Бiлiм туралы 1-бап



бет12/22
Дата19.05.2020
өлшемі0,52 Mb.
#69652
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
bilim turaly
Богатый Папа, Бедный Папа, bilim turaly
37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет

1. Табыс алумен байланысты жеке педагогтік қызмет кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Жеке педагогтік қызметпен айналысатын тұлғаны мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Жеке педагогтік қызмет лицензияланбайды. 

Ескерту. 5-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы

1. Білім алушылардың кәсіптік практикасы кадрлар даярлайтын білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып табылады. 

Кәсіптік практика тиісті кәсіпорындарда (ұйымдарда) жүргізіледі және оқыту процесінде алған білімдерді бекітуге, практикалық дағдыларды игеруге және озық тәжірибені меңгеруге бағытталған. 

2. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны жұмыстық оқу бағдарламаларымен және жұмыстық оқу жоспарларымен айқындалады. 

3. Кәсіптік практиканы өткізу үшін білім беру ұйымдары шарттық негізде практиканың базасы ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындайды, олармен практиканы өткізудің келісілген бағдарламалары мен күнтізбелік кестелерін бекітеді. 

Шарттарда білім беру ұйымдарының, практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындардың (ұйымдардың) және білім алушылардың міндеттері мен жауаптылықтары айқындалады. 

4. Кәсіптік практикаға кететін шығындар білім беру ұйымдарында және практиканың базасы болып табылатын кәсіпорындарда (ұйымдарда) көзделеді және жасасылған шарттармен айқындалады. 

5. Практиканың базалары болып табылатын кәсіпорындармен (ұйымдармен) шарттар білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге арналған шарттардың үлгілік нысаны негізінде жасасылады. 

6. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың екінші курсынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті. Кәсіптік практиканың мазмұны мен базасы мамандықтың бейіні мен білім беру бағдарламасының мазмұнына сәйкес айқындалады. 

7. Осы баптың талаптары әскери, арнаулы оқу орындарында білім алушылардың кәсіптік практикасына қолданылмайды. 

Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

39-бап. Білім туралы құжаттар

1. Қазақстан Республикасында білімі туралы құжаттардың мына түрлері қолданылады: 

РҚАО-ның ескертпесі!

1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар; 

2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары; 

3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар. 

Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі. 

Білім туралы құжаттардың барлық түрлерінің қорғаныш белгілері болады. 

2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

3-тармақтың осы редакциясы 01.01.2017 бастап 01.01.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатты: 

1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары, сондай-ақ Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары

1-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер; 

2) Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді. 

Мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

РҚАО-ның ескертпесі!

39-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді. 

Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды. 

4-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді. 

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

РҚАО-ның ескертпесі!

5-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2021 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.

5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты: 

1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы; 

2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге құқылы. 

Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды. 

6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі. 

7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады. 

Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктер беру білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

8. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады. 

Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.02.2019 № 227-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет