Ұйымдастыру.
Ізденістер.
|
-Біздің топта қандай өсімдіктер бар?
-Бөлме өсімдіктері өсу үшін не керек?
-Бөлме өсімдіктерін қалай күтеміз?
Балалар, бөлме өсімдіктері екі топқа бөлінеді олар: күн саулесін жақсы көретін бұл өсімдіктердің жапырақтары ашық түсті, күн саулесі жақсы түсетін жерде жақсы өседі олар:колеус, герань, хлорофитум, балзамин. Көленкеге төзімді бұл өсімдіктердің жапырақтары қалын, күн саулесі аз түсетін, көленке жерде жақсы өседі олар:Трандесканция, папоротник, бегония, кливия.
Дидактикалық ойын: «Күн, бұлт»
Мақсаты:өсімдіктерді ажырату дағдыланады.
Белгілер арқылы балалар екі орталықа бөлінеді.
1-ші орталық «Зерттеу» табиғат бұрышында зертеу жұмыстарын жүргізеді.
2-ші орталық «Шығармашылық»
Жырту әдісі арқылы алоэ өсімдігін суретің бейнелеу.
Өсімдік мүшелерімен танысамыз. Өсімдіктің жер астындағы мүшесі не балалар?
-Тамыр арқылы өсімдіктер топырақтан өсу үшін көректі заттар алады. Тамырдың жалғасы сабақ. Сабақ арқылы су, көректі заттар жапыраққа, гүлге барады. Сабақта жапырақтар орналасқан. Күн саулесі жапыраққа түседі, жарық арқылы өсімдіктер тыныс алады.
Гүл арқылы өсімдіктер көбиеді, тұқым таратады.
Бөлме өсімдіктерің қалай күтіп өсіреміз?Қалай суару керек?Топырақты тексеру керек.Құмды таяқшамен созу, егер құм құрғақ болса дыбыс қаты шығады, ал дыбыс ақырын шықса топырақ ылғалды. Су бөлме температурасы болу керек. Суды алдын ала тыңдыру керек.
Қопсыту- бөлме өсімдіктердің тамырлары тыныс алу үшін істелінеді.
Бүркеу-бөлме өсімдіктердің төменгі жағын жауып, тамырды зақымдамау үшін.
Алоэ өсімдігі туралы түсінік беру.
Алоэ-асфоделдер тұқымдасына жатады. Туысында 350-ге жуық түрі бар. Африканың тропикалық аймақтары мен Мадагаскар аралында таралған. Отанында бұл өсімдік жылда гүлдейді. Ал Қазақстанда бөлме гүлі ретінде өсірілетіндіктен, үй жағдайында өте сирек гүлдейді. Жүзжылдық деп аталуы, жүзжылда бір гүлдейді дегеннен шыққан. Күтімі өте жеңіл. Жапырақтары шырынында бактерицидтік қасиеті өте жоғары болғандықтан, медицинада үлкен қолданыста. Басқа өсімдіктерге қарағанда фитонцидтерді көп бөледі. Фитонцидтер-ауадағы бактерияларды жояды. Жарық сүйгіш. Жазда жиі, қыста сирек суарады. Қалемше арқылы көбейтіледі.
Алоэ қалемшесін отырғызу.
Айналым жасау
|
-Бөлме өсімдіктер. Себебі олар бөлмеде өседі.
-Топырақ, жарық, жылу және су.
-Суарамыз, қопсытамыз, шан сүртеміз.
Тыңдайды.
Гүлдерге белгілерді қояды күн саулесін жақсы көретін гүлдерге «күн» белгісін, көленкеге төзімді өсімдіктерге «бұлт» белгісі.
-Тамыр.
Балалар іс-жүзінде жасайды. Суды гүлдің түбіне қимаймыз, ыдыстын жиегіне қиямыз. Гүлдерді суару.
Гүлдердің түбін қопсытады.
Алоэ қалемшесін тәрбиешінің көмегімен ыдысқа отырғызу.
|