата білу

Бағалау өлшемдері:

1.Металл ұнтақтарды қолдану, алу әдістері мен қасиеттерін біледі.

Оқыту нәтижесі: 10) Аспаптық болаттарды жіктеу

Бағалау өлшемдері:

1.Аспаптық болаттардың жіктелуі мен қасиетін біледі.

2. Аспаптық болаттардың таңбалануы мен қолданылуын біледі.

3. Кескіш, өлшеу аспаптары үшін болаттың белгісін таңдайды.


Оқыту нәтижесі: 11) Қатты қорытпалар мен аса қатты кескіш материалдарды жіктеу

Бағалау өлшемдері:

1. Қатты қорытпалар мен аса қатты кескіш материалдардың жіктелуін, қасиетін, белгісін біледі.

2.Қатты қорытпалардың таңбасын түсіндіре алады;

3.Кескіш аспап үшін қатты қорытпа белгісін таңдайды.


Оқыту нәтижесі: 12) Құйма өндірісі технологиясына таңдау жүргізу

Бағалау өлшемдері:

1.Құю қорытпаларының технологиялық қасиеттерін біледі.

2. Құю арқылы алынған қалыптарды таңдауды негіздей біледі.



Оқыту нәтижесі: 13) Металдың соғылуы мен қалыпталу технологиясын орындау.

Бағалау өлшемдері:

1.Металдың соғылуы мен қалыптау процесінің мәнін біледі.

2. Соғылған қалыптардың басымдылығы мен олқылығын ажырата алады.



Оқыту нәтижесі:14) Дәнекерлеу процесін негіздеу

Бағалау өлшемдері:

1.Дәнекерлің процесінің мәнін біледі.

2. Дәнекерлеу технологиясын, тәсілдері мен дәнекерлеу кезіндегі ақау түрлерін біледі.



БҚ 13. Жол машиналары мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету мақсатына байланысты машина бөлшектері мен механизмдерді таңдау.

ЖКМ 8. Машина бөлшектері

Осы модуль тетіктер мен тораптар, жалпыға арналған машиналардың тетіктерінің беріктігі мен қаттылығы есебінің негіздері, материалдарды таңдау әдістері, сондайақ, машиналарды дайындау технологиясы мен пайдалануды есепке ала отырып, құрастыру бойынша машықтар мен білім алуға мүмкіндік береді.

Модульді оқып білу барысында оқушылар қосылыстардың белгіленуі, жіктелуі, тәсілдері, жіберу түрлері, машина мен механизмдердің тетіктерінің айналушы сәттері бойынша келесі білімді меңгеруі тиіс.

Модульды оқып білу барысында оқушылар келесі машықтар мен білімді иеленуі қажет:

жол берілетін кернеулердің есебін орындау;

бұрамдықты жіберулердің жанаспалы төзімділікке және иілім бойынша қажу кедергісіне есебін орындау. ПӘК бұрамдықты беріліс;

салқындату есебі мен берілісті майлауды орындау;

валдар мен осьтердің беріктік есебін орындау;

қаттылық есебін орындау.



Оқыту нәтижесі:1) Машиналардың тетіктері мен тораптарының талаптарын анықтау.

Бағалау өлшемдері:

1.Жалпы машина жасаудық қолданыстағы тетіктер мен тораптардың жұмыс қабілеттілігі мен құрылымы мен критерийлерін біледі.

2. Машиналар мен механизмдердің олқылығын анықтайды және жояды.

3. Жол машиналары жабдықтарын қарай, тексере және жөндей алады


Оқыту нәтижесі: 2) Машиналардың тетіктерінің бірлескен жұмысының теориясының негіздері мен оларды есептеу әдістерін білу

Бағалау өлшемдері:

1.Жалпы машина жасауда қолданылатын тетіктер мен тораптарды есептей және құрастыра алады.

2.Анықтамалық әдебиет пен ЭЕМ қолдана отырып, есептеуді орындайды.

3. Машиналар мен механизмдердің тетіктерінің бірігуін орындау, олқылығын анықтау және оларды жою.


Оқыту нәтижесі: 3) Құрылымдау мен техникалық шығармашылық машықтарына ие болу.

Бағалау өлшемдері:

1.Анықтамалық әдебиет пен қолданыстағы стандарттар бойынша тетіктердің өлшемі мен құрылымын таңдайды.

2. Құрылымдық құжаттаманы рәсімдейді.



БҚ 14. Статика, кинематика және динамика заңдар негізінде конструкциялар элементтерінің беріктігі мен қаттылығы әр түрлі жүктемелер есептерін білу.

ЖКМ.9. Техникалық механика негіздері

Осы модуль беріктікке тетіктерді есептеуді орындау үшін қажетті машықтар мен білімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Модульды оқып білу нәтижесінде оқушылар келесі білімді: статика, кинематика мен динамиканың негізгі түсініктерін меңгеруі тиіс:

материалдар кедергісінің негізгі ережелері;

машина тетіктерінің негізгі ережелері;

тетіктер емн тораптардың тозуы мен ақаулану түрлері;

майлау материалдарының түрлері, тетіктер мен тораптарды майлау үшін қолданылатын май қасиеттеріне қойылатын талаптар, майлау материалдарын сақтау ережелері;

Беріліс құрылғысы, жіктелуі, әрекет ету қағидасы;

механизм түрлері, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамасы.

Модульді оқып білу кезінде оқушылар статика, кинематика мен динамика негізіндегі келесі машықтар мен білімді иеленіп, құрылым элементтерінің түрлі жүктеме кезінде беріктік пен қаттылықтарының есебін жүргізе білуі тиіс


Оқыту нәтижесі:1) Материалдық нүктелер мен қатты денелердің тепетеңдігі мен қозғалысының жалпы заңдарын білу

Бағалау өлшемдері:

1.Статиканың негізгі түсініктерін біледі.

2. Статиканың негізгі аксиомасын біледі.

3. Байланыстар мен олардың реакциясын біледі.

4. Күштер мен олардың тепетеңдік шарттарының жүйесін біледі.

5. Арқалық тіректер мен олардың реакцияларын біледі.

6. Ауырлық ортасын біледі.

7. Жинақталатын күштердің тегіс жүйесінің екі теңдеуін немесе жинақталатын күштердің кеңістіктік жүйесі тепетеңдігінің үш теңдеуін қолдана отырып, байланыстың әр текті түрлерінің реакцияларын анықтау.

8.Еркін орналасқан күштердің тегіс жүйесі тепетеңдігінің үш теңдеуін немесе еркін орналасқан күштердің кеңістіктік жүйесі үшін тепетеңдіктің алты теңдеуін қолдана отырып, арқалық тіректерінің реакциясын анықтай алады;

9. Қарапайым геометриялық пішіндер мен стандартты прокат пішінінен құралған тегіс қиманың ауырлық орталығының орналасуын таба біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Материалдық нүктелер қозғалысының және осы қозғалыстарды тудыратын себептерді есепке алмай, қатты денелер қозғалысының жалпы заңдарын талдау.

Бағалау өлшемдері:

1.Кинематика, нүкте кинематикасының негізгі түсініктерін біледі;

2.Қатты дененің қарапайым қозғалыстарын біледі;

3. Нүктенің күрделі қозғалысын біледі;

4. Қатты дененің тегіс параллельдік қозғалысын біледі;

5. s=f(t), v=s(t), at=v(t) кинематикалық кестелерін жасайды және оқиды.

6.Белгіленген траектория бойынша нүкте қозғалысы кезінде арақашықтық, жылдамдық, жанама және қалыпты үдеуді анықтай алады.

7.Қатты дененіі оның айналмалы қозғалысы кезінде бұрыштық орын ауыстыруын, бұрыштық жылдамдығын, бұрыштық үдеуін анықтай алады;

8.Нүктенің күрделі қозғалысы кезінде орын ауыстыру, жылдамдық, үдеуін анықтай алады.



Оқыту нәтижесі: 3) Материалдық нүктелердің қозғалысы мен міндеттерді шешуде осы қозғалыстарды тудыратын себептерді есепке ала отырып, қатты денелердің қозғалысының жалпы заңдарын қолдану.

Бағалау өлшемдері:

1.Динамиканың негізгі түсініктері мен аксиомасын біледі;

2. Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыс кезінде жұмысты орындайды.

3. Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыс кезінде механикалық қуатты біледі.

4. Динамика теоремасын біледі.

5.s=f(t), v=s(t), at=v(t) кинематикалық кестелерін жасайды және оқиды.

6.Белгіленген траектория бойынша нүкте қозғалысы кезінде арақашықтық, жылдамдық, жанама және қалыпты үдеуді анықтайды.

7.Қатты дененің ол айналымдық қозғалысы кезінде бұрыштық орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдық, бұрыштық үдеуді орындайды.

8.Нүктенің күрделі қозғалысы кезінде орын ауыстыру, жылдамдық, үдеуді анықтай біледі.

9.Төмендегілерде қарастырылатын міндеттерді шешеді:

а)денелердің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысы кезіндегі жұмыс пен қуат;

б) кинетостатиканың теңдеуін, қозғалыс мөлшерінің өзгерісі туралы теорема мен кинетикалық энергияның өзгерісі туралы теореманы қолдана отырып, еркін материалдық нүктенің қозғалысы.


Оқыту нәтижесі: Г) Құрылым элементтерінің түрлі ақау түрлері кезінде беріктігі, қаттылығы мен тұрақтылығын есептеу әдістерін қолдану

Бағалау өлшемдері:

1.Материалдардың кедергісінің негізгі түсініктерін біледі.

2.Созылу мен сығымдауды біледі.

3. Бойлық күш пен қалыпты кернеулердің эпюрасын біледі.

4. Бойлық және көлденең деформацияны, Гук Заңын біледі.

5.Созылу мен сығымдау кезінде беріктік шарттары мен беріктікке есептің үш түрін орындайды.

6. Кесу мен езу кезінде ішкі күш факторын біледі.

7.Тетіктерді біріктіруге арналған құрылымдардың түрлі элементтерін кесу мен сығымдау кезінде беріктіктің тәжірибелік есептерін орындайды.

8.Кернеуді айналдыру мен үлестіру кезінде ішкі күш факторын біледі.

9.Айналдыру кезінде беріктіктің шарттары мен беріктікке есептің үш түрін қолданады.

10.Айналдыру кезінде қаттылық шарттары мен қаттылыққа есептің үш түрін қолданады.

11.Бүгілу ақауының ерекшеліктерін біледі.

12.Бүгу кезінде ішкі күш факторын , көлденең күш эпюрасы мен тікелей көлденең және таза бүгілу кезіндегі иілгіш сәттерді біледі.

13.Тікелей көлденең бүгілу кезінде кернеуді үлестіреді.

14.Бүгу кезінде беріктікке есепті қолданады.

15.Бүгу кезінде қаттылық шарттарын біледі.

16. Сығылған серіппе беріктігін біледі.

17.Ақаудың әр түрлі түрлері кезінде діңгектің кез келген көлденең қимасында ішкі күш факторларын анықтай алады.

18.Көлденең күштер эпюрасы мен қалыпты кернеулерді, айналушы сәттердің эпюрасын, көлденең күштер эпюрасы мен иілгіш сәттерді құрастырады.

19.Шеңбер, сақина үшін инерция мен кедергінің полярлық және осьтік сәттерін анықтайды.

20.Созылу (сығу), кесу (езу), айналдыру, тікелей көлденең иілу, бүгілу мен айналудың бірлескен әрекеті кезінде статикалық анықталатын жүйелердің беріктігі мен қаттылығына тексерістік және жобалық есептерді орындайды.



БҚ15. Жолдық машиналар мен тетіктерде қолданылатын іштен жану қозғалтқыштары болуы туралы түсінігі және пайдалану сипаттамалары болуы керек

ЖКМ. 10. Қуаттандыру қондырғылары

Осы модуль теміржол көлігінің көтергішкөліктік, құрылыс және жол көліктеріне энергиялық күшті қонырғылардың негізгі түрлерін, іштен жанатын қозғалтқыш, электр желісі, гидрожетек пен пневможетек құрылғысы мен пайдаланудың негізгі мәселелерін оқып білуді қарастырады.

Модульді оқып білу кезінде оқушылар келесі білімді меңгеруі тиіс:

Іштен жанатын қозғалтқыштардың, газ үлестіру жүйесінің дизельдік және карбюраторлық қозғалтқыштарының құрылғылары мен жіктелуі, салқындату, жағу қорек көзі, белгіленуі, жол машиналары мен механизмдерінде қолданылатын іштен жану қозғалтқыштарының құрылғысы мен пайдалану сипаттамасы.

Модульді оқып білу кезінде оқушылар келесі машық пен білімді иеленуі тиіс:

жол машиналары мен механизмдерінің энергиялық күшті қондырғысын пайдалану;

жол машиналары мен механизмдерінің энергиялық күшті олқылықты анықтау;

аталған олқылықтарды жою.


Оқыту нәтижесі:1) Жол машиналары мен механизмдерінде қолданылатын іштен жану қозғалтқыштарының белгіленуін, құрылғысы мен пайдалану сипаттамасын анықтау

Бағалау өлшемдері:

1.Жол машиналары мен механизмдерінің белгіленуін біледі.

2.Газды үлестіру, салқындату мен жану көздері жүйесіндегі жұмыс қағидаларын біледі.



Оқыту нәтижесі: 2) іштен жану қозғалтқышының жұмыс жүйесін түсіну

Бағалау өлшемдері:

1.Іштен жану қозғалтқышы, гидрожетек пен пневможетек құрылғысы мен пайдалануды біледі.

2.Отындық сорғы мен бүріккіштің негізгі өлшемдерін, іске қосуды жеңілдету құрылғысы мен салқындату және іске қосу жүйесін ажырата біледі.



Оқыту нәтижесі: 3) Олқылықтарды жоюды орындау

Бағалау өлшемдері:

1.Машиналар мен механизмдердің олқылығын анықтайды.

2.Жол машиналары мен құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді орындайды.

3.Теміржол көлігінде көтерукөліктік, құрылысжол машиналары мен жабдықтардың техникалық сипаттамасын біледі


БҚ 16. Технологиялардың ағымдағы мазмұнын, жер төсемінің орта және күрделі жөндеулерді орындау тәртібін, жолдың жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстардың мәнін түсіну. Теміржол жолының техникалық пайдалану шарттарын, нормаларын, шектерін сақтауға және дұрыс қолдану керек

ЖКМ.11. Жолды жөндеу, техникалық қызмет көрсету және құрылымы



Осы модуль жолдардың құрылымы, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу туралы білім алуға мүмкіндік береді.

Модульді оқып білген кезде оқушылар келесі білімді меңгеруі тиіс:

Теміржолдың сипаттамасы: жүк қауырттылығы, білік жүктемесі, пойыз қозғалысының жылдамдығы. Жол шаруашылығының сипаттамасы мен теміржол көлігі жүйесіндегі оның рөлі. Жол шаруашылығын дамытудың жалпы міндеттері. Барынша дамыған мемлекеттердегі теміржол жұмысы шарттарының сипаттамасы.


Оқыту нәтижесі:1) Топырақтың әртүрлілігін анықтау

Бағалау өлшемдері:

  1. Жер төсемінің түрлерін біледі.

  2. Көлденең пішіндердің жіктеуін жүргізеді.

  3. Ақау, бүліну мен пішіннің өзгеру түрлерін; балласт қабаттарыына арналған материалдардың түрлерін біледі.

  4. Дөңгелек жұп құрылғысы және рельстермен өзара әрекетін, жолдың тура бөліктеріндегі рельстік жолдарын; жолдың қисық бөліктеріндегі рельстік жолды; торап, габариттік қақпа мен сигналдық белгілердің құрылымын біледі.

  5. Жер төсемі мен топырақтың түр өзгешелік элементтерін анықтау.

  6. Рельс түрлерін анықтау.

  7. Жол мөлшерінің шегі мен нормаларын сақтау.

  8. Жолдың тура және қисық бөліктеріндегі ен мен деңгейді өлшеу.

Оқыту нәтижесі: 2) Жол жұмыстарын жүзеге асырған кездегі талаптарды анықтау

Бағалау өлшемдері:

  1. Күрделі жағдайлардағы жер төсемінің құрылғысын; бунақсыз жол құрылымын біледі.

  2. Жолға қойылатын талаптарды біледі.

  3. Жол жұмыстарының түрлерін, жолды жөндеу мерзімділігін, жол жөндеудің белгілену критерийлерін біледі.

  4. Жолдың жоғарғы құрылымының түрін таңдауды жүиргізеді.

  5. Қолданыстағы жол құрылымын талдайды.

  6. Бунақсыз жолды төсей біледі.

  7. Белгіленген жөндеуаралық нормалар және критерийлер бойынша жолды жөндеуді белгілейді.

Оқыту нәтижесі: 3) Жер мен қорғалу аймақтарының тәртібін анықтау

Бағалау өлшемдері:

1.Жер төсемінің көлденең пішініне жобалау жүргізеді.

2.Сызбада төсеме үйменің көлденең пішіндері мен ойықты орындайды.

3.Бұру жолақтарының өлшемін анықтайды.

4.Беткейлік суды бұру үшін су бұрғыш ғимараттардың есебін жүргізеді.

5.Су бұрғыш ғимараттар бойынша есеп жүргізеді.


Оқыту нәтижесі Г) Көпірлерде, туннельдерде және оларға кіреберісте жол құрылымын жасау

Бағалау өлшемдері:

  1. Құрылымдар мен жылжымалы құрамның жақындау габариттерін біледі;

  2. Жолдардың түрлі қосылыстары мен қиылыстарын ажырата біледі;

  3. Жол белгілерін орнатуды жүргізеді;

  4. Қарапайым бағыттама жылжыту есебін жүргізеді.

  5. Бағыттамалы көшелердің негізгі параметрлерін анықтайды.

  6. Бағыттамалы желінің жеке бөліктерінің тозу шамасын өлшейді.

  7. Көпірлер, туннельдер мен оларға кірер жердегі жолдардың құрылымын жасайды.

  8. Құрылыс пен жылжымалы құрамның жақындау габариттерін; жолдардың қиылысы мен бағыттамалары келуді біледі.

БҚ17. Темір жол жолдарының негізгі элементтері туралы түсінікке,жылжымалы құрам түрлерін, бөлек тармақтарының, поездар қозғалысының жүйе аралық реттеуін және темір жолдарын электрмен жабдықтау туралы түсініктеме білу.

ЖКМ.12. Темір жолдардың жалпы курсы

Осы модуль жолдардың құрылымы, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу туралы білім алуға мүмкіндік береді.

Модульді оқып білген кезде оқушылар келесі білімді меңгеруі тиіс:

Теміржолдың сипаттамасы: жүк қауырттылығы, білік жүктемесі, пойыз қозғалысының жылдамдығы. Жол шаруашылығының сипаттамасы мен теміржол көлігі жүйесіндегі оның рөлі. Жол шаруашылығын дамытудың жалпы міндеттері. Барынша дамыған мемлекеттердегі теміржол жұмысы шарттарының сипаттамасы.


Оқыту нәтижесі:1) Теміржол көлігі туралы жалпы деректерді білу

Бағалау өлшемдері:

1.Көліктің маңыздылығын, оның түрлері мен дамуын біледі.

2.Теміржол көлігін басқаруды ұйымдастыру туралы біледі.

3.Теміржол көлігінің жұмысшыларына қойылатын техникалық пайдалану ережелерінің талаптары мен жалпы міндеттерін біледі.


Оқыту нәтижесі: 2) Теміржол жолдарының пішінін анықтау.

Бағалау өлшемдері:

1.Теміржол желілерінің жоспары мен пішінін жасайды.

2.Теміржолдың жер төсемін ажырата біледі.

3.«Жасанды ғимарат» түсінігін береді.

4.Теміржолдың жоғарғы құрылымын біледі.

5.Рельстік жолдардағы қосылыстар мен қиылысты біледі.

6.Жол шаруашылығы рөлін түсінеді.

7.Теміржолды жөндеу алгоритмін баяндай біледі.


Оқыту нәтижесі: 3) Жылжымалы құрамының құрылымы мен оның мазмұнын анықтау

Бағалау өлшемдері:

1.Жер төсемін жөндеуге арналған машиналар туралы жалпы деректерді біледі.

2.Жолды балластау мен көтеруге арналған машиналар туралы жалпы деректерді біледі.

3.Балласты тазалауға арналған машиналар туралы жалпы деректерді біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет