Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F.(Tortrisidae –тұқымдасы, Lepidoptera – қабыршақ қанаттылар отряды).
Есейген құрттардың денесінің ұзындығы – 12 мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді.құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды.Бұршақтың ішіне еніп, дәнді кеміреді.
Күресу шаралары.Бұршақты бұршақ жеміріне қорғаудың тиімді жақтарының бірі – ерте және қысқа мерзім ішінде жинау, бұршақты сүдігер жырта өңдеу, өсімдік қалдықтарын құрту.
Бұршақ қоңызы – Bruchus pisorim L.( Coleoptera – қоңыздар отряды.
Bruchidae – дәнектер тұқымдасы). Қоңыздарының бүйірінің алдынғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан.Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. Денесінің ұзындығы 4,5-5 мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл сары, ұзындығы – 5-6 мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді.
Күресу шаралары.Егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Аңыздарды сыдыра жырту, топырақты терең өңдеу қоңыздар мен дернәсілдердің едәуір жойылуына әкеледі. Қойма орындарында тұқымдарға газбен өңдеу және салқындату жұмыстарын жүргізу қажет. Егер шанақтану кезінде энтомологиялықаулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.
Үрме бұршақ қоңызы – Acantoscelides obtectus Say. (Coleoptera – қоңыздар отряды, Bruchidae – дәнектер тұқымдасы).
Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы – 3-3,5 мм құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсілінің денесінің түсі ақ, иілген, оны қылшықтар жапқан, ұзындығы 5 мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салынады. Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т.б бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы бетінде бірнеше шығу тесіктері болуы мүмкін.
Күресу шаралары.Бұршақ қоңызының күресу шараларына ұқсас.
Бұршақ немесе акция көбелегі – Etiella zinckenelle Tr.(Lepidoptera – қабыршақ қанаттылар отряды, Phicitidae – қара күйе тұқымдасы). Құрттың денесінің ұзындығы – 15-20 мм басы сары қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр жасыл, қоңырлау немесе ақшыл қызыл болып келеді. Құт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде және түнде ұшады.Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ бріп дамиды. Бірінші ұрпақ акцияда, бұршақта, сиыр жоңышқада, чинада дамиды. Екінші және үшінші ұрпағы сояға люпинге, жазғы мезгілде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады.
Күресу шаралары. Бұршақ тұқымдастарының егісін ақ және сары акциядан кеңістікті изоляциялау керек. Құрттарды құрту үшін бұршақты жинағаннан кейін топырақты терең сүдігер жыртудың маңызы бар. Жаппай жұмыртқа салу және құрттардың жұмыртқалардан шығу кезінде инсектицидпен бүрку жұмыстарын жасау қажет.
Тапсырмалар:
1. Бұршақ бітенің, бұршақ және үрме бұршақ қоңызының, түйнекті бізтұмсықтың, акция көбелегінің даму циклімен және өсімдіктің залалданған нышандары мен зерттеп танысу.
2. Бір жылдық бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын қарастырыңыз.
3. 7 кестені жазып толтырыңыз.
Бұршақ тұқымдас дақылдарының зиянкестері
Түр, жүйелі орны
|
Зақымдайтын дақылдары, зиян келтіретін кезеңі
|
Зияндығы
|
Қысқаша биологиясы
|
Күресу шаралары
|
|
|
|
|
|
Бақылау сұрақтары:
1. Бұршақ тұқымдас дақылдарды зақымдайтын фитофагтардың түрін және отряды мен тұқымдасын сипаттаңыз.
2. Бұршақ бітенің дамуы мен көбеюінің ерекшелігі қандай?
3. Бұршақ тұқымдас дақылдардың қатты қанаттылар отрядына жататын фитофагтардың даму циклін және зақымдауының өзгешелігін сипаттаңыз.
4. Бұршақ жемісжемірі мен бұршақ немесе акция көбелегінің биологиясының ерекшелігін және оның зияндылығын көрсетіңіз.
5. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғаудың шараларын тізіп сипаттаңыз.
Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус – phytonomus uariabilis Hbst.(Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды).
Дене тұрқы – 4,5-5,5 мм-ге дейін жетеді. Мұртшасы буын-буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңып болып келген. Қоңыздардың алдынғы арқасында 3 ақшыл ұзына бойлы жолақтар орналасқан. Дернәсілдердің денесінің ұзындығы – 10 мм шамасындай, денесінің түсі жасыл, басы қара, арқасында ақшыл жолағы бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында және топырақтың беткі қабатында қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғарғы бөлігіне салады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы температура жоғарылаған кезде жаздық үзіліске кетеді. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Негізінен дернәсілдер көп зиян келтіреді. Гүлдердің, сонымен қатар жапырақтардың бүршігін кеміреді, өсімдіктің жоғарғы бөлігінің солуын тудырады және өсу нүктесіне зияе тигізеді. Есейген жастағы дернәсілдер сабақпен, жапырақпен, гүлмен, үлдің түйнегімен қоректенеді.
Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшін ерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көпжылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның тұқымдық учаскелері кем дегенде 500 м алыс болуы қажет. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану керек. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде – 3-8 қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде – 10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді.
Жоңышқа қандаласы – Adelphocoris Lienolatus Goeze. (Hemiptera – жартылай қатты қанаттылар немесе қандалылар отряды, Miridae – мирида тұқымдасы).
Қандала денесінің ұзындығы – 7-9 мм, ал түсі сары жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны. Бұршақты және т.б дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне және жапырақтың шырының сорып, өсімдікке кп зияның тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің және гүлшанақтың түсу құбылыстары байқалады.
Күресу шаралары. Көпжылдық бұршақ дақылдарын жинау кезінде кесіндіні төмен 5 см-ге дейінгі биіктікте шауып алып, егістен қандала жұмыптқасын сабақпен бірге шеттеу үшін жүргізу керек. Егер 1 м2 5-15 қандала есептелсе немесе аулағышпен 10 сермеу жасаған кезде 10-нан артық қандала түссе, онда егістікті инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жасайды.
Беде бізтұмсығы: сабақты Apion seniculus Kby., жасылдау A. virens Hbst. (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды). Сабақты қоңыздар жасылдау, аяқтары қара балып келеді. Сабақты бізтұмсықтың дене тұрқы – 2-3,5 мм. Қоңыздардың денесі сұр тікінектермен жабылған. Қоңыздар қыстайды. Көктем кезінде олар беде жапырағын шұқырайтып кеміреді. Жұмыртқаларын бір-бірден өсімдік сабағының арнайы кемірілген тереңіне орналастырылады. Дернәсілдер сабақтың ішіне бойлай жүретін жол кеміреді. Қоңыздардың жаңа ұрпағы кішкене саңылау кеміріп, сыртқа шығарады.
Күресу шаралары. Жемшөп бедесін шанақтану – алғашқы глдеу кезеңінде шапса, оны жинау және шөпті тез кептірген кезде жұмыртқалары мен дернәсілдері өліп қалады. Егісті жаппай өскен және шанақтану кезеңінде инсектицидпен өңдеуге болады.
Сары тихус тұқым жемірі – Tychius flavus Beck. (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды). Қоңыздар ақшыл сары немесе қызғылт сары, денесінің ұзындығы кішкене – 2-2,8 мм. Дернәсілі иілген ақ, басы сары, денесінің ұзындығы – 2,5-4 мм. Қоңыздар жоңышқа алқабының топырағының беткі қабатында қыстайды. Жұмыртқаларын тесік істеп, жемісбұршақтың ішіне салады.қуыршақтану топырақта өтеді. Қоңыздың жаңа ұрпағы сол жерде қыстауға қалады. Жылына 1 ұпақ береді. Негізгі қауіпті қоңыздар мен дернәсілдер тигізеді. Қоңыздар өсімдік жапырағының төменгі жағынан жағалай паренхимасын кеміріп, зиян келтіреді. Дернәсілдері жоңышқаның бұршағында дамып, тұқымды құртады.
Күресу шаралары.Тұқымдықты сақтау үшін оны көп жыл өсірілген жоңышқадан кеңістікті оңашалау керек. Егер 1 м2 5-8 және одан да көп қоңыз есептелсе, онда жоңышқа егісіне сабақтану мен шанақтану кезеңінде инсектицид қолдануға болады.
Жоңышқа жуанаяқтысы- Bruchophagus roddi– жарғақ қанаттылар отряды, Eurotomidae – жуан аяқтылар тұқымдасы).
Кішкене мөлшерлі жәндіктер, ересек жәндіктің дене ұзындығы – 2,1 мм, дернәсілдерінікі – 1,5-2 мм. Үлкен дараларына қара түс сипатталған, кеуденің үстінгі бөлігі дөнестеу, құрсағы сабақ тәрізді, мұртшалары мен аяқтары сары қоңыр болып келген. Дернісілі ақ, иілген. Дернәсілдері қоймадағы немесе егін жинау кезінде шашылған тұқымдардың ішінде қыстайды. Қуыршақтану осы жерде өтеді. Имаго тұқым қабағының саңылауы арқылы ұшады. Потенциалды көпциклді түр.
Күресу шаралары.зиянкестің санын азайту үшін егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Тұқым қалдықтарын астық тазалау машиналарына кейін міндетті түрде жойып жіберу қажет. Жоңышқа егістігіне көктемде және күзде тырмалау жұмыстарын жүргізіп отыыру қажет. Егер шанақтану кезеңінзе аулағашпен 10 сермеу жасағанда, ересек жәндіктердің саны 10-20 дара болса, онда егістікті инсектицидпен өңдейді.
Бақылау сұрақтары:
Көпжылдық бұршақ тұқымдас жемшөптік дақылдарының арнайы зиянкестерінің тұқымдастары мен от рядының түр құрамын сипаттаңыз.
Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономусының даму циклін, келтіретін зияндылығын және күресу шараларын сипаттаңыз.
Жоңышқа қандаласының даму циклін, зияндылығы және күресу шараларын көрсетіңіз.
Сары тихиус тұқымжемірі даму циклін, келтірілген зияндылығы және күресу шараларын сипаттаңыз.
Жоңышқа жуанаяқтысын даму циклін, келтіретін зияндылығын және күпесу шараларын сипаттаңыз.
ДӘРІС 6
Техникалық және майлы зиянкестері және аурулардан қорғау шараларының жүйесі
Жоспар:
Техникалық және майлы дақылдардың зиянкестері
Күнбағыстың зиянкестері
Түсініктеме
Топырақтағы тұқым және күнбағыстың өскіні сымқұрттың, қара қоңыздың, шалғын көбелектің зақымдануынын көп зиян шегеді. Тіршілік кезінде итальяндық прус, кеміргіш түн көбелектері, қандалар, бітелер және басқа да түрлер зиян келтіреді. Арнайы зиянкестердің ішінде күнбағыс қан көбелегі және күнбағыс мүртты қоңызды қауіпті болып есептелінеді.
Күбағыс қан көбелегі – Homoesoma nebulella Hb (Lepidopter отряды, Pyralidae тұқымдасы). Күнбағысты, мақсараны, ақкекірені зақымдайды.
Көбелек қанатының құлашы 20-27 мм. Алдыңғы қанаты жіңішке, сұр орта жерінде төрт қара дағы бар. Артқы қанаты ақшыл түсті және алдыңғы қанатқа қарағанда жалпақ, қара қоңыр талшықтары және шашақтары бар. Есейген құрт сары қоңыр түсті, арқаны бойлай үш қара долақтар өтеді. Дене тұрқы – 15-16мм.
Бес жастағы құрттар өрмекші пілләнің ішінде, топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Мамыр айының аяғында құрттыр қуыршақтанады. Көбелектердің ұшуы маусым айының басында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын күрделі гұлдер тұқымдасының гүл тозаңдығына салады. Жаңа туылған құрттар генеративті бөлігімен қоректенеді. Олар қоректенуін аяқтағаннан кейін жерге түсіп, топырақта қуыршақтанады. Көбелектің екінші ұрпағы күнбағыстың гүлдеу кезегінде пайда болады да, жұмыртқаларын күнбағыстың тілшелі және түтікті гүлдеріне салады. Барлығы шамамен 250. бірінші және екінші жастағы құрттар гүлдің әр түрлі бөліктерімен, ал үшінші жастан бастап құрттар тұқымның ішіне еніп қоректенеді. Зақымданған күнбағыстың гүл шоғыры дернәсілдердің қалдықтарымен ластанады.
Күнбағыс мұртты қоңыз – Agapanthia dahlii Richt. (Coleoptera отряды, Cerambycidae тұқымдасы). Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктерді, сонымен қатар күнбағысты және мақсараны зақымдайды.
Қара, жылтыраған денесінің ұзындығы – 15-20 мм. Денесі қалың түктермен қапталған, қанатының үсіңгі жағының түктері сары немесе сүр түсті. Мүрттары денесінен ұзын болып келген. Дернәсілі ақшыл сары түсті, басы қоңыр түсті, ұзындығы – 22-25 мм.
Есейген дернәсілдері әдеттегідей сабақтың жер асты бөлігінде қыстайды. Мамаыр айының басында дернәсілдері қуыршақтанады да мамыр айының аяғында немесе маусым айының басында қоңыздар шыға бастайды. Қоңыздар күрделі гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің сабағын және жапырағын зақымдайды. Аналықтары жұмыртқаларын күнбағыстың, ошағының, қалуеннің, түйе жапырқтың, мақсарының сабақтарының ішіне бір-бірден салады. Жұмыртқаларының түсі ақ, цилиндр, пішіндес. Аналық қоңыздардың өсімталдығы шамамен 40-50 жұмыртқа. Дернәсілдері сабақтың ішінде тамырға қарай бағыт алып қоректенеді. Зиянкес тұқымның ядросындағы май мөлшерінің төмендеуіне және сабақтың сынуына алып келуі мүмкін. Жылыны бір ұрпақ беріп дамиды.
Күресу шаралары: Ауыспалы егістіктен орын алу күнбағыс үшін маңызды. Көпжылдық шөптерден кейін немесе қайталып орналастырса, топырақта мекендейтін зиянкестердің өсуіне және егіннің сиреуіне әкеліп соқтырады. Күнбағыстың сауыты сорттарын егу керек, өйткені қабығының ішінде қорғаныш қабаты болғандықтан, күнбағыс қан көбелгінің құрттары оны кеміре алмайды. Сымқұрттар мен жалған сымқұрттарды тереңдігі – 25-30 см, көлемі – 0,25 м2 8-16 жерден топырақты қазу арқылы байқау жүргізіп, есепке алады. ЭЗШ саны – 5-10 дернәсіл/м2. Көктемгі—жазғы мезгілде ауа райының жылы және ылғалды мезгілінде шалғынды көбелек өте қауіпті (ЭЗШ саны – 5-10 дернәсіл/м2). Құрттарды шахматтық тәртіп бойынша 10 жерден 10 өсімдіктен алып есеп жүргізеді. Егісті «Тізім...» регламенті бойынша инсектицидтермен өңдейді. Күнбағыс мұртты қоңызына қарсы күнбағыс сабағын төмен кесінді жасап жинау қажет. Егіс алқабындағы өсімдік қалдықтарын құрту және оларды өсімдік сабағынан ұшқанға дейін пайдалану керек. Терең сүдігер және қатар аралық өңдеу зиянкестер санының азаюына көмектеседі.
Тапсырмалар:
1. Күнбағыс қан көбелегінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер
2. Күнбағыс мұрты қоңыздың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін танып біліңіздер.
3. Күнбағыс фитофагпен зақымдану белгілерін зерттеп танысыңыздар.
4. 10 кестені жазып толтырыңыз және зақымдану кезеңінің, зақым келтіретін түрдің суретін салыңыз.
Күнбағыс зиянкестерінің сипаттамасы
Жүйелі тәртібі (түр, тұқымдасы, отряды) Метаморфоз түрі Дернәсіл түрі Қуыршақ түрі Зақымдану кезеңі Зақымдайтын мүше Залал келтіретін белгілері Ұрпақ саны Қыстайтын кезеңі және қыстайтын орны Ұсынылатын күресу шаралары
Дәріс 7
ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ЗИЯНДЫ ЖӘНДІКТЕРІ
Түсініктеме
Қант қызылшасындакөптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус аруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады.
Қызылша бүргесі: оңтүстік ( Chaetocnema breviuscula Fald.),кәдімгі немесе қарақұмық(Сhaetocnema concinna Marsch.) (Coleoptera отряды, chrysomelidae тұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы – 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы – 1,5-2,2 мм. Қоңыздар топырақтың беткі қабатында немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды. Егістіктен орман алқаптарына, арамшөпті жерлерге ұшуы мүмкін. Қоңыздар тұқымжарнақ және нағыз жапырақпен қоректенеді. Жас өскіндер күшті зақымданған кезде жойылып кетуі мүмкін. Күресу шараларын ұйымдастыру барысында міндетті түрде мына мәселені ескерген жөн: көктемнің бұлтты күндерінде бүргелер нашар қоректенеді және айтарлықтай зиян келтіре қоймайды, ал ауа райының ыстық, құрғақ күндерінде зияндылығы бірнеше есеге көбейеді. 1-1,5 ай қосымша қоректену жалғасқаннан кейін аналықтары жұмыртқаларын терендігі 3-6 см топырақ астына салады. Эмбрионалдық даму 10-14 күнге жалғасады. Дернәсілдер 30-80 күн шамасындай қарашірікпен, қызылшаның ұсақ қабықшаларымен қоректенеді, сонан соң топырақ қабатының 10-15 см терендігінде қуыршақтанады. Қоныздардың жаңа ұрпағы шілде айының соңы мен тамыз айының басында пайда болады. Олар аса қауіпті зиян келтірмей арамшөп және қызылша жапырақтарымен 1-2 апта қоректенеді де, кейін қыстауға кетеді. Жылына 1 ұрпақ береді.
Күресу шаралары. Жақсы дайындалған жерге кеш егілген егіс бүргелерден аз шығынға ұшырайды. Вегетация кезеңінде қызылша бүргесі қоректеніп, дамитын арамшөптерді міндетті түрде жою қажет (әсіресе алабұталар мен қарақұмықтар тұқымдасы ). Көктеу кзеңінде- 3 жұп жапырақ болған жағдайда 8-12 қоңыз табылса, онда инсектицидпен өңдеу қажет болады.
Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (Bothynoderes punctiventris Germ.), жолақты (Chromoderus fasciatus Mull.), ақшыл ( Chromoderus declivis Ol.), шығыс (Bothynoderes foveicollis Gebl.) және (Тanymecus Palliates F.) ((Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera - отряды). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы – 10-15 мм. Жолақты қызылша бізтұмсығы түсі қара, денесін сұр қара қабыршақтар және түктер жапқан. Қанаттың үстінде көмескі бұлдыр қара дақтары бар. Дене тұрқы -7-11 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі қара , ақ дерлік түктермен жабылған. Бүйірінде иректі жіңішке сызығы бар. Дене тұрқы – 9-10 мм. Ақшыл қызылша бізтұмсығының денесі түгелімен сұрқабыршақтармен жабылған . дене тұрқы – 7-10 мм.
Бізтұмсық дернәсілі – денесінің түсі ақ, басы қоңыр, аяғы жоқ. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының денесітұрқы – 27-30 мм, ал қалғандарінікі- 20-25 мм.
Қоңыздар топырақта қыстайды, ал егер күз суық жаңбырлы болса, онда дернәсілдері мен қауашақтар да қыстауға кетуі мүмкін. Алайда Солтүстік Қазақстанның ауа райы жағдайына байланысты, дернәсілдер мен қауашақтар қыс мезгілінде өліп қалады. Көктемде топырақ қабаты 8-10 0С қызған кезде қоңыздар пайда болады . Бұл уақытта қоңыздар топырақ бетінде жорғалайды. Темперетура 20-25 0 С қызған жағдайда ұша бастайды. Қызылша бізтұмсығы арамшөптердің алабұталар тұқымдасымен қоректенеді де, кейін қант қызылшасының өскініне ауысады . Есейген дараларында қосымша қоректену 35-40 күнге созылады. Аналықтары жұмыртқаларын өсімді ктамырының маңайына, тереңдігі 3-10 см топыраққа салады. 7-11 күннен соң дернәсілдер туады, кейін олар ұсақ қабықшаларды және қызылшаның орталық тамырын тереңдетіп жеп, тамырдың кемтарлығын тудырады, ал күшти залалданған кезде өсімдіктің жойылуына әкеледі. Сұр қызылша б»зтұмсығының дернәсілі арамшөптерде дамуына байланысты, қызылша өсімдігін зақымдайды. Дернәсілдер 45-90 күннің ішінде төрт жас шағын өткізеді және топырақта қуыршақтанады. 15-20 күннен кейін жаңа қоңыз пайда болады да, сонан соң ол топырақта қыстауға қалады. Жолақты қызылша бізтұмсығының қоңызы жұмыртқаны қызылшаны тамырының мойнына салады., ал дернәсілі тамыржемістің ішіне еніп, камерелар мен жолдар жасайды да, тамыр мойнының ісінуін тудырады. Мұдай зақымдалу өсімдіктің жойылуына әкелу» мүмкін.
Күресу шаралары. Ауыспалы егіс қатаң сақтау, жоғары сапалы тұқыммен қолайлы мерзімде себу, топырақты сапалы өңдеу, минералды және органикалық тыңайтқыштарды енгізу, егінді сепкеннен кейін топырақты тығыздаса, зиян кестердің санының азаюына және өсімдіктің өсву тұрақтылығын реттеуге мүмкіндік туғызады. Топырақты қатараралық қопсытса, жыртқыш жәндіктердің әрекетің күшейтеді. Арамшөптермен міндетті түрде күресу керек.
Қызылша сауытты қоңызы – Cassida nebulosa L. (Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera – отряды). Бунақденелілер қант және асханалық қызылшада, көбінесе көкпекте, алабұта тұқымдасы арамшөптерінде дамиды. Сауытты қоңыз жапырақтарды кеміреді де, оның негізгі жүйкесін қалдырады. Қоңыздардың денесінің түсі қоңыр сары немесе жасыл ұсақ қара дақтармен, дене тұрқы – 6-7 мм. Қанат үсті және алдыңғы арқа денеге қарағанда кең болып келген және қоңызды басымен бірге сауыт жапқан. Аяқтары қоңыр, жамбасы қаралу. Қанаттың үстінде түзу қатары нүктелері бар. Қанат үстінің бүйір қырларының орта бөлімі жуын болып келген. Дернәсілі сары жасыл жалпақтау, дененің бүйірінде айтарлықтай ірі тісшелі өсіенділер бар, осы өсінділердің артқы екеуі едәуір ұзын болып келген.
Күресу шаралары.Алабұталылар тұқымдасына жататын арамшөптерді жою қажет. Қолмен отау кезінде арамшөптерді егістікпен алып тастау керек . сауытты қоңыздар мен олардың дернәсілдеріне қарсы инсектицидті тізіиі бойынша пайдаланған жөн.
Қызылша қандаласы – poeciloscytus cognatus Fieb. (Hemiptera отряды, Miridae – тұқымдасы.) қант қызылшасын, жогңышқаны, сояны, асбұрщақты, күнбағысты, көкнәрді және т.б. өсімдіктерді зақымдайды.
Бунақденелілердің дене тұрқы – 3-5 мм, сары қоңыр түсті. Арқаның алдынғы жағында екі қара дағы бар. Қанаты мөлдір, ал үстіңгі ортасында сына тәрізді қара қара дақ орналасқан. Дернәсілдері үлкен дараларына ұқсас, жасыл, қылшықтармен жабылған, сауытында екі қара дақ орналасқан .
Мәдени өсімдіктердің және арамшөптердің( көкпек, қызыл-құйрық, жусан, т.б.) сабағына, жапырақ кесіндісіне салынған жұмыртқалар қыстайды. Ұрықтың дамуы күзде басталады, ал қыс мезгілінде тоқтатылады да, келесі жылдың көктемінде қайтадан басталады. Ерте көктемде сәуір айының екінші жартысында – мамыр айының басында дернәсілдер туа бастайды. Қандаланың дернәсілі бір айдың төңірегінде дамиды, осы уақытта 5 жас өтеді де, ересек жәндікке айналады. Ересек жәндік 3 км-дей аралықты игере алады. Аймақтың жағдайларына байланысты зиянкес 3-4 ұрпақ беріп дамиды. Қандала өсімдіктің шырының сорып, жапырақтың солуын және түр өзгеруін тудырады.
Күресу шаралары. Арамшөптерді құртуе, ауыспалы егісті қатаң сақтау, зиянкестерге қарсы инсектицид қолдану керек.
Достарыңызбен бөлісу: |