Білім және ғылым министрлігі


-дәріс. Тақырыбы:Жиынтық туралы түсінік



бет4/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,1 Mb.
#12900
1   2   3   4   5   6

8-дәріс.

Тақырыбы:Жиынтық туралы түсінік.

Жоспар:

1.Орташа жиынтық туралы түсінік.

2.Жекелеген ағаштар жиынтығының түсінігі.

1.Әр түрлі таксациялық белгілері бар көптеген ағаштардың немесе орман материалдарының таксациясы кезінде әрбір объектінің жеке есебі жоққа тең. Орман таксациясында есептеулерді жылдам және нақты дәлдікпен жүргізетін орташа көлемдегі арнайы әдіс әзірленген. Бұл әдісте ескерілетін объектінің бірлігі ғана емес (дің, сүрекдіңдер, сортимент), ал олардың жиынтығы анықталады.

Әрбір жиынтық үшін орташа арифметикалық шамасын табады. Осы орташа көлемнен кесте түрінде ақпар құрады. Орташа көлемдердің осындай кестесі бойынша жиынтыққа біріктірілген бірліктердің санын дәлдікпен есепке алуға болады. Алайда орташасы жиынтықты жақсы анықтай алады, яғни көлемі немесе сапасы жақын белгілері бар бірліктерден тұрады. Мысалы, егер жиынтық диаметрлерлері және биіктіктері тең ағаштардан құралса, оны біртекті деп есептеуге болады. Егер диаметрі және биіктігі бойынша емес, сонымен қатар форма коэффициенті бойынша іріктеп алса, мысалы, 0,05 көлемінде алса жиынтық біртекті болып саналады; егер коэффициент 0,02 болса, жиынтық аса біртекті болады және олар үшін қорлар нақты қорытындылармен анықталатын болады. Жиынтыққа біріктірілетін есептік бірліктер кестеге біріктірілген белгілер таксацияда кестеге кірулер деп санауға болады. Осылайша, жиынтық деп есептік объектісі бірліктерінің біршама санының бірігуін айтуға болады.

Орман таксациялық объектісі есебінің қатарына жекелеген өркенді немесе ағашты; жекелеген сортиментті; жекелеген өркен немесе ағаштардың жиынтығын, сортименттерді; жекелеген сүрекдіңді; сүрекдіңдердің жиынтығын жатқызады.




2.Жекелеген ағаштар жиынтығының таксациясы

Жекелеген ағаштар жиынтығының таксациясы туралы түсінік. Тәжірибеде бір ғана өсіп тұрған ағаш сирек таксацияланады. Әдетте көптеген ағаштар тамырын таксациялауға тура келеді. Бұл таңдамалы және санитарлық кесулерді, тұқымдарды жинауда және арнайы сортименттерді дайындау кезінде жүргізіледі. Осындай жағдайларда іріктелген ағаштар үлкен ауданда орналастырылып, жекелеген ағаштар жиынтығын білдіреді. Жекелеген ағаштар жиынтығы сыртқы ортаның түрлі жағдайларында әр түрлі екпелерде өсіп шығатын аталған тұқымдастың көптеген ағаштары ретінде түсіндіріледі. Мұнда, мысалы, арнайы сортименттерді дайындауға іріктеліп алынған ағаштар жатқызылады. Биологиялық тұрғыда әрбір жиынтықтың ағаштары механикалық қоспа ретінде түсіндіріледі, себебі олар даму және өсу процесі кезінде бір-біріне ешқандай да әсер етпеген болатын. Сондықтан олардың жиынтықтарында таксациялық көрсеткіштерінің өзгергіштігінде қандай да бір заңдылықтар байқалмаған болатын. Мұнда ағаштарды қалыңдығы және биіктігі бойынша орналастыруында қандай да бір заңдылық болмауы да мүмкін.

Жекелеген ағаш діңінің таксациясы кезінде төмендегідей таксациялық көрсеткіштерді анықтайды: діңнің ұзындығы немесе биіктігін, оның диаметрін, 1,3 м биіктіктегі діңнің көлденең бағыттағы көлемі және ауданы, түрлік сан, сүрекдіңнің өсімі және діңнің тауарлық құрылымы.
Өсіп тұрған ағаштың биіктігін өлшеу түрлі конструкциялы биіктік өлшегіш құралдармен, мысалы ВУЛ-1 биіктік өлшегішпен жүргізіледі.
ВУЛ-1 биіктік өлшегіш құралы шакаласы бар корпустан, дальномер және базисты лентадан тұрады. Тегіс жерде ағаштың биіктігін анықтау келесідей жүргізіледі:
- негізі және төбешігі жақсы көрініп тұратын орынды таңдайды; ағаштың өркенінде базисты лентаны бекітеді;
- қашықтық өлшегіш арқылы базисты лентаны визуализация жасай отырып, лентаның бірінші штрихының 15 немесе 20 м штрихпен сәйкес келуін бақылайды;
- биіктік өлшегіштің окуляры арқылы визуализация жасап тежеуішті бір мезгілде басады;
- корпустың ішіндегі барабан тоқтаған кезде және биіктік өлшегіштің визирлі сызығы ағаштың ұшарбасымен сәйкес келгенде тежеу құрылғысының түймесінің саусағын алып, шакала бойынша есептеулер жүргізеді;
- ағаштың толықтай биіктігін анықтау үшін өлшенген биіктікке бақылаушының көз мөлшерімен жерден байқаған биіктігін қосу керек.
Қисық жерде ағаштың биіктігін өлшеу үшін:
- базисті лентаны ағаштың діңіне бекіту;
- қашықтық өлшегіш арқылы ағашқа дейінгі қашықтықты анықтау (15 немесе 20 м);
- қисықтықтың бұрышын градус бойынша анықтау;
- шкала бойынша биіктікті өлшеу жүргізілетін нақты қашықтықты анықтау;
- осы ара қашықтықтан ағаштың ұшарбасын визуализация жасап, есеп жүргізу.

Дәріс.9


Дайындалған ағаштардың және ағашматериалдарының таксациясы

1 Дөңгелек ағашматериалдар түржиындарының таксациясы

2 Дөңгелек ағашматериалдары және оларға қойылатын талаптардың қатары

3 Дөңгелек түржиындар

Сүректен халық шаруашылығының барлық облысы арасында қолданылатын ағаш өнімінің әртүрлі түрлерінен өңделеді.Ағаш өнімінің жеке түрлерін түржиындар деп атау қабылданған.Олардың кейбірін тікелей орманда немесе жақын маңдағы ағаш қоймасында (құрылыс және аралау бөренелері,фанераны өңдеуге арналған кряждар отындар) дайындалады,басқалар сүректің алғашқы механикалық өңдеу өнімі (шпалдар, тақталар, кесектер, т.б) болуы мүмкін.

Ары қарай өңдеуге және химиялық қайта өңдеуге арналған жартылай фабрикат ретінде немесе дөңгелек түрде(телеграфты бөренелер, кеніш тіректері, т.б) қолданылатын ағаштың түржиындарын іскерлік ағашматериалдары деп атайды.Іскерлік ағашматериалдарға,жылытуға қолданылатын отындардаң басқа барлық түржиындар жатады.

Өңдеу дәрежесі және өндіріс тәсілі бойынша түржиындарды келесі класстарға бөлуге болады:

1 Дөңгелек іскер ағашматериалдар,олардың бүйір беті ағаш діңінің формасын сақтайды.

2 Отындар-бөліктерге жарылған немесе дөңгелек түрде қалдырылған, дің кесінділері.

3Дөңгелек ағашматериалдарды бойлық аралаудың жолымен алынған,араланған ағашматериалдар.

4 Ағаш діңінің кесінділерін жару жолымен өнделген,жарылған ағашматериалдары(клепка,шана табаны,дөңгелектің спицалары)

5 Сүргілеумен өңделген түржиындар(жиһазды қаптауға пайдаланылатын сүргіленген шпон)

6 Аршумен шөрпелерде өңдеу жолымен алынатын ағашматериалдары(әртүрлі атаудағы шпон)

7 Ағаштардың тамырлық және тамыр маңы бөліктерінің алынған ағаш өнімдері(кеме жасауға арналған кокарлар қамыттарға арналған болванкалар, т.б)

8 Ағашты және бұталы жыныстардың қыртысынан жасалған түржиындар(мочало,дубильное коры, т.б)

Түржиындардың осы барлық кластары әртүрлі халық шаруашылық мәніне ие болған.

Қылқан жапырақты ағашматериалдардың ұзындығын 0,5м градациямен есептеу қабылданған 0,5м ден кем үлестер өлшеу барысында есептеуге қабылданбайды.Жапырақты кряжалардың ұзындығын 0,1м-ге дейін дәлдікпен есептейді. Дөңгелек ағашматериалдардың ұзындығын өлшеуге шесттерді, рулеткаларды және кейде жинақты метрлерді қолданады.

Орман қоймаларында бірдей ұзындықты кряждарды немесе бөренелерді әдетте жеке штабелбдерге қалайды.Штабелдерді қалау барысында, штабелдің сырт жағынан жеке кесінділердің шеттері мүмкіндігінше бір жазықтыөта болуын қадағалау керек.Дөңгелек түржиындарға қойылатын мемлекеттік жалпыодақтық стандарттар әрбір бөрененің және кряждарының ұзындығын міндетті түрде тексеруді талап етеді , тек жеке жағдайларда ғана өткізуші мен қабылдаушының арасындағы келісім бойынша тек бөренелер бөлігінің ғана ұзындығын өлшеуге рұқсат беріледі.

Ағаштарды сал ағызу барысында бөрене шеттері кейде тастарға сынады, қоймада сағтауда шытынайды. Осындай бөренелерден аланған тақтайларды,басқа материалдарды өңдеп,зақымдалған ұштарын аралауға тура келеді.Шеттерін жөндегеннен кейін, тақталар толық стандартты ұзындыққа ие болуы үшін, бөренелердің ұзындығына әдіптерді белгілейді.Әдіп орташ алғанда бөрененің шамамен 1% ұзындығын құрады.Қылқан жынысты бөренелерге 3см әдіп белгіленген.

Дөңгелек ағашматериалдардың қалындығын анықтау барысында торц формасын,диаметрін өлшейтін шеңберге қабылдайды.

Дөңгелек түржиындардың диаметрлері сантиметрлердің бүтін санына өте сирек тең болады.Бөлшек диаметрлерді бүтінге дейін жуықтау керек:егер дөңгелек түржиындардың қалындығын есептеуге 1см градация қабылданса, 0,5см-ден кем сантиметр үлестерін алып тастайды, 0,5см және одан үлкен үлестерді бүтін сантиметрге теңестіреді.

Бөренелерге арналған стандарттар диаметрлерді жұп сантиметрлерге дейін жуықтауды қарастырады:жұп емес бүтін сантиметрлерді жуық жұп сандарға дейін ұлғайтады,ал сантиметрдің барлық үлестерін есепке алмайды.

Өлшеу қателіктері туралы ілімге сәйкес бүтін сатыларға дейін диаметрлерді жуықтаудың, диаметрді анықтау барысында бөренелердің үлкен бөлігінде , орташа алғанда сатының ½ шамасына тең, қатеге жол беріледі. 1см қалындықты сатыларда 0,5см, ал жұп сантиметрлерде диаметрлерді есептеуде 1,0см қателік болады.

Диаметрдегі қателер көлемде еселенген өатеге алып келеді.Осыдан шығатыны,бүтін сантиметрлерге дейін диаметрлерді жуықтағанда көлемдегі қате 5% құрады, ал жұп сантиметрлерде диаметрлерді есептеу барысында 10% құрады.Бірақ бөренелерді жаппай есептеуде бұл қателер оң және теріс белілерге ие болады және нәтижесінде өзара көбейеді.Сондықтан 100данадан кем емес бөренелер партиясына арналған бқренелерге стандарттар ,барлық бөренелерде бір бағытта өлшенетін шартта ғана , тек бір диаметрді қлшеуге жол беріледі.Штабелдерге қаланған бөренелерді,шамамен 45 градус бұрышты көлденен жазықпен түзетін бағытта өлшеген дұрыс.

Бөренелерді өлшеуде қыртыс қалындығын ескермейді.

Бөренелерді қабылдау барысында олардың ұзындығын, қалындығын және сұрпын жоғарғы шетте бормен, бояумен, көмірлеу және таңбалау балғаларымен белгілейді.Бөренелерді өлшеу мен есептеу екі жақтап жүргізіледі қлшеуші жоғарғы кесіндіде бқренелердің диаметрлерін өлшеу қапсырмасымен өлшейді,ал есепші оларды есептеу ведомісіне жазады.

Бөренелерді даралап өлшеу тиеу және тасымалдау жұмыстарының механизациясын күрделендңреді.

Соңғы уақытта дөңгелек ағашматериалдардың көлемін анықтау әдістері де зерттеледі.Олардың қорытындысы бойынша ,салмақтау әдісіне сүректің саны мен сапасын бір уақытта есептеуге болмайды.Сонымен бірге салмақ сүректің өзгеретін ылғалдылығына және ағашматериалдарда қыртыстың болуына тәуелді.Осының салдарынан олар тәжірибеде өлшеу әдісін кең қолдануды ұсынбайды.

Толық ағаштылықтың коэффиценттеріне федуцирленген штабелдердің көлемі бойынша ағашты есептеуді авторлар геометриялық тәсіл деп атайды.Бұл әдісіне де теріс баға берілген.Мұның себебі,толық ағаштылық коэффиценті өте өзгерішті болып келеді.Олар көптеген факторлар қатарына ие болған.Геометриялық тәсілде ағаш саны мен сапасын біруақытта есептеуге болмайды.Бұл тәсіл 2м ге дейін ұзындықты түржиындардың көлемін есептеуде қолданылуы мүмкін.

Зертткушілер есептеудің таңдаулы тәсілін жақтайды,бұл кезде барлық ағашматериалдарды тұтас өлшеудің орнына,мұқият жан-жақтылы таксацияға ұшырайтын сынамаларды іріктейді.Бұл тәсіл іріктеу ережелерін және іріктеулер санын нақтылауға қатысты әлі де зерттеуді қажет етеді.

Түржиындардың осы барлық кластары әрьүрлі халық шаруашылық мәнге ие.

Түржиындардың ең үлкен саны дөңгелек іскер және араланған ағашматериалдардың кластарында берілген.

Дөңгелек іскер түржиындардың класына келесі ағашматериалдар кіреді:

а)бойлық аралауды талап етпейтіндер (жұқа өлшемді түржиындар,таскөмір және таукен өнеркәсібіне арналған кеніш тірегі,байланыстың ауа жолдарының бағандарына, көпірлерге,ағаш кеме жасауға арналған, құрылыс бөоенелері)

б)араланған материалдарды өңдеуге арналған шикізат ретінде қолданылатындар және көбінесе 3м ден кем емес ұзындықты 14см ден қалындықты бұтақтардан тазаланған, дің кесінділері болып табылатындар,оларды бөренелер деп атайды

в)жарылған түржиындарды жасауға арналған шикізат ретінде қолданылатындар ( клепканы,шана табанын, спицаларды,тоғындарды өңдеуге арналған кряждар)

г)жоңқа өндірісіне арналған ,сүргіленген шпон өндірісіне,арнайы білдіктерде сүргіленген түржиындарды(кряждар мен шөркелер- ұзындықтары білдіктердің өлшемдеріне сәйкес келктін,кряжалардың кесінділері)жасауға баратындар

д)аршуға шикізат ретінде қолданылатындар (шпонды қңдеуге арналған шөлкелер мен кряждар)

е)целлюлоза-қағаз өндірісіне арналған шикізат ретінде қолданылатындар(баланстар)

ж)химиялық қайта өңдеуге шикізат болатындар(дубильный сығындыларды өңдеуге,көмірлендіруге, құрғақ қайта айдауға арналғандар)

Қолдану облысына байланысты ағаш түржиындарына олардың өлшемдеріне ,сапасына ,өңдеу сипатына, есептеу тәсілдеріне ,сақтауға т.б байланысты белгіленген талаптарды қояды.Осы барлық талаптар, мемлекеттік жалпы одақтық стандарттармен(мет) аталатын, ерекше құжаттарда көрсетілген.

Ағаш материалдарына мемлекеттік жалпыодақтық стандарт ретінде, бүкіл одаққа міндетті болатын және белгіленген шарттарды қанағаттандыратын, берілген түржиынның топтың түрін түсіну керек.

Стандарттар министрлер кеңесінің мемлекеттік стандарт комитетімен бекітіледі және өнімнің жеке түрлерін нормалайтын,заң күшіне ие болады.

Өлшемдері,сапасы,өңделуі және басқа белгілері бойынша белгіленген үлгіге (стандартқа) сәйкес келетін , түржиынды стандартты деп атайды.

Біртекті нысандар қатарын бірыңғай үлгіге стандартқа келтіру және түржиынға ұсынылатын,талаптарды және сапа көрсеткіштерін белгілеуді стандарттау деп атайды.

10-дәріс.

Тақырыбы: Отындар таксациясы.

Жоспар:


1.Отындардың қасиеттеріне байланысты бөлінуі.

2. Қысқа іскер ағаш материалдарының,томар сүрегінің, қабықтың және шөпшектің таксациясы.

3.Шпалдарды дайындау түрлері.

1.Сүректің көлемдік салмағымен байланысқан, жылу жасау қаблетіне байланысты, отындарды үш топқа бөледі:


1. Қайыңнан, шамшаттан, шетеннен, қызыл қайыңнан, ильмадан, үйеңкіден, еменнен, балқарағайдан;
2. Қарағайдан және қандыағаштан;
3. Шыршадан,балқарағайдан,самырсыннан, ырғайдан, теректен, талдан дайындалған. Бір топқа жататын ағаш жыныстарынан дайындалған отындарды біртекті, әртүрлі топтарға жататын жыныстардан дайындалған отындарды аралас деп атайды.
Ылғалдылығы бойынша отындарды ауақұрғақты, жартылай құрғақты және ылғалды деп бөлінеді. Ауа құрғақтығы 25/20 %-ға дейін, жартылай құрғақтығы 26/20% - 50/33% дар ылғалдылығы 50/33% - дан артық ылғал құрамды отындар жатады.
МСТ 3243-46 отындардың келесі стандартты ұзындығын белгілейді: 0,25; 0,33; 0,75 жане 1м. Көмір жағуға 1,25 м ұзындықты отындарды қолдануға жол беріледі. Ұзындықтағы ауытқулар ± 2см-ден көп емес болуы керек. Тұтынушылардың келісімімен,аталған өлшемдерге еселі ұзындықпен отындарды дайындау және өткізу мүмкін болады.
3-14см қалыңдықты отындарды дөңгелек түрде дайындауға болады, 15-25см қалыңдықты отындар екі бөлікке, ал 26-40см қалыңдықты отындар шамамен төрт бөлікке жарылуы тиіс. Бүйірі бойынша жарылудың ең үлкен сызығы 20 см –ден аспайтындай етіп,40см – ден артық диаметрлі шөркелерді бірнеше бөліктерге жарады. 3-6 см қалыңдықты дөңгелек шөркелердің саны өткізілетін отындар партиясының жалпы кубатурасынан 20% дан аспауы керек.
Отындар бұтақтардан тазартылуы тиіс, оларды қабықта және қабықсыз жеткізуге болады.
Отындарды дайындау және қоймаларда сақтау барысында тікбұрышты формадағы поленницаларға жинайды. Шөркелерді бойлық төсемдерге тізеді, шөркелердің ұштарын торлармен бекітеді. Шөркелерді 1; 1,5 және 2 м биіктікпен салады. Ағаш қоймаларында отындарды тексерудің ыңғайлылығы үшін екі отындықтардың арасында 0,8 ден кем емес ендікті жолдарды қалдыру керек.
Жинау барысында отындарды ұзындығы және ылғалдылығы бойынша сұрыптайды.Шөркелердің оң ﴾алдыңғы ﴿ жағы тегіс болуы керек . Егер қоймаларда,вагондарда және кемелерде ﴾ суда тасмалдауда ﴿ 25/20% дан артық ылғалдылықты отындарды салса, полленица биіктігінің әрбір метріне 3см – ден кептіруге және шөгуге үстеме жасайды.

Отындарды қабылдау барысында, жылу жасау қаблетінің көрсетілген үш топтарының қайсысына бұл қабылданатын партияның жататынын белгілейді.


Отындардың ылғалдылығы олардың өлшеу жолымен зертханада анықтайды.
Бұл жағдайда әртүрлі ылғалдылықтарында әртүрлі жыныстардың 1 пл. сүрек салмағын жетекшілікке алады. Отынға қойылатын стандартта қабылданған, ағаштың салмағы 2-кестеде берілген.
МСТ 3243-46 бойынша 1пл.сүректің салмағы:
Тонналарда салмақ бойынша қабылдау мен есептеу тек ауа құрғақты отындарға ғана болады. Отындарды қабылдау барысында оларды қалаудың дұрыстығын тексеру керек. Ағаш дайындамаларының тәжірбиесінде отындарды қалаудың екі тәсілі белгілі: бос ﴾ қақпалап ﴿ және тығыз ﴾ қысып ﴿
Отындарды қабылдау барысында шөркелердің бүйірлерін әкпен себеді немесе бір шөркелерді ағаш шабуда 2 рет қателесип қабылдамау үшін, оларға таңба салады.
3м ден артық ұзындықты отындардың көлемін дөңгелек ағаш материалдарының көлемдері кестесімен ﴾ МСТ 2708-44 ﴿ көбірек қысқа отындарды жиақтау өлшемдерінде есептейді.
Полленицада толық ағаштылық коэффициенті онда қаланған шөркелердің қалыңдығына да байланыст: шөркелер неғұрлым қалың болса,соғұрлым үлкен болады және керісінше. Ұзын шөркелерді қайта аралағанда поленницалардың көлемі азаяды, ал толықағаштылық коэффиценті ұлғаяды. Отындарды дайындауда бұл өте маңызды.

2﴿ Қысқа іскер ағаш материалдарының,томар сүрегінің, қабықтың және шөпшектің таксациясы.


Жарылған түржиындарға клепка,болванкалар, дөңгелек тоғыны, спицалар, шана табаны және арнайы түржиындарға арналған кесектер жатады. Бұл түржиынының барлығын тек шартты деп есептеу керек, өйткені олардың үлкен бөлігін аралау жолымен алады. Ою өте күрделі үдіріс, шикізат көлемінен 88% ға дейін жететін,қалдықтардың зор мөлшері қатар жүреді ﴾ мысалы, болванкаларды жасауда ﴿.
Клепка – бұл бөшкелерді жасауға арналған, тікбұрышты тақтайшалар мен кесектер. Бөшкенің бүйір бөлігін жасауға арналған клепка бүйірлік, түбін жасауға арналғанда – түпкі дейді.Жарылған клепканың шығыны шикізат көлемінен шамамен 30-40% құрады.
Тоғын – бұл спицаларды қамтитын дөңгелектің сыртқы ағаш бөлігі. Тоғын тұтас иілген , яғни бір ойылған кесектен өңделген немесе бірнеше ойылған немесе араланған бөліктерден тұратын, косяктар түрінде болуы мүмкін.
Шана табанын пластиналарды және төрттіктерді жөндеу жолымен өңдейді.
Қатты жапрақты жыныстардан алынатын, өнімнің құнды түрлерінің бірі – сүргіленген шпон. Ол арнайы білдіктерде шөркелерді сүргілеу жолымен жасалады және жиһазды қаптауға қызмет етеді.
﴿бойынша пачкаларға салады. Фанера парақтарының енін орамдағы ортанғы парақ ұзындығының ортасында 1 см – ге дейін дәлдікпен өлшейді, әмбе 0,5см – ден кем үлестерді алып тастайды,ал 0,5 см және одан үлкен үлестерді тұтас сантиметр деп қабылдайды.
Шпонның ұзындығын 0,1 м- ге дейін дәлдікпен өлшейді; 0,1м – ге қабылдайды. Шпонның қалыңдығын парақ ұштарынан 25 см қашықтықта өлшейді. Шпонды квадрат метрлерде есептейді.
Ең көп тараған түржиын фанера болып табылады. Оны куб және квадрат метрлерде есептейді. Жеке парақтың көлемін – 0,00001 ке дейін, ал фанера партиясының көлемін 0,01 ке дейін дәлдікпен анықтайды. Фанераның жеке парағының ауданын – 0,01 ке дейін, парақтар партиясының ауданын – 0,5 қа дейін дәлдікпен есептейді. Өлшеулердің нәтижесін бөлшек түрінде жазады: алымында – көлемін, бөлімінде – фанера парақтарының ауданын.
Сүректің сондай-ақ; металлургиялық өнеркәсіпте, ұстаханалар горындарына, газогенераторларға және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдаланатын, ағаш көмірінде алады. Жандырылатын сүректің көлемінен 50-60% құратындай көмір шығымы болады. Қарағай көмірінің үйінді куб метрі – 135-145кг, ал шырша көмірінің куб метрі 120-130кг салмаққа ие болады.
Сондай –ақ көптеген ағаш жыныстарының қыртысы да кең пайдаланылады: теріні дублдеуге ﴾ емен қыртысы ﴿ каптау материалдарын ﴾ қайың және басқа жыныстар ﴿ тығындау материалдарын, жылу оқшаулау тақталарын ﴾ тығынды еменді, амур барқытын ﴿ жасауға, мочаланы алуға ﴾ жөке ﴿ пайдаланылады. Кейбір ағаш жыныстарының қыртысынан құнды химиялық заттарды өңдейді:
қара май, қайың қыртысы т.б.
Темір жолмен жөнелтуге белгіленген қыртысты 80 кг-ға дейінгі салмақпен киптерге баспақ қалыптайды. Есептеуді салмақ бойынша жүргізеді ﴾ тонналармен ﴿. Қыртыстың ылғалдылығы 20% дан аспауы керек.
Әртүрлі жыныстардың 1пл. сүрегінен қыртыстың орташа шығымы келесідей кг.
Емен: дымқыл күйде 32-40; ауақұрғақ күйінде 20-24.
Шырша: дымқыл күйде 40-48; ауақұрғақ күйінде 25-27.
Қайың ﴾ жоғарғы қабат-береста ﴿ - 13;
Жөке: луб-45; ауақұрғақ мочала 26-32;
Амурлық барқыт – 4:

1пл. емен қыртысының салмағы балғын күйде 0,22 т, ауа құрғақ күйде 0,13 т, шырша қыртысы сәйкесті түрде 0,56 және 0,28т болады. 1пл. тағының салмағы 25 кг.


Шөпшекті де жинақтама мөлшерде есептейді. Формасының дұрыс еместігін, шөпшекті поленницаларға тығыз қалау мүмкін емес,сондықтан ол толықағаштылықтың төмен коэффициенттерін иеленеді. Қалың шөпшек ﴾ 6 см диаметрлі ﴿ үшін толықағаштылық коэффициенті 0,4 жіңішке ﴾ 3 см диаметрлі ﴿ - 0,2 болады.Араланған материалдар пластиналарға, төрттіктерге, брусьяларға, кесектерге, тақталарға, шпалдарға, горбыльдарға бөлінеді.
Пластиналарды бөренені екі симметриялық бөлікке бойлық өсі бойынша аралаудан, төрттіктерді – әр пластинаны екі симметриялық бөлікке бойлық өсі бойынша аралаудан алады.
10 см – ден артық қалыңдықты және енді араланған материалдарды брусьялар деп атайды. Араланған жақтар санына сәйкес екі;үш және төрт канатты брусьяларды ажыратады,көлденең қима формасы бойынша – үшкір және тұйық қантты болады.
Кесектер, қалыңдығы 10 см ден артық аспайтын, бірақ ені 2 есе және одан артық қалыңдығынан аспайтын, араланған материалдар болып табылады.
Тақталардың және кесектердің кең жақтарын пласттар,жіңішке жақтарын жиектер,жиектерімен пласттардың қиылысу сызықтарын – қабырғалар деп атайды.
Араланған материалдарда жиектер араланбаған немесе бүкіл ұзындық бойынша немесе екі пласттарға перпендикуляр ұзындық бөлігінің бүкіл ұзындығында аралануы мүмкін.
Шпалдар, ірі көлденең қимаға ие, араланған материалдардың ерекше түрі болып табылады, және темір жолдардың рельстеріне төсеуге арналған. Шпалдар – кесілген ﴾ А ﴿ және кесілмеген ﴾ Б ﴿ екі санатқа бөлінеді.
3.Шпалдарды белгіленуіне байланысты үш түрде дайындайды:
1. Басты жолдарғ;
2. Станциялық және кірме жолдарға;
3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарына арналған;

Басқа бөлігі өңделмеген күйде қалатын, бөрененің кесілген бөлігін горбыль деп атайды.


Едендерге төсеуге арналған, қатты жапрақты жыныстардан аралаған ұсақ тақтайшаларды паркет деп атайды. Паркет квадрат метрлермен есептеледі.
Ағаш қоймаларында және биржаларда әртүрлі ұзындықты, ендікті және қалыңдықты тақталарды әртүрлі штабельдерге қалайды. Әрбір штабельге жеке көмір береді және есептеу ведомосттерінде штабелдегі тақталардың санын жазады.
Шпалдарды даралап, кейде көлем бойынша есептейді. Шпалдарды өткізу-қабылдау барысында трафареттердің көмегімен олардың түрін, әрбір түрге белгіленген, қималарға сәйкес келетін формалары мен өлшемдерін анықтау керек. Жаңа ғана дайындалған шпалдарды қабылдау барысында,белгіленген өлшемнің үстінен 5мм ден кем емес, кептіруге әдіптерді қалдыру керек.
Шпалдар қаланған алаңқайлар тиеуге ыңғайлы болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет