Білім мамандықтарына арналған «Саясаттану» пәнінен практикалық (семинар) сабақтарға


Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1) институционалдық



бет45/62
Дата28.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#133637
түріСеминар
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқау

Г. Алмонд саяси жүйенi зерттей отырып, оны талдауды екi деңгейге бөлдi: 1) институционалдық, институттарды, олардың қызметтерiн, мемлекеттiк саясат қалыптасуы механизмi мен нормаларын сипаттаушы, және 2) бағдарлық, тұрғындардың саяси обьектiге бағдарының ерекше формаларын бейнелеушi. Бұл бағдарлар өзiне танымдық, көңiл-күйлiк, бағалау аспектiлерiн қамтиды. Бұл бағдарлардың жиынтығын Г. Алмонд айтуы бойынша саяси мәдениет құбылысы сипаттайды.
Жаңа қоғамдық жүйеге өту қоғамның саяси мәдениетiнiң даму қарқынымен тiкелей байланысты. Қазiргi саяси ғылымдар саласында саяси мәдениеттiң қырықтан астам анықтамасы бар.
Бұл осы түсiнiктiң өте күрделi екендiгiн көрсетедi. Ол анықтамалардың кемшiлiктерi де бар. Олардың бiрiне анықтамаға тән емес мәселелер қосылған, мысалы, еңбектегi белсендiлiк. Кейбiр анықтамаларда саяси мәдениет саясаттанудың басқа категорияларынан бөлек қаралады. Кейде саяси мәдениеттi рухани мәдениеттiң бiр бөлiмi деп қарайды.
Осы кемшiлiктердi ескере отырып, саяси мәдениетке берiлген анықтамалардың бiрнешеуiн талдап көрейiк. Поляк саясаттанушысы Ежи  Йозеф Вятрдың айтуы бойынша саяси мәдениет  ол үкiмет пен азаматтар арасына қатынасы бар нұсқаулардың, бағалаулардың, мiнез-құлықтардың жиынтығы. Сондықтан саяси мәдениетке мыналар жатқызылады
а) саясат туралы түсiнiк, оған құштарлығы
б) саяси оқиғаларды бағалай бiлу
в) саяси мақсаттың сезiмдiк жағы, мысалы, отанды сүю, оның жауларына өшпендiлiк
г) бұл қоғамды мойындайтын саяси бағыттардың үлгiлерi.
Ал, ғалым Е.С. Шестопал саяси мәдениетке анықтама бере отырып, оны төрт топқа бөледi:
1 «Психологиялық», саяси мәдениет  саясат объектiсiне бағыт берушi жүйе;
2 «Жалпыкөлемдiк» бойынша саяси мәдениет  жеке адамның саяси мiнез-құлқының құрылымы;
3 «Объективтiк» анықтама бойынша саяси мәдениет  жеке адамның тежеуiшi;
4 «Эвристикалық» бағыт саяси мәдениет сараптау мақсатында қолданылады деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет