Білім және ғылым министрлігі кітапша мәтінін қазақ тіліне аудару үшін: Кітапшаның алғашқы беті: «Білім беру туралы толғандыратын 12 сұрақтар»



бет1/3
Дата29.01.2018
өлшемі1,14 Mb.
  1   2   3
Білім және ғылым министрлігі кітапша мәтінін қазақ тіліне аудару үшін:
Кітапшаның алғашқы беті:

«Білім беру туралы толғандыратын 12 сұрақтар»

Жаңартылған орта білім беру мазмұнына көшу

• Мектептегі бес күндік оқу аптасы

• 12 жылдық оқыту моделіне көшу

• Оқыту орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі

• Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі

• 2019 жылдан бастап 10 және 11-сыныптарда ағылшын тілінде оқытылатын пәндерді енгізу

• Бірыңғай оқулықты енгізу

• Оқу бейнематериалдары

• Шағын жинақты мектептермен жұмыс

• ҰБТ-дағы өзгерістер

• Мұғалімдердің жүктемесі

• Мұғалімдермен тікелей байланысу және мектептердің есеп беруін азайту

Шығарылу мерзімі: 01.08.2016.
Кітапшаның ішкі беттері:

Жаңартылған орта білім беру мазмұнына  көшу

Жаңартылған білім беру мазмұны не үшін қажет?

Себебі бүгінгі бала, еліміздің ертеңгі маманы 21 ғасыр жағдайындағы еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және табысты болуы қажет.

Біз бүгінгі күні балаларға нені үйретсек те, оқу және жазу дағдылары болсын, математикалық, қаржылық, мәдени және азаматтық сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы білімі болсын – мұның барлығы күнделікті өмірдегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Неғұрлым күрделірек міндеттерді шешу үшін классикалық білім берумен қатар, оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық ойлауын, топта жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту қажет. Балалардың бойында білуге құмарлық, белсенділік, тұрақтылық, көшбасшылық қабілеттерін, әлеуметтік және мәдени хабардар болуын дамыту қажет. Мұның барлығы классикалық білім берумен қатар, жаңартылған мектептік білім беру мазмұнына кіреді.

Елімізде осындай оқу бағдарламаларын әзірлеу және апробациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Біз бұл жұмыспен бес жылдан астам уақыт бойы айналыстық. Бағдарламалар 30 пилоттық мектептерде апробациядан табысты өтті. Бұлар кәдімгі қалалық, ауылдық, шағын жинақты мектептер. Барлық жерде бейімделген бағдарлама бойынша оқыту оң нәтижесін байқатты. Біз осы мектептердегі мұғалімдердің, оқушылардың ата-аналардың жақсы пікірлері мен қолдауларын алдық. Мұғалімдерге оқыту жеңілдене түсті.

Қосымшалар:

1. Классикалық білім беру білім мен ұғынуға бағытталған. Жаңарту – қолдану, талдау, жинақтау және бағалай білу.

2. Дамыған мемлекеттер мектептегі жаңартылған білім беру мазмұнына ХХ ғасырдың 80-90 жылдарында өте бастаған.
Бес күндік оқу аптасы

Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізумен қатар, кезең-кезеңімен бес күндік оқу аптасына көшу жүзеге асыралады. Оқушылар мен мұғалімдерге қосымша 34 демалыс күні беріледі. (сенбі).

Жаңартылған білім беру мазмұнына және бес күндік оқу аптасына көшу кестесі төмендегідей:

2016 жылдың 1 қыркүйегі – 1-сынып;

2017 жылдың 1 қыркүйегі - 1, 2, 5, 7-сыныптар;

2018 жылдың 1 қыркүйегі - 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 10-сыныптар;

2019 жылдың 1 қыркүйегі - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптар.

Оқу жылын ұзартуға жол бермеуге барлық күшімізді салу қажеттігін біз жақсы түсінеміз. Оқу жоспарларын түзету жұмыстарымен оқытушылар мен әдіснамашылар арасынан құрылған топтар жұмыс жасауда. Биылғы жылғы бірінші сынып оқушылары оқу жылын 2017 жылдың 30 мамырынан кеш аяқтамайды. Бес күндік оқу аптасына көшуге байланысты барлық бастауыш мектеп оқу жылын осы мерзімде аяқтауға тиісті, ал негізгі және жоғары мектеп оқушылары 10 маусымнан кеш аяқтамайды.


12 жылдық оқыту моделіне көшу

Енгізу алгоритмі өте қарапайым. 5-6 жастағы балалар үшін нөлдік (0) сынып енгізіледі, мектепалды даярлық. Осылайша, 12-сынып деген болмайды. 12 жылдық білім беру сызбасы 0 сынып + 11 сынып қағидаты бойынша енгізіледі.

12 жылдық білім беру сызбасын биылғы жылы да емес, келесі жылы да емес 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізу жоспарланып отыр.

0-сыныпқа (даярлық) балаларын 5 немесе 6 жастан бастап беруге ата-аналардың таңдау құқығы бар. Осыған орай, ата-аналардың қалауына және балалардың дайын болуына байланысты 1-сыныпта 6 жастағы да және 7 жастағы да балалар оқиды.

Бүгінгі күні «Білім туралы» ҚР Заңында бұл норма қарастырылған. Барлық балалар мектепалды даярлық бағдарламасынан өтуі қажет.

12 жылдық білім берудің мәні 0-сыныпқа (мектепалды) арналған бірыңғай үлгілік білім беру бағдарламасын енгізуден тұрады. Мектепте қажетті жағдайлар жасалғанда және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және мектепте 0-сыныптан өту мүмкіндігі сақталады.

Бекітілген МЖМБС -ті өзгерту жоспарланбаған.

Қазіргі таңда 0-сынып балаларын оқытудың апталық жүктемесі вариативті бөлігін қосқанда 22 сағаттан аспауға тиіс.

Биылғы жылы кадрларды даярлау процесі басталады.

Жоғары сыныптарда (10-11-сыныптар) қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану -математикалық бағыттарында пәндердің бейімделуі бүгінгі күнгі сияқты сақталады.


Оқыту орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін жаңаша оқыту әдістемесі

Жыл өткен сайын қазақ тілінің жағдайы жақсара түсуде. 70%-дан астам оқушылар оқыту қазақ тіліндегі мектептерде оқиды. 2016 жылы мектеп бітіруші түлектердің 72% -ы ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсырды.

38 мыңнан астам ұлты қазақ емес балалар қазақ мектептерінде білім алуда. Өкінішке орай, бұған қарамастан оқыту орыс тіліндегі мектептерде балалар қазақ тілін 11 жастан бастап оқиды, күнделікті өмірде оны қолданбайды. Мәселе оқыту әдістемесінде екені түсінікті.

Біз мұны өзгерту міндетін қойдық. Сондықтан, Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДБҰҰ, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары бірлесе отырып, орыс тілді балаларды қазақ тілінде қарым-қатынас жасау үшін жаңа әдістемені және жеделдетілген жаңа оқулықтарды әзірлейді. Қолданыстағы грамматикалық-аударма оқыту тәсілін «коммуникативті әдістеме» деп аталатын тәсіл алмастырады.

Жаңа оқулықтармен еліміздің барлық мектептері міндетті түрде қамтамасыз етіледі. 2016 жылдың аяғында «Баршаға арналған қазақ тілі» жаңа әдістемесі дайын болады. 2017 жылдан бастап оны оқыту орыс тіліндегі мектептерге енгізіле бастайды.

Негізгі акцент ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа жасалатын болады. Оқулықтар, электронды қосымшалар кең қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестері бойынша әзірленеді. Олардың барлығы қазақ тілінің жиілік сөздігіне жинақталған. Бұл сөздерді жеңіл түсінуге және қолдануға болады.

Бірінші деңгейде балалар қарым-қатынас жасау үшін ең қажетті сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді. Келесі деңгейлерде біртіндеп сөз саны көбейе береді, сөздер мен сөз тіркестері күрделене түседі. Бала оны күнделікті өмірде үнемі қолдануы қажет. Екінші тілді оқытудың барлық психологиялық кедергілері алынып тасталады және меңгеру үздіксіз болады. Балалар жаңа әдістеменің нәтижесі бойынша қазақ тілінде ауызша да, жазбаша да еркін қарым-қатынас жасай бастайды.

Тілді білуін бағалау үшін КАЗТЕСТ-ке ұқсас бағалау қолданылады. Ол 8 жылдан бері мемлекеттік қызметке тұрарда және «Болашақ» бағдарламасы бойынша қабылдауда апробациядан өткен.



Қосымша:

1.Қазақ тілі әркімге және баршаға!

2. Жаттама, сөйле!
Ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесі

Қазақ тілін оқытудың жаңаша әдістемесіне сәйкес ағылшын тілін оқытудың замануи әдістемесі енгізіледі. Әдістеменің мәні - коммуникативтік оқытуға көшу.

Аталған әдістеме бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту аясында енгізілді және 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-сыныпта қолданылады. Жаңа әдістеме негізінде жасалған оқулықтар дайын және ағылшын тілі мұғалімдері курстан өтті.

2017 жылдан бастап аталған әдістемені 2,5,7-сыныптарға енгізу жоспарлануда. Осыған сәйкес ағылшын тілі мұғалімдері біліктілігін арттырады.

Жыл сайын Білім және ғылым министрлігі ағылшын мұғалімдерін және пәндерді ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдеді қайта даярлау үшін 10 мың орын бөледі.

2016 жылдың күзінде мұғалімдерді ағылшын тілінің заманауи әдістемесіне үйрету басталады. Үш жыл бойы осы шара жүргізіледі.

Тілді меңгеру деңгейі бойынша өндірістен қол үзіп тілдік біліктілікті арттыру 1 айдан 5 айға дейін өткізіледі. Мұғалімнің жалақасы сақталады және жату орны мен іссапар шығындары төленеді.

Қазақстанның барлық облыс орталықтарында тілдік орталықтар ашылады.

Еліміздің барлық мектептері міндетті түрде жаңа оқулықтар және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі:

2016 жылғы 1 қыркүйек – 1-сынып;

2017 жылғы 1 қыркүйек - 1, 2, 5, 7-сыныптар;

2018 жылғы 1 қыркүйек - 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 10-сыныптар;

2019 жылғы 1 қыркүйек - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптар.

2016-2019 жылдардағы көшу кезеңінде ағылшын тілі пәнінің жаңа оқулықтарын ол сыныптарда міндетті болмаса да қосымша оқулық ретінде қалған сыныптарға да қолдануға құқық беріледі.



Қосымшалар:

1. «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын –жаһандық экономикаға табысты бірігу тілі». Н. Назарбаев.

2. Еуропалықтардың 54% ең кемінде бір шет тілін меңгерген, оның ішінде екі тілді 25%, үш тілді 10%.
2019 жылдан бастап 10-11-сыныптарда пәндерді ағылшын тілінде оқытуды енгізу

Қазіргі таңда әлемде адамдардың басым бөлігі (2016 ж. - 1,5 миллиард) ағылшын тілінде сөйлеседі. Әлемде интернет желісінің жартысынан астамына (55,7%) ағылшын тілінде қол жеткізуге болады.

Қазақстанда ата-аналардың көпшілігі (81%) балаларының ағылшын тілін білгенін қалайды. Бірақ 34% ата-ана ғана осы бағытта балаларына барлық жағдайларды жасайды (тілдік курстарға қатысу). Ата-аналардың 27%-да ондай мүмкіндіктер жоқ. Олар өздерінің үмітін мектеппен байланыстырады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылға қарай барлық техникалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындары ағылшын тілінде оқытуға көшеді. Сондықтан барлық мектептер дайын болуы тиіс.

2019 жылдан бастап 10 және 11-сынып оқушыларын техникалық және медициналық мамандықтар ағылшын тілінде оқытылатын қазақстандық жоғары оқу орындарына түсуге дайындық жұмыстары басталады (Назарбаев Университет, KIMEP, ҚБТУ принциптері бойынша). 2019 жылға дейін біз кадрларды даярлаумен айналысатын боламыз.

4 пәнді ағылшын тілінде оқытуды енгізу кезең-кезеңімен, мұғалімдердің және оқушылардың дайындығына байланысты енгізіледі.

2016 жылдан 2019 жылға дейін 10-11-сыныптар үшін пән мұғалімдері мен ағылшын тілі мұғалімдерінің дайындығы жүргізіледі. Пәндерді оқыту өзгермейді: оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілінде, ал орыс тілді мектептерде – орыс тілінде жалғастырылатын болады.

2019 жылдан бастап 4 пәнді ағылшын тілінде оқыту тек қана 10-11-сыныптарда жүргізіледі.  1-9-сыныптарда оқыту жүйесі өзгермейді.

9-сыныпта негізгі орта білім аяқталатынын Сіздер жақсы білесіздер, оқушы оны оқыту тілінде аяқтайды (қазақша/орысша).

9-сыныптан кейін оқушылар үш бағыттың біреуін таңдайды: колледжге түсу, жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағытты. Қазіргі таңда осылай. Бірақ, 2019 жылдан бастап қоғамдық-гуманитарлық бағытты таңдаған оқушыларға – 2 пән ағылшын тілінде оқытылады (STEM (кіріктірілген оқыту) және АКТ), тек аптасына 2 сағат. Жаратылыстану-математикалық бағытты таңдаған оқушыларға – 4 пән (физика, химия, биология және информатика) ағылшын тілінде жүргізіледі.



(
жаратылыстану-математикалық бағыт

  • STEM

(пәндерді кіріктіріп оқыту) -1с.

  • АКТ – 1 с.



пәндерді ағылшын тілінде оқыту

қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Жаңа әдістеме бойынша ағылшын тілін оқыту

10-11 сыныптарда жалғастыру

колледжге

9- сыныпты аяқтау

1-9- сынып



Бірыңғай оқулықты енгізу

Бірыңғай базалық оқулықтар:

- бюджеттік қаржыны үнемдеу, өйткені құқық мемлекетке берілген;

- оқулықтарды жергілікті жерлерге жеткізу жылдамдығын ұлғайту;

- оқулықтардың мазмұнын тұрақты түрде жақсарту;

- қосымша сандық ресурстармен онлайн қолдауды қамтамасыз ету.

Бірыңғай базалық оқулықтарды енгізу 2016-2017 оқу жылынан бастап Қазақстанның барлық мектептерінде басталатын болады. Бірыңғай базалық оқулықтар жаңартылған мазмұн аясындағы көшу кестесіне сәйкес енгізіледі:

2016 ж. 1 қыркүйек – 1-сынып;

2017 ж. 1 қыркүйек - 1, 2, 5, 7-сыныптар;

2018 ж. 1 қыркүйек - 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 10-сыныптар;

2019 ж. 1 қыркүйек - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-сыныптар.

Мектепте пайдалануға рұқсат берілген қосымша әдебиеттердің тізімі кеңейтілетін болады.



Қосымша: республика бойынша бірыңғай оқулықтар оқушылардың білім деңгейін теңестіреді.
Оқу бейнематериалдары

Бейнематериалдар оқу процесінде дәстүрлі құралдардың тиімді қосымшасына айналады. Білім беру процесін көрнекті және есте қалатындай етуге мүмкіндік береді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырады.

Қазіргі кезде 700 мектеп шетелде және Қазақстанда әзірленген оқу бейнематериалдарын қолданады, мысалы, БілімLand. Қолданушы мұғалімдердің пікірінше нәтижесі өте жоғары.

Бейнематериалдар мен интерактивті тапсырмаларды күнделікті қолдану үшін 2016-2017 оқу жылынан бастап Министрлік барлық мектептерді техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр (экран, проектор, компьютер). Бірінші кезекте аз қамтылған мектептерді қамтамасыз етеді.



Интернет желісіне қосылмаған мектептерде сандық ресурстар мектептердің серверлеріне орналастырылады және дүркін-дүркін жаңартылып тұрады.

Қосымша: Бейнематериалдар мұғалімді ауыстыра алмайды, олардың көмекшісі ғана бола алады.

ауыл мектептерінің оқушылары қалалық оқушылармен тең сапалы сабақтарға қол жеткізеді

оқушыға бейнематериал-дарды меңгеруге көмектеседі



Шағын жинақты мектептермен жұмыс

Шағын жнақты мектептер (ШЖМ) – халық тығыздығы төмен елдердің жүйелі проблемасы: Канада, Австралия, Ресей, Қазақстан және басқалары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ірі қалалық және шағын жинақты мектептердің оқушыларды дайындауы мен оқыту сапасын теңестіру міндетін алға қойып отыр.

Қазіргі таңда Қазақстандағы мектептердің 44%-ы шағын жинақты мектептер болып табылады. Бұл мектептерде оқушылардың 7,8%-ы оқиды. Шағын жинақты мектептерде 55 мың педагог жұмыс істейді (17%). Бүгінгі күні 463 шағын жинақты мектептерге бекітілген 148 ресурстық орталықтар құрылған.

Министрлікте ШЖМ-нің проблемаларын шешу үшін 4 бағыт бар:


  1. электрондық контентті пайдалану:

  • 2020 жылға таман мектептердің 100%-ы АКТ-ны қолданатын болады;

  • барлық шағын жинақты мектептер тіпті Интернетке кіру мүмкіндігінсіз-ақ электрондық контентпен қамтамасыз етілетін болады;

  • мектептер, және бірінші кезекте шағын жинақты мектептер 50 мың бейне экранмен, БілімLand-ты қоса есептегенде бейне және инерактивті материалдар орналастырылған проекторлар және компьютерлермен қамтамасыз етіледі (3 тілдегі 40 мыңнан астам бейнесабақтар мен интерактивті тапсырмалар);

  • БілімLand материалдары және құралдарымен жабдықтау 2016 жылдан басталады.

  1. педагогтерді даярлау:

Министрлік аралас пәндер бойынша біріктірілген сыныптарға арналған мұғалімдерді даярлау мәселелерін шешетін болады. Ауылдық мектептерге ерекше көңіл бөлінетін болады;

  1. жас кадрларды тарту:

Мектептерге жас мамандардың келіп орналасуы, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау есебінен қамтамасыз етілетін болады;

  1. қол жетімділікті ұлғайту:

  • 2020 жылға дейін ресурстық орталықтар саны 200 бірлікке дейін жеткізілетін болады;

  • мектептері жоқ ауылдарда тұратын балаларды мектепке және кері тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғастырылады;

  • қажеттілігі бар өңірлерде мектеп жанындағы интернаттар салу жұмыстары жалғастырылады.

Кірістірме: Мемлекеттік саясат оқыту сапасының бұзылуын азайтуға бағытталған.
ҰБТ-дағы өзгерістер

2004 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген Ұлттық біріңғай тестілеу (ҰБТ) рәсімі енгізілді, өз міндетін орындады: сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойды, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етті және жоғары оқу орындарына түсуге тең жағдайлар жасады.

Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылдан бастап жоғары оқу орынына түсу үшін шекті деңгейден аса алмағандарға ҰБТ-ны ақылы негізде бірнеше рет қайта тапсыруға рұқсат берілді.

2017 жылғы түлектер үшін ҰБТ-ы екі рәсімге бөлінеді: мемлекеттік емтихан түріндегі мектептердегі қорытынды аттестаттау және ҰБТ таңдауы бойынша мамандағына байланысты 14 пәннің екі бағдарлы пәндері бойынша өткізіледі. Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің www.control.edu.gov.kz.сайтында орналасқан.

Мемлекеттік және орыс тілдері мектепте білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде пәндер тібесіне енгізілетін міндетті пәндер болып табылады.

ҰБТ бұрынғыдай тестілеу түрінде, ҰБТ-ны өткізу орталықтарында өткізілетін болады. ҰБТ-ны қайта тапсыру құқығы сақталады.

Сол себепті, қолданылатын шаралар оқушыларға моральдық-психологиялық проблемалардан басқа, ҰБТ-ның оңтайлы жүйесін жасауға мүмкіндік береді; жоғары оқу орындарына сапалы және әділ іріктеуді қамтамасыз етеді.

Ұсынылып отырған формат талқылау 2016 жылғы 1 қазанға дейін жалғасатын болады. Оның қорытындысы бойынша соңғы шешім қабылданады.


Мұғалімдердің жүктемесі

Бастауыш мектеп мұғалімдерінің стандартты апталық жүктемесі 18 сағатты құрайды.

Әрбір мектепте оқу жүктемесін бөлу жағдайға байланысты мектеп басшылығымен жүзеге асырылады.

Бастауыш сыныптарда мұғалім үш пәннен, яғни барлық мектептерде ағылшын тілі, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен басқа барлық негізгі пәндерді жүргізуге құқығы бар.

Бастауыш мектеп мұғалімінің апталық жүктемесі 18-19 сағатты құрауы мүмкін: сауат ашу – 6 с., математика – 4 с., жаратылыстану (жаңа пән) – 1 с., дүниетану – 1 с., музыка – 1 с., өзін-өзі тану – 1 с., көркем еңбек – 1 с., дене тәрбиесі – 3 с., вариативті компонент (дамыту сипатындағы сабақтар) – 2 с.

«Жаратылыстану» пәні енгізіледі, ол оқу жүктемесінің бір сағатынан тұрады.

2016 жылдың басынан бастап «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту кезінде топтарға бөлінетінін ескеріп, оны 1-сыныпта сертификаты жоқ мұғалім оқу жылы аяғына дейін сертификатты алатын болған жағдайда оқыта алады. 1-сынып мұғалімі қосымша сағатты үлгілік оқу жоспарының вариативті компоненті есебінен алуы керек.

Көркем еңбекті мұғалім сертификатсыз оқытуға құқығы бар.

Жаңартылған білім мазмұнына көшу кезінде қалған сыныптарға арналған 2017-2018 оқу жылына арналған оқу жүктемесі есептелуде және осы жылдың соңына дейін 2-ші, 5-ші, 7-ші сыныптарға беріледі.

Осыған байланысты, сағаттардың жалпы саны бұрынғы қабылданған нормативтер шегінде қалады.


Мектептердің есептілігін азайту

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талдауы білім басқармаларына мемлекеттік ұйымдар мен жеке тұлғалардың өтініштері мен хаттарының саны кейде жылына 9 мыңға дейін жетеді.

Біз жағдайды түбегейлі өзгертуге тиіс екенін жақсы түсінеміз.

Біз 4 проблеманы көріп отырмыз:



  1. есептердің артықтығы;

  2. деректерді қайталау (әртүрлі есептердегі бірдей деректер);

  3. деректерді артығымен маңыздандыру (жаңа деректерді жеке сұрау);

  4. барлық мемлекеттік ұйымдар мектепке тікелей шығуға құқылы.

Министрлік мынадай барлық бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  1. «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен әкімшіліктер үшін біртұтас деректер базасы ретінде ДБҰҚ дамытады.

  2. ДБҰҚ есептерінде қайталауды болдырмау үшін басқа мемлекеттік ұйымдардың сұранысы бойынша деректерді қалыптастыру үшін 12 жаңа көрсеткіштер қосымша енгізіледі.

  3. шамадан артық проблемаларды шешетін ДБҰҚ-ты жаңарту бойынша жылына 2 рет (қазан, наурыз) талаптар енгізіледі.

  4. «Күнделік» атты электронды күнделігін енгізу мектептердегі академиялық есептілікті толтырудан толық құтылуға мүмкіндік береді. 2017 жылы барлық мектептерде «Күнделік» электронды күнделігі енгізілетін болады. Бұл үш жылдың ішінде дәстүрлі қағаз құжаттамадан (сынып журналы) кезең-кезеңімен бас тартуға мүмкіндік береді.

Кірістірме: «Есеп толтыруға емес, мұғалімдерге оқытуға, дәрігерлерге – емдеуге мүмкіндік беріңдер» Н. Назарбаев.
Мұғалімдермен тікелей байланыс

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен мұғалімнің ақпаратты тікелей алып және білім берудің даму жоспарын түсінуі, сондай-ақ хабардар болуы өте маңызды.

Әрбір мұғалімнің Е-mail осындай мүмкіндікті береді.

2016 жылы шілдеден бастап Министрлік мұғалімдерге білім беру бағдарламалары бойынша толық ақпараттармен және ең маңызды тақырыптар бойынша басқа да өзекті сұрақтармен е-mail бойынша жүйелі түрде байланысуды тәжірибеге енгізді.

Бізге одан әрі нақты шешімдер қабылдау кезінде Сіздердің пікірлеріңізге сүйену маңызды.

Бізге жиі қойылатын сұрақтарға жауап беретін боламыз. Біз диалогқа сіздердің белсене қатысуларыңызға сенеміз.



Кітапшаның соңғы беті:

Бұл кітапша мемлекеттік қызметкерлерге көмек көрсетеді – ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық округтің әкімдеріне, білім басқармаларының басшыларына – білім беру туралы қойылған халықтың сұрағына нақты және түсінікті жауап беруге қолайлы болу үшін ең маңызды 12 сұрақтаы атап көрсеттік.

Толғандыратын сұрақтар бойынша ҚР БҒМ Call-орталығына шығыңыздар: +7 (7172) 74-24-11.


Каталог: uploads -> docfiles
docfiles -> Жалпы білім беретін ұйымдар оқушылары арасында аймақтық Әбіш оқуларының байқауын дайындау және өткізу ережесі
docfiles -> Байпақов Шаймұрза Жаңайұлы
docfiles -> Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы
docfiles -> Маңғыстау облысының білім басқармасының 26. 12. 2015ж. №4 алқа шешімімен бекітілді
docfiles -> Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сайлауалды Бес институционалдық реформасы «100 нақты қадам»
docfiles -> Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы ақпарат Маңғыстау облысының білім басқармасы Маңғыстау облысының «Маңғыстау облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015жылдарға арналған іс-шаралар жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу