Бидайдың үнді (карналдык) қара күйесі. Қоздырғышы: Tilletia indica Mitrа
(Neovossa indicia Mand.). Ауру Үндістанда, Пәкістанда, Мексикада, Түркияда, Ауғанстанда және басқа елдерде таралған. Біздің республикамызда бұл ауруға қарсы карантин жарияланған.
Дән зақымданғанда көбінесе бүлініп, майшабақ иісті споралар жиынтығына айналады. Көбінесе дән ұрығы немесе жырашығы залалданады. Масақта жекелеген масақшалар залалданады. Оның белгілері пісіп жетілу кезінде анық көрінеді. Аурудың қоздырғыштары (телиоспоралар) топырақта және тұқымда сақталады. Саңырауқұлақ топырақта өнгіштігін көп жылдар бойы сақтайды. Өсімдіктер гүлдеу кезінде зақымданады. Зақымдануға 15-220 С температура және гүлдену кезіндегі ауаның 70-80% ылғалдығы қолайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |