Білім мен білікті жаңҒыртатын жаңа бағдарлама және жиынтық бағалау мұғалімнің айналысатыны


Жиынтық бағалаудың өткізу кестесі



бет4/4
Дата23.01.2023
өлшемі59,17 Kb.
#166156
1   2   3   4
Байланысты:
ана бағдарламааааа

Жиынтық бағалаудың өткізу кестесі
Қазақ тілі пәні



Тоқсан

апталар

ЖБ рәсімдерінің атауы
(бөлім бойынша ЖБ тақырыптары)



апта

Бағалауды өткізу формасы

Жиынтық бағалау рәсімдерін орындау ұзақтығы

Мерзімі
Ескерту




1

1-тоқсан

9

«Өзім туралы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

4

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

20 минут

27.09




2

1-тоқсан

9

«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

8

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

20 минут

23.10




3

1-тоқсан

9

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

8

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

40 минут

26.10




4

2-тоқсан

7

«Менің мектебім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

4

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

20 минут

4.12




5

2-тоқсан

7

«Менің туған өлкем» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

6

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

20 минут

25.12




6

2-тоқсан

7

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

7

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

40 минут

28.12




7

3-тоқсан

10

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

3

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

20 минут

7.02




8

3-тоқсан

10

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

4

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

20 минут

12.03




9

3-тоқсан

10

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

9

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

40 минут

15.03




10

4-тоқсан

7

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

2

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

20 минут

26.04




11

4-тоқсан

7

«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

5

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

20 минут

10.05




12

4-тоқсан

7

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау

6

ЖБ –ға арналған
тасырмалар

40 минут

24.05




Осы кесте бойынша бөлім аяқталған бетте жиынтық бағалауды алып, тексеріп , ата-анаға арналған рубриканы таратып беремін. Ата-аналар туралы айтатын болсақ, бағалаудың жаңа жүйесінің артықшылықтарын, тағы да бөліп көрсете аламыз, ата-аналар өз баласының оқығандық деңгейінің объективті дәлелін көреді, бала оқуындағы прогресті қадағалай алады және оқу барысында баласына қолғабыс көрсете алады.
Ең маңыздысы, бағалаудың жаңа жүйесімен балаға сыныпта және мектепте жайлы болатынына сенімді боламыз. Әр оқушының ата-анасы өз баласының орындаған жұмысы бойынша деңгейін біліп отырады.
Қыркүйек айынан бастап алған жиынтық бағалауым бойынша мысалы математика пәнін алатын болсам осы уақытқа дейін бөлім бойынша 4 жиынтық бағалау, 1 тоқсандық жиынтық бағалау өткіздім.
. Математика пәні бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы
Оқушылар бұл жұмыстың барлығына қызығушылықпен қатысты . Алдына ала жинақ тапсырмалардан оқушыға тапсырмаларын, бағалау критерийлерін, рубрикасы шығарылды. Жұмыс уақыты 15 минут болатын. Жұмыс жекелеген оқушыларға қиындық тудырды. Дегенмен, әр оқушы қалыптастырушы бағалау кезінде алған білім деңгейлерін көрсете алды. Ата – аналарға осы жұмысқа байланысты рубрикалар таратылып, таныстырылды.
Рубрика
Әр ата – ана өз баласының жеткен жетістігі мен кемшілігі туралы мәлімет алды. Әр пән бойынша білім алушының жиынтық бағалау кестесі толтырылды.
Оқушылардың білімін есепке алу бетшесі мен журналы

Сыныбымда 9 оқушы бар. Математика пәнінен бөлім бойынша жүргізілген 2жиынтық бағалау барысында оқушылардың пайыздық есебі шығарылды: 100-81% – 3оқушы; 80-51% – оқушы; 20-50% – 2оқушының білім дәрежесі нақтыланды. Осы пайыздарды сайттарынан алынған электронды журналға тіркегенде әр оқушыға болжам бағалары қойылды:
«5» – 2; «4»- 4;«3»- 3
Журналдың әр бетінде мерзім мен тақырыпқа тек 20 графадан бөлінген, сондықтан осыған байланысты келесі шешім қабылданды:
БЖБ және ТБЖ бағалары бірінші беттен басталады – І тоқсан, 2-бетте – 2 тоқсан, 3-бетте – ІІІ тоқсан, 4-бетте – ІV тоқсан, жылдық баға 5-бетте жазылады
Сонымен критериалды бағалау бізге не береді? деген сұраққа тоқталсам
Мұғалімдерге:

  1. Білім беру сапасын арттыруға;

  2. Оқытудың сапасын жақсартуға;

  3. Әр оқушының жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, жеке оқыту траекториясын құруға;


Оқушыларға:

  1. Өз нәтижелерін болжау арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін білуге және түсінуге;

  2. Өзінің және өз құрдастарының жетістіктерін бағалап, рефлексияға қатысуға;

  3. Шынайы міндеттерді шешу үшін өз білімдерін қолдануға, түрлі көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.


Ата-аналарға:

  1. Өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;

  2. Баланың оқудағы прогресін қадағалауға;

  3. Оқу үдерісінде оқушыға қолдау көрсетуге;

  4. Мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға;

  5. Баласының мектепте және сыныпта жайлы сезінуіне сенімді болуына мүмкіндік береді.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Сондықтан оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.

Бүгінгі заман талабы – жан-жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға тәрбиелеу. Оқушы тұлға болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге, жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет.

Қорыта айтқанда, критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады.


Жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін.

Сыныбымда 9 оқушы бар. Математика пәнінен бөлім бойынша жүргізілген жиынтық бағалау барысында оқушылардың пайыздық есебі шығарылды: 100-81% – 3оқушы; 80-51% – оқушы; 20-50% – 2оқушының білім дәрежесі нақтыланды. Осы пайыздарды сайттарынан алынған электронды журналға тіркегенде әр оқушыға болжам бағалары қойылды:


«5» – 2; «4»- 4;«3»- 3

Білім алушылардың оқу бағдарламаларының мақсаттарына жетуі білім


алушылардың дағдыларын қалыптастырады. Дағдыларды нақты бағалау
критериалды бағалаудың негізгі аспектісі.
Төменгі кестеде оқу бағдарламасына енгізілген дағдылар берілген, және
олардың дамығаны мен қалыптасқан дәрежесін қалыптастырушы және ішкі
жиынтық бағалау қажет.
2 Кесте Білім алушылардың ойлау іс-әрекеттері дағдыларының
қалыптасуын бағалау
Білу Нақты фактілерді , ақпаратты және оның
сипаттамасын біледі және айтып береді.
Түсіну Түсінігін дұрыс көрсету арқылы
жаңғыртады, ақпаратқа болжам немесе
деректі түсінік береді.
Қолдану Бұрында алған білімі мен ақпаратты жаңа
немесе бейтаныс мәнмәтінде немесе
жағдайларда қолданады.
Сыни ойлау Ақпараттың немесе идеялардың
маңыздылығы мен анықтығы туралы
пайымдау немесе әртүрлі көзқарас
жолымен қарастыруы қалыптасқан.
Талдау Ақпараттық материалдарды құрастырушы
бөліктерге бөлу қабілеті, себебін немесе
дәлелін анықтау арқылы ақпаратты әртүрлі
қорытындылар алу үшін зерделеу, ой
қорытындысын және/немесе жалпы
ережелерді дәйектеу үшін дәлелдемелердің
шешуін таба біледі.
Жинақтау Бұрында алған білімдердің әртүрлі
бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта
жаңғырту қабілеттерін көрсетеді.
Бағалау Идеялар мен фактілердің маңыздылығы
туралы белгілі бір критерийларға қарап
пайымдауы қалыптасқан.
Коммуникациялар Өз қызығушылығы мен көзқарасын
негіздеу арқылы, адамдармен өзара
әрекеттестік пен өзара келісу, басқа
адамдардың көзқарасы мен
қызығушылығын қабылдай алу қабілеттері.
Тыңдалым арқылы
коммуникациялар
Оқу бағдарламасы аясында әртүрлі
тақырыпқа айтылған ауызша пікірлердің
мазмұнын түсінуі және ондағы кілтті
ақпаратты бөліп көрсетуі; сөйлеушінің
пікірін танып білуі; сөз мағынасының
мәнмәтінін анықтауы; оқушының деңгейіне
сәйкес, әртүрлі стратегия қолдану арқылы
әртүрлі тұрпаттағы мәтін мазмұнын түсінуі,
қабылдауы;
Тілдік пәндер бойынша сөйлеу әрекетінің 4 түрі бағалануы тиіс екенін есте
сақтау қажет: тыңдалым, айтылым, жазылым және оқылым. 3 –ші кестеде
оқыту процесінде білім алушылардың жетуі тиіс тілдік дағдылар сипатталған.
3 – кесте Сөйлеу әрекетінің түрлері
Дағдылар Сипаттама
Тыңдалым
арқылы
коммуникация
(тыңдалым)
Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға
қатысты айтылған ауызша пікірлердің негізгі
мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты бөліп
алу; сөйлеушінің пікірін түсіну; мәнмәтін бойынша
сөздердің мағынасын анықтау; түрлі стратегияларды
қолдану арқылы білім алушылардың деңгейіне сәйкес
келетін әртүрлі мәтіндердің мазмұнын қабылдау және
түсіну: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге
сүйенумен қажетті/нақты ақпаратты, мәтіннің
бөліктерін таңдау және түсіну.
Жазылым Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға
байланысты жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу,
редакциялау және түзету; нақты және ойдан
шығарылған оқиғалар туралы жаза білу, оқылғаны
туралы сыни пікірлер беру білігі; орфографиялық
және грамматикалық қателер жібермей барынша
сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі
байланыстырушы сөздерді қолдану арқылы
параграфтағы сөйлемдерді байланыстыру.
Оқылым
арқылы
коммуникация
Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы
әдеби және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұнын
түсіну және олардан негізгі ақпаратты белгілеу,
ақпаратты іздеудің түрлі стратегияларын қолдану;
мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау;
автордың қарым-қатынасын және пікірін түсіну;
сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең түсіну
үшін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы
түрлі дереккөздерді қолдану.
Айтылым Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы
сұхбаттасу барысында ресми және ауызша сөйлесу
стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты алу үшін
неғұрлым күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін
айту; күтпеген түсінікке жауап беру; тапсырманы
орындау барысында құрдастарымен қарым-қатынас
жасау; арнайы лексиканы сауатты пайдалану;
хикаялар мен оқиғаларды мазмұндау.
Білім алушылардың жетістіктерін бағалауда маңыздысы, жиынтық
бағалауды жүргізгенде мұғалімдер мен білім алушылардың бағалау
критерийлерін біркелкі түсінуі.
Осы жағдайда білім алушыларды бағалау критерийлерімен жиынтық
бағалауды өткізер алдында таныстыру керек және туындаған сұрақтарды
талқылау керек.
Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға
ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл,
баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы, орта білім беру
деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Тиянақтау процесінде білім алушының оқу
бағдарламасына сәйкес біліктілігі мен дағдыларын көрсететін дәлеледерді
жинақтау жүзеге асырылады.
Әдістемелік әзірлемеде білім алушылардың тарауды/тоқсанды және оқу
жылын аяқтағанда игерілген білімі мен қалыптасқан дағдыларының
интегралды деңгейін анықтау үшін жиынтық бағалауды қолдану бойынша
ұсыныстар берілген.
Білім алушылардың дайындық деңгейі әрбір білім беру аясының
ерекшелігін ескере отырып нұсқаланған, оқытудың күтілімді нәтижелері
арқылы анықталады. Мұғалімге оқу жылы және тоқсан бойынша жиынтық
жұмыстардың саны берілген (4- кесте) және де 5-ші сыныптарға арналған оқу
пәндері бойынша жиынтық бағалаудың ең жоғары балл саны берілген (5-кесте)
кестелері ұсынылады.
4 кесте 5-ші сыныптардағы (орыс тілінде оқитын

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді.Әдістемелік материалдардың толық ресурсы: оқу бағдарламалары, оқулықтар, күнделікті сабақ жоспарлары, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдардың бәрі де дайын.Әр пән бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын сайттарынан пайдаланып отырдық. Жинақ тапсырмалары оқубағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсастапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарынажету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілерболып табылады.Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері менмүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтыруларенгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.Қалыптастырушы бағалау барысында оқушының білім деңгейлерін есепке алу журналы толтырылып отырды. Оқушы орындаған әр тапсырма барысында берілген дескрипторды басшылыққа ала отырып, әр оқушы жұмысына кері байланыс жазылып отырды және оны оқушы портфолиосына салынып, жинақталды. (1-сурет)


1-сурет. Оқушы портфолиосы. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Ата – анамен байланыс орнату мақсатында апта сайын оқушының білім деңгейлері туралы хабарлама беріліп отырды. (2-сурет)
2-сурет. Ата – анамен байланыс дәптері

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Биылғы жаңа оқу жылынан бастап осы жүйе, яғни әлемдік тәжірибе еліміздің барлық мектептерінің бірінші сыныптарына енгізілді.


Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 76,79, 89-қадамдарын және Білім мен ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жаңаша білім мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жұмыстарын бастады. Білім беру жүйесіне енгізілетін реформа, ең алдымен, оқушыларға сапалы білім беруді, болашақта олардың әлемдік бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етуді көздейді.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары). Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі.
Тәжірибеден өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның бірі коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе, жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының 6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде «ең бірінші тыңдаймыз» деп оқушылардың тыңдалымға дағдылануына баса назар аударып отыру оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Күнделікті сабақ басталмас бұрын бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру оқушыда өз алдына мақсат қоя білуге, сабақ соңында бүгінге мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз нәтижесіне саралау жасауға мүмкіндік беру бұл да жаңа білім беру мазмұнының жаңа бір қыры деп айта аламын.Әр пәнде үш тілділік саясатының жүзеге асуы және барлық пәнге тән ортақ тақырыптың болуы, сабақтың кіріктіріле өткізуге негізделуі оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетімен тұжырым жасауына ықпал етеді.
Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр.Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы бағалау нәтижесін есеп беру бетшесі арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде.Кері байланыс бетшесінде алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып, ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериальды бағалау жүйесіне көшті. 
Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Педагогикалық шеберлік орталығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет