Online Mektep мұғалімге не береді?
Сабақты құрастыру және тапсырмаларды тексеру кезінде уақыт үнемдейді;
OnlineMektep сервисі КТЖ және ҚР МЖМБС талаптарына сай келетін әр пән мен сынып үшін лайықты интерактивті тапсырмалардың дайын базасын ұсынады;
Әр оқушы мен бүкіл сынып туралы толық статистика болады;
Бір сынып ішіндегі жеке, индивидуалды траекторияларды сақтай алады;
Бөлім мен тоқсан бойынша жиынтық бағалауды әзірлеу қызметі бар;
Онлайн сабақ өткізу үшін бейнеконференция ұйымдастыруға болады.
Барлық сыныппен және әр оқушымен жеке хабарлама алмасуға мүмкіндік бар.
Bilimland.kz платформасының білім беру контент жинағынан өз сабағына қажетті оқу материалын таңдап алуға мүмкіндігі бар.
Қалыптастырушы бағалауды үздіксіз жүргізуге және сынып пен әр оқушының үлгерім траекториясын бақылауға болады.
OnlineMektep оқушыға не береді?
Өмірдегі нақты мысалдармен байланысты интерактивті тапсырмалар.
Лезде дайын болатын нәтиже мен кері байланыс.
Оқушы ауырып қалған немесе емделіп жүрген кезінде жіберіп алған сабақтарды оңай оқып, үйренуге мүмкіндік бар.
Сандық ортада оқу дағдысын қалыптастырады. Сонымен қатар сандық құрылғыларды ойын-сауық үшін ғана емес, пайдалы мақсатта қолдануға да үйретеді.
Өз бетімен оқу және жұмыс істеу дағдысын береді;
Кез-келген уақытта өткен материалды, тіпті алдыңғы сыныптарды да қайталауға мүмкіндік бар;
Географиялық және уақытша шектеулерге қарамастан сапалы білім беру контентіне қол жеткізеді.
Сыныпта Online Mektep-пен қалай жұмыс істеу керек
Оқушылар сабақта сандық оқу материалдарымен жеке немесе топтарда жұмыс істей алады. Бірақ мұғалім бұл кезде оқушылардың сұрақтарына жауап беру немесе тапсырманы шешу жолдарын талқылау арқылы процеске араласып отырады.
Мұғалім оқушыларға белгілі бір тақырыптарды үйден оқып келіңіздер деп тапсырма бере алады. Мысалы, twigbilim. kz немесе imektep.kz. сайттарынан видео көру деп алсақ болады. Ал осы тақырып бойынша туындаған сұрақтарды сыныпта немесе бейнеконференция кезінде талқылауға мүмкіндік бар.
Әр оқушы өзіне ыңғайлы оқу қарқынын таңдай алады және өз сыныптастарынан оқуда артта қалып қалмайды.
Ата-аналар баласын оқытуға белсенді түрде қатыса алады және оқу мақсаттарына үйде жетуге көмектеседі.
OnlineMektep-тің БЖБ мен ТЖБ-ға арналған тапсырмалары
Мұғалім бөлімге немесе тоқсанға жиынтық бағалау жасау үшін Online Mektep тапсырмаларын қолдана алады.
Мұғалім қажетті БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын дайын базадан таңдап алуына немесе өткен материалды және жиынтық бағалаудың ерекшеліктерін ескере отырып, өз тапсырмасын жасауына да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |