- Өз отбасының
- мүшелері және
- отбасындағы
- орыны туралы
- білімдерін
- кеңейту.
- “Отбасы”
- тақырыбының
- мазмұнын өздері
- ашуға, өз ойларын
- ашық айтуға,
- жеткізе білуге
- үйрету.
- Оқушыларды
- үлкенге ізет,
- кішіге қамқор
- болуға,
- инабаттылық пен
- адамгершілікке,
- отбасын сыйлай
- білуге үйрету.
- Көрнекілігі: Сызбалар, суреттер.
- Әдістері: ой толғау, ой шақыру, сұрақ – жауап.
-
- І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Әнұранды айту.
- ІІ. Психологиялық дайындық
- “Қайырлы күн” деп айтамыз,
- Түсте бірге қайтамыз.
- Отбасының гүліміз,
- Көңілді өтер күніміз.
- Маған да, саған да
- Жақын туыс бес адам.
- Үш әріптен тұратын
- Оңға оқы, солға оқы
- Өзгермейді еш одан
- Бәрі де өз жұртың
- Айтады, кәне кім атын? (Ата, ана, апа, аға, іні )
- -Осы кісілерді басқа сөзбен қалай айтуға болады?
- Отбасы. Жанұя.
- Отбасы туралы не білеміз?
- Отбасы туралы не білеміз?
- Отбасы-адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
- Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата – ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, берекелі, бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
- ІV. Отбасы - шағын мемлекет.
- Балалар, дұрыс айтасыңдар адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Жеке адамның бойындағы ар – ұяты, ақыл –ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым – қатынасы, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқа ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
- Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.
- Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
- Балалар, отбасы бақытты болу үшін не қажет?
- Келісім, байлық, денсаулық.
- Осы жерде аталғандардың қайсысын бірінші, қайсысын екінші, қайсысын үшінші орынға қояр едіңдер?
- Отбасында денсаулық пен келісім болса, бақыт ешқайда қашпайды деп айтсақ артық болмайды.
- Отбасы туралы мақал айт.
- Ана туралы өлең оқу.
- Жігіттің неше жұрты бар?
- Анаңның туысқандары саған кім болады?
- VІ. Мақалды жалғастыр:
- .........- от басынан басталады.
- Бірлік болмай,
- ...........................
- Әкеге қарап ұл өсер,
- ............................
- Бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімеледік?
- «Жүрек жылуы» шеңбері.
- (Оқушыларға жұлдызшалар тарату. Жұлдызшалардың түр түсін түсіндіру)
- Қызыл түсті жұлдызшаны кім ансын жақсы көрсеалуды, көк түсті – әкесін, сары түсті алғандар – әжесін, жасыл түсті алғандар – атасын, қоңыр түс – ағасын, ақ түс – апасын жақсы көргендер алсын деп ұсыныс жасалады. Балалар өздері қалаған жұлдызшаны алады. Бәріңізде өздеріңіздің отбасыныздағы адамдарды өте жақсы көреді екенсіңдер. Отбасы адамдары әрқашан тату, бір – біріне қамқоршы, көмекші болады. Отбасы – шағын қоғам. Сонда ғана отбасымыз мықты мемлекет болады екен.
- «Мықты отбасы – мықты мемлекет» деп айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |