Білім және ғылым министрінің



бет1/3
Дата07.09.2020
өлшемі176 Kb.
#77497
  1   2   3
Байланысты:
оку багдарлама 10-11 сынып



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің



2017 жылғы «27» шілдедегі

352 бұйрығына 206-қосымша
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 424-қосымша

Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
«
Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (қоғамдық-гуманитарлық бағыт,

жаратылыстану-математикалық бағыт)


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.



2. «Дене шынықтыру» пән ретінде жалпы білім беретін мектепте маңызды рөл атқарып, оқушының жалпыадамзаттық мәдениет саласында өзін-өзі белсенді шығармашылық көрсетуге дайын тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

3. Оқу пәннің мақсаты: оқушылардың бойында өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға қажеттілікті қалыптастыру, дененің физикалық және психикалық қасиеттерді жүйелі дамыту, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық тұрғыдан қолдану.



4. Оқу пәннің міндеттері:

1) денсаулықты нығайту, негізгі дененің физикалық сапаларын дамыту және ағзаның қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру; базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық әрекеттерін жетілдіру;

2) өз денсаулығына қамқорлықпен қарау, оны нығайту және сақтау қажеттіліктерін тәрбиелеу;

3) дене шынықтыру және спорттың пайда болу тарихы мен даму ерекшеліктері, салауатты өмір салтын дамытудағы рөлі туралы білім деңгейлерін игеру;

4) оқу және жарыс кезіндегі ұжымдық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты орындау және жеке тұлғаның оң қасиеттерін тәрбиелеу.

5. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту процесінде білім алушыларға:

1) жеке тазалық ережелерін сақтау қажеттілігін түсінуге; пәндік білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын күнделікті өмірлерінде қолдануға;

2) дене жаттығуларының адамның физикалық және энергетикалық жүйелеріне әсерін білуге;

3) жеке бас пен моральдық-өнегелілік қасиеттерін дамытудың маңыздылығын және әділ бәсекелестік пен өздерін үздіксіз дамытудың қажеттілігін түсінуге;

4) өзінің физикалық дамуын жетілдіруде қимыл-қозғалыс құзыреттіліктерін жақсарту қажеттіліктерін бағалауға; жалпы, кәсіптік-қолданбалы және сауықтыру-түзету бағытындағы дене жаттығуларымен шұғылданудың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.

2-тарау. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
6. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 10-сынып – апасына 3 сағат, барлығы 102 сағатты;

2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы 102 сағатты құрайды.

7. Оқу бағдарламаның құрылымы мен мазмұны екі бөлімнен тұрады:

1) «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент);

2) «Денені жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

8. «Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктеріне сәйкес:

1) «Қазақстандағы спорт пен дене шынықтырудың даму тарихы»;

2) «Қазіргі қоғамдағы спорт және дене шынықтыру»;

3) «Адамның дене мәдениеті» тақырыптарын қамтиды.

Бөлімде Қазақстандағы спорт пен дене шынықтыруды дамытудың, республикадағы ұлттық спорт түрлерінің қалыптасуы, қазіргі қоғамдағы дене шынықтыруды дамытудың негізгі бағыттары, белсенді демалысты ұйымдастыру жолдары және дене шынықтыру құралдарының көмегімен адам денсаулығын нығайту тәсілдері туралы мәліметтер енгізілген. Бұл бөлімде дене және спорттық дайындықтардың негізгі түсініктері, өз бетімен дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуды ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері жан-жақты ашылып көрсетілген және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілген.

9. «Денені жетілдіру және шеберлік» бөлімі білім алушылардың дене шынықтыру және тактикалық даярлықтарын шыңдауға бағытталған және аталған бөлімде арнайы дене дайындығы құралдары туралы ақпараттар берілген. Бағдарламада арнайы құралдар ретінде қолданбалы маңызға ие болатын базалық спорт түрлерінің (гимнастика негіздері, жеңіл атлетика, спорт ойындары, шаңғы және жүзу) дене жаттығулары мен қимыл-қозғалыс әрекеттері ұсынылады.

10. Оқу бағдарламасы дене шынықтырудың базалық және вариативті компоненттерінен тұрады. Базалық (инварианттық) компонент ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын айқындайды.

11. Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі спорттық ойындарды тереңдетіп оқыту мақсатында оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын қолдануға және енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонентті нақты білім беру ұйымы, материалдық базасы мен өңірдің орналасу ерекшеліктерін, білім алушының қызығушылықтарын және оқытушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескере отырып дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.



12. Бағдарлама талаптарына және әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері мен жыныстық даму ерекшеліктерін бағамдай отырып, мұғалім өздігінен жеке талаптар қойып (қорытынды тапсырмалар), талаптардың өзіндік шкаласын құруына және сол бойынша білім алушылардың жылдық үлгерімдерін бағалауына болады. Бұл тәсілді қолдану дене шынықтыру мұғаліміне оқыту-үйретудің барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.

13. Орта мектептегі дене шынықтырудың педагогикалық жүйесін ұйымдастырудың негізгі түрлері:

1) дене шынықтыру сабақтары;

2) оқу күндерінде ұйымдастырылатын дене тәрбиесі және сауықтыру іс-шаралары;

3) спорттық жарыстар мен мерекелік шаралар;

4) спорттық үйірмелер;

5) дене жаттығуларымен өздігінен шұғылдану (үй тапсырмалары).

Дене шынықтыру сабақтары білім алушылардың дене шынықтыру пәнінің мазмұнын игеру процесіндегі іс-әрекеттерін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.

14.«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында білім алушыларды білім беру ұйымының медицина қызметкері арнайы медициналық топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады. Осы топтарды арнайы профилактикалық бағдарлама бойынша аурудың түріне байланысты оқытады.

15. Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.

16. Орта білім (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім) берудің Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес бағдарламада білім алушыларды гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабағын (қалалық жерде – әрбір топта 8-ден кем емес ұлдар (немесе қыздар), ал ауылдық жерде – 5-тен кем емес ұлдар (немесе қыздар) болғанда) жеке оқыту қарастырылған. Оны оқу процесін ұйымдастырған кезде ескеру қажет.

17. Дене шынықтыру бойынша сабақ өткізу процесінде пәнаралық байланыс іске асырылады:



1) «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі»: сөз қорын дене шынықтыру саласында қолданылатын терминдермен толықтыру;

2) «Физика»: «механикалық жұмыс», «ауаның қарсылығы», «дене салмағы», «біркелкі емес және біркелкі сырғу», «қуаттылық» секілді түсініктер бойынша қабылданған білім деңгейін қолдану;

3) «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия»: ұзындықты, биіктікті, жылдамдықты, қашықтықты, уақытты есептеу, ұзындық пен биіктікке секіру үшін жүгіруді есептеп шығару;

4) «Биология»: шылым шегу мен алкоголдік ішімдік ішудің ағзаға тигізетін зияны туралы, зат алмасу процесі туралы материалдарды қолдану;

5) «Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы»: олимпиадалық қозғалыс тарихы; қазақтың ұлттық ойындарының пайда болу тарихы;

6) «География»: көкжиек тұстарын білу, жергілікті жерлерде түрлі белгілер және карта бойынша бағдарлай білу біліктілігі;

7) «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»: саптық жаттығуларды пайдалану; кедергілер жолағынан өту; өмірлік маңызы бар қимыл-қозғалыс дағдылары мен біліктілікке, оларды түрлі жағдайларда қолдана білуді оқыту және үйрету; патриотизмді және өз Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

18. «Дене шынықтыру» оқу пәнінің мазмұны. 10-сынып.

1) Тақырыптық жоспар «Бағдарламаның бөлімдерінің жылдық сағаттар санын тоқсандарға бөлу».


Бағдарлама бөлімдері

Бағдарлама бөлімдері


Оқу тоқсандары. Сағаттар саны



1
1

2

3

4

Σ

Базалық

1. Жеңіл атлетика

7

-

-

7

14

2. Спорт ойындары

15

8

15

7

45



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет