4. Ғылыми қызметкерлердің стажын есептеу
10. Ғылыми жұмыс стажына ғылыми ұйымдардағы ғылыми жұмыс уақыты есептеледі.
Бұл орайда ғылыми ұйымдардағы ғылыми жұмыс уақыты, егер ғылыми қызметкер кемiнде 0,25 мөлшерлемемен жұмыс iстеген жағдайда есептеледі.
11. Ғылыми қызметкерлердiң ғылыми жұмыс стажына, егер жеке алғанда да, тұтастай алғанда да, белгiлi бiр уақыт кезеңiнiң алдында және одан кейiн негiзгi жұмыс орны бойынша тiкелей ғылыми қызметпен жалғасқан болса, мынадай уақыт кезеңдері есептеледі:
1) осы қызметке тағайындалар немесе сайланар алдында тiкелей ғылыми қызметпен айналысқан жағдайда атқарушы органдар басшыларының және олардың орынбасарларының, сондай-ақ барлық деңгейдегi депутаттар лауазымдық қызметтерiндегi жұмыс уақыты;
2) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;
3) магистратурада, аспирантурада және докторантурада оқу уақыты.
5. Педагогикалық, ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге жатпайтын қызметкерлерге мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу
12. Еңбекақы төлеудiң тарифтiк-бiлiктiлiк кестесiне сәйкес мамандық бойынша жұмыс стажына ұйымдарда мамандық бойынша iстеген барлық жұмыс уақыты, сондай-ақ мынадай уақыттар кiредi:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлер құрамының, прапорщиктердiң, мичмандардың, мерзiмнен тыс қызмет ететiн әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекаралық әскерлердегi, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының басқару органдары мен азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесіндегі, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмдiк әскери қызметiн өтеу уақыты;
2) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа басшы құрамдағы адамдардың iшкi iстер жүйесiндегi қызмет өткерген, прокуратура органдарындағы қызмет, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының сот аппаратында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiнде жұмыс iстеген уақыты;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi органдарында, прокуратура органдарында, соттарында, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдарында, бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнде еңбек сiңiрген жылдарына үстеме ақы алу құқығын беретiн лауазымдарда жұмыс iстеген уақыты;
4) Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Мемлекеттiк банкi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жүйесiнде жұмыс iстеген уақыты;
5) бала көтеруiне және босануына байланысты демалыс уақыты, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес бала күту үшiн берiлген ақысыз қосымша демалыс уақыты;
6) оның еңбек қызметі өткен салаға қарамастан осыған ұқсас мамандықтар бойынша лауазымдардағы жұмыс уақыты;
7) барлық деңгейдегi депутаттар лауазымындағы жұмыс уақыты;
8) сол мамандық бойынша мемлекеттiк қызметте болған уақыты;
9) 1992 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы мен Қазақстан Республикасының партия, кәсіподақ және комсомол органдарында сайланбалы және жауапты лауазымдардағы жұмыс уақыты.
|
Бiлiм ұйымдары мен ғылыми
ұйымдардың қызметкерлерiне
мамандық бойынша жұмыс стажын
есептеу ережесiне қосымша
|
Ондағы жұмыс уақыты оқу-тәрбие ұйымдарындағы тиiстi лауазымдардағы қызметкерлердiң мамандық бойынша жұмыс стажына есептелетiн оқу орындарының, ұйымдарының және лауазымдарының тiзбесi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 12.01.2022 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Оқу орындарының, мекемелердiң және ұйымдардың атауы
|
Лауазымдардың атауы
|
1. Жалпы бiлiм беретін мектептер, оның iшiнде лицейлер (мектеп-лицейлер), гимназиялар (мектеп-гимназиялар), мамандандырылған, Тұңғыш Президенттің интеллектуалдық мектептері, шағын комплектілі, кешкi (ауысымды) және сырттай оқыту мектептерi, сырттай оқыту бөлiмдерi, эксперименттiк алаңдар, санаторлық мектептер және мектеп-интернаттар, санаторлық-орманды мектептер, барлық үлгiдегi және атаулы спорт мектептерi, мектеп-балабақшалар, балабақша-мектеп кешендерi, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтары (кешендерi), ұзартылған күн мектептерi және ұзартылған күн топтары, үш жылдық шеберлер мектебi, музыканттық тәрбие мектебi, арнаулы білім беру ұйымдар (дене бiтiмiнiң немесе ақыл-есiнің жетiлуiнде кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдерге арналған мектептер, мектеп-интернаттар, сыныптар, ерекше тәрбиелеу жағдайын қажет ететiн балалар мен жасөспiрiмдерге арналған арнаулы ұйымдар және т.б.) барлық үлгiдегi және атаулы мектеп-интернаттар, мектеп жанындағы интернаттар, оқушыларды еңбекке баулу және кәсiптiк бағдар беретін мектепаралық оқу-өндiрiстiк комбинаттар.
Музыкалық және көркем-өнер мектептерi мен мектеп-интернаттары. Мамандандырылған әскери орта мектептер, мектеп-интернаттар және училищелер. Логопедтiк пунктілер, психологиялық-медициналық-педаго икалық консультациялар.
Оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, түзету және инклюзивтік білім кабинеттері. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық білім ұйымдары, жасөспiрiмдер үйлерi, балалар деревнясы, балалар қалашықтары, балалар үйлері, кәмелетке толмаған балаларға арналған жетімханалар.
Балалардың еңбек және тәрбиелiк-еңбек колониялары, балалар қабылдау пунктілерi, кәмелетке толмағандарға арналған қабылдау-бөлу орындары, мектеп-колониялар (атауына қарамастан), ғылыми медициналық-педагогикалық консультациялар, еңбекке тәрбиелеу институттары, шәлкес мiнездi адамдарды ерекше жағдайда ұстайтын бiлiм беру ұйымдары.
Мектепке дейiнгi ұйымдардың барлық түрлерi мен атаулары (балабақшалар, бөбекжай-бақшалар, бөбекжайлар, мектепке дейінгі мини орталықтар).
Мектептен тыс балалар ұйымдары (номенклатураға сәйкес).
Клубтар, мәдениет сарайлары және тұрғын үй-пайдалану ұйымдары жанындағы оқушы бөлмелерi.
Техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдары:
кәсіптік лицей;
колледж;
училище;
кәсіптік-еңбекпен оқыту орталықтары;
еңбекпен түзету мекемелері жанындағы кәсіптік мектеп (лицей);
мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған кәсіптік мектеп (лицей);
жетім балаларға арналған кәсіптік лицейлер;
әскери-техникалық мектеп;
өңіраралық кәсіптік білім беретін орталық;
жоғары техникалық мектеп;
кәсіптік-техникалық оқыту орталығы;
фабрика-зауыттық оқыту және тәлімгерлік мектебі, азаматтық авиация мектептерi мен оқу-жаттығу бөлiмшелерi және атауына қарамастан кадрлар даярлау жөнiндегi оқу орындары.
Бiлiктiлiкті арттыру жөнiндегi курстарды, оның iшiнде сырттан оқытатын курстарды іске асыратын ұйымдар.
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру мекемелерi: бөбек үйлерi, балалар санаторийлерi, клиникалар, емханалар, ауруханалар, сондай-ақ ересектер мекемелерiндегi балаларға арналған бөлiмшелер, палаталар. Жоғары оқу орындарының филиалын қоспағандағы бiлiм беру ұйымдарының филиалдары. Студиялар, клубтар.
Студенттiк-зерттеу бюролары.
Оқу-консультация пунктілері, оқу (оқу-жаттығу) орталықтары, оқу-өндiрiстiк, оқу курстық комбинаттар, оқу-ғылыми-өндiрiстiк кешендер, оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталықтары.
Лагерлер (спорттық-қорғаныс, сауықтыру, мектептiк, еңбек және демалыс лагерлерi).
Бiлiм беру ұйымдарының оқу полигондары.
Оқу шаруашылықтары
|
1. Мұғалiмдер, барлық мамандық педагогтары, педагог-психологтар, сурдопедагогтар, әлеуметтiк педагогтар, педагог-ұйымдастырушылар, дефектолог мұғалiмдер, мұғалiм-логопедтер, оқытушылар, логопедтер, логопедтiк пункттердiң меңгерушiлерi, тәрбиешiлер (тәрбиешi-басшылар), тәрбиешi-әдiскерлер, аға тәрбиешiлер, аға әдiскерлер (курстардағы әдiскерлер, егер бұл курстар олар үшiн негiзгi жұмыс орны болып есептелген жағдайда), концертмейстерлер, сүйемелдеушiлер, музыкалық жетекшiлер (қызметкерлер), қосымша бiлiм беру педагогтерi, массовиктер және экскурсоводтар (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушылар (жаттықтырушылар, оқытушылар), вожатыйлар, аға вожатыйлар, мәдениет ұйымдастырушылар, еңбек жөнiндегi нұсқаушылар, аға шеберлер, өндiрiстiк оқу шеберлерi (нұсқаушылары), дыбыс кабинеттерiнiң нұсқаушылары, дыбыс кабинеттерiнiң меңгерушiлерi (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), денешынықтыру жөніндегi нұсқаушылар, жүзу жөніндегі нұсқаушылар, аға нұсқаушылар-әдіскерлер, нұсқаушы-әдiскерлер (оның iшiнде денешынықтыру және спорт, туризм бойынша), басшылар, директорлар, меңгерушiлер, бастықтар, олардың орынбасарлары (көмекшiлерi) (шаруашылық жұмыс жөнiндегi қызметкерлер санатынан басқа), оқу, оқу-тәрбие, педагогикалық бөлiм меңгерушiсi, өндiрiстiк оқыту, шет тiлі жөнiндегi оқу бөлiмiнiң меңгерушiлерi, бөлiмдердiң, зертханалардың, кабинеттердiң, шеберханалардың, бөлiмшелердiң, секциялардың, секторлардың, филиалдардың, оқу-консультациялық пунктілердің, психологиялық-медициналық-педаго икалық консультациялардың меңгерушiлерi (бастықтары), курстардың, оқу-өндiрiстік, оқу курстық комбинаттардың, циклдардың бастықтары, өндiрiстiк, педагогикалық практика меңгерушiлерi, тәртiп жөнiндегi аға кезекшiлер, тәртiп жөнiндегi кезекшiлер, бастауыш әскери дайындық жөнiндегi оқытушы-ұйымдастырушылар, бiлiм беру ұйымдарындағы аудармашы-дактилолог (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiнгi сурдопедагог).
|
2. Жоғары оқу орындары.
|
2. Профессорлық-оқытушылық құрам, ғылыми қызметкерлер
|
3. Жоғары, техникалық және кәсiптiк әскери оқу орындары
|
3. Профессорлық-оқытушылық лауазымдардағы жұмыс (қызмет)
|
4. Кадрларды жетiлдiру, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру институттары, барлық атаулы әдiстемелiк ұйымдар (ведомстволық бағыныстылығына қарамастан)
|
4. Профессорлық-оқытушылық құрам, оқытушылар, әдiскерлер (ғылыми қызметкерлер), аға әдiскерлер, директорлар, меңгерушiлер, олардың орынбасарлары, оқу бөлiмiнiң, секторлардың, кабинеттердiң, зертханалардың меңгерушiлерi.
|
5. Бiлiм беру органдары және бiлiм беру ұйымдарына басшылық етудi iске асыратын органдар.
|
5. Басқарушы, инспекторлық (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), әдiскерлiк лауазымдар, сондай-ақ педагогикалық қызметпен байланысты лауазымдар.
|
6. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгi, iшкi iстер басқармалары (бас басқармалары), Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің еңбекпен түзеу мекемелерiнiң басқармалары.
|
6. Аға инспекторлар (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), жалпы бiлiм беру, оқу-тәрбие, әдiстемелiк, мектептен тыс жұмыстар, өндiрiстiк оқу, баланы қорғау, мектепке дейiнгi тәрбие және оқу жөнiндегi инспекторлар.
|
7. Өндiрiстiк бiрлестiктер құрамында ұйымдастырылған мектепке дейiнгi балалар ұйымдарының, әлеуметтiк мәдени объектiлердің және спорттық ғимараттардың басқармалары (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн).
|
7. Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту, жастармен жұмыс бөлiмдерiнiң инспекторлары (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн)
|
8. Техникалық оқыту бөлiмдерi (бюро), кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң кадр бөлімдері, өндiрiсте кадрлар даярлаумен және олардың бiлiктiлiгiн арттырумен айналысатын министрлiктердiң (ведомстволардың) бөлiмшелерi.
|
8. Штаттық оқытушылар, өндiрiсте жұмысшыларды өндiрiстiк оқыту шеберлерi, қызметi кадрлар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру мәселесi мен байланысты басшылық, инспекторлық, инженерлiк (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), әдiскерлiк лауазымдар
|
9. ДОСААФ және азаматтық авиация оқу орындары және оқу ұйымдары.
|
9. Басшылық, командалық-ұшу, командалық-нұсқаушылық, инженерлік-нұсқаушылық, нұсқаушылық, инженер-әдіскерлер, инженер-ұшқыш-әдiскерлер (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн) оқытушылық құрам және өндiрiстiк оқыту шеберлерi.
|
10. Мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың жатақханалары, тұрғын үй-пайдалану ұйымдары, жастар тұрғын үй кешендерi, балалар кинотеатрлары, жасөспiрiм көрермен театрлары, қуыршақ театрлары, балалармен және жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi кәсiпорындар мен ұйымдардың мәдени-ағарту мекемелерi
|
10. Тәрбиешiлер, педагог-ұйымдастырушылар, психологтар, оқытушылар, қосымша бiлiм беру педагогтары, нұсқаушылар және нұсқаушы-әдiскерлер, жаттықтырушы-оқытушылар және балалармен және жасөспiрiмдермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi мамандар, балалар бөлiмдерiнiң, секторларының меңгерушiлерi
|
11. Еңбекпен түзеу колониялары, еңбекке тәрбиелеу колониялары, тергеу изоляторлары және түрмелер, емдеу-еңбек және еңбекпен тәрбиелеу профилакторийлерi, бұрынғы әскери тұтқындар мен жер аударылғандар лагерлерiнiң бөлiмдерi, арнаулы оқу-еңбек мекемелерi
|
11. Педагогикалық бiлiмi бар адамдардың бастықтың саяси-тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасары, саяси-тәрбие жұмысы жөнiндегi аға нұсқаушы және нұсқаушы (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), отряд бастығы, жалпы бiлiм беру жұмысы жөнiндегi аға инспектор және инспектор, аға нұсқаушы-әдiскер, кәмелетке толмағандармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi аға нұсқаушы және нұсқаушы (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), өндiрiстiк-техникалық оқу жөнiндегi аға инженер және инженер (1999 жылғы 15 қыркүйекке дейiн), өндiрiстiк оқу жөнiндегi аға шебер және шебер, күзет және тәртiп жөнiндегi аға инспектор және инспектор, оқу-техникалық кабинет меңгерушiсi, психолог, аудармашы лауазымындағы жұмысы (қызметi)
|
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Достарыңызбен бөлісу: |