Баяндама:
Bilimland.kz сайтын тиімді пайдалану
туралы нұсқаулық
Информатика пәнінің мұғалімі
С.Құлжанова
Bilimland.kz сайтын тиімді пайдалану.
Bilimland.kz – бұл әмбебап, көптілді білім платформасы.
Bilimland сайты - Білім беру жүйесінің жаңа технологиялары, әлемдік білім беру нарығындағы ең озық компаниясының жетістіктері негізінде жасалған.
BilimMedia Group компаниясының, заманауи интерактивті технологиялары арқылы білім алуды тірек еткен электронды оқыту сапасын арттыруда қолданатын тамаша платформа. Мектеп бағдарламасына арналған ең бай интерактивті сабақтар жинағы.
Мектепке дайындық, бастауыш мектеп математикасы, орта мектеп математикасы,физика, химия, биология, география, ағылшын, француз, неміс тілдері және қазақ әдебиеті. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.
Бастауыш мектеп бағдарламасында 8 пән қамтылған: математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, музыка, өзін-өзі тану.
200-ге тарта видео-сабақтар мен жүздеген интерактивті жаттығу ойындары бар. Барлық мобильді құралдарда жұмыс істейді. Бастауыш мектеп бағдарламасына imektep.kz бастауыш мектеп анимациялық бағдарламасы 170-тен астам тақырыптан тұрады. Әрбір сабақ тақырыбын түсіндіреді қысқа анимациялық фильмнен тұрады.
IMektep үшін жарамды білім беру ресурсы bilimland.kz үшін құрылған шоттар (пайдаланушы аттары мен құпиясөздер). Яғни bilimland.kz өз
шоттарын қосылған пайдаланушылар автоматты түрде білім беру ресурсы iMektep.kz болы табылады.
iTest-ұлттық бірыңғай тестіге онлайн дайындалуға болады. iTest – бөлімінде математика, орыс тілі, қазақстан тарихы, қазақ тілі пәні және физика, химия, биология, география, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілдерінен тест жинақтары бар. Әр бөліміне тіркелу
арқылы тестілерді орындайды. Сонымен қатар тегін сабақтар бар. Мектебіміздің ұстаздары Bilimland порталы туралы жан-жақты мәлімет алып, оң пікірлерімен бөлісті.
Мектеп бағдарламасының негізінде жасалған ресурстар мұғалімдерге таптырмас көмекші және оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін қызықты оқыту құралы. Сіз іздеу жүйесін немесе құрылымдық картаны пайдалана отырып, мектеп бағдарламасы бойынша өзіңізді қызықтырған кез келген тақырыпты таба аласыз. Bilimland.kz ресурстарын сыныпта қолдану әдісі мен тәжірибесі мұғалімнің шығармашылық қабілетіне байланысты. Bilimland сабақтары жаңа тақырыпты түсіндіру барысында презентациялық материал ретінде, тақырыпты қорытындылау барысында тәжірибелік тапсырма ретінде немесе өткен тақырыптарды қайталау барысында қызықты көрнекті материал ретінде қолданыла алады. Оқушылар Bilimland.kz ресурстарының көмегімен сыныпқа келмей тұрып жаңа тақырыппен өз беттерінше танысады, ал мұғалім сыныпта уақытының көп бөлігін жаңа тақырыпты түсіндіруге емес, оны талқылауға бөледі.
Bilimland.kz ресурстары мазмұны жағынан мектеп оқулықтарына қарағанда едәуір кең, дегенмен қағаз түріндегі оқу құралдары мен оқулықтарға балама болып саналмайды. Bilimland ресурстары – дәстүрлі оқыту тәжірибесін толықтыруға және кеңейтуге арналған дербес оқу кешені.Электронды оқыту ресурстарының артықшылығы – олар әрдайым жаңарып отырады. Әдіскер және пән мұғалімдерінен құралған топ – оқыту ресурстарын мазмұны жағынан қызықты әрі бірегей етіп жасау үшін әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде болады.
Bilimland.kz ресурстарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жүйесіне кіретін барлық мектеп, Алматы қаласындағы халықаралық мектептер, сонымен қатар Астана қаласының, Қызылорда, Қарағанды облыстарының және Қазақстанның басқа өңірлеріндегі 350 мектеп пайдалануда.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен типтік оқу жоспарлары жиі өзгеріп отырғандықтан, ресурстарды жасау барысында аталған стандарт , жоспарларға сүйеніп отыр.
Білім алу- сан қилы әрекет түрін қамтитын аса күрделі әрі үздіксіз процесс. Оған қатысатын әр адамның өз қабілеті, өз ырғағы мен талғамы бар. Сондықтан да білім алу әр адам үшін ерекше процесс. Технологиялардың қарқынды дамуы, жаңа ұғымдар, бағыттар, техникалық құралдар өмірге дендеп еніп жатыр. Оған ілесу, барлығын түсініп игеру тіпті кәсіби мамандарға да оңай емес. Бірақ біз осы технологиялардың керемет мүмкіндіктер туғызатын зор күшіне риясыз сенеміз. Бұл жаңалықтар баршаға қолжетімді сапалы білімге жол ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |