«bilimnur» баспа редакциясы «ЖАҢартылған білімге – жаңашыл ұстаз»


«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата23.01.2020
өлшемі10,09 Mb.
#56375
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
forum toptama2020 (1)


«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
 ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
             
Қызылорда облысы Шиелі ауданы «№ 50 Абай атындағы орта метебі» КММ
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Жанкушева Райхан Серикбаевна 
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу 
басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік 
білім   беруді   басты   идея   етіп   ұстанатын   «Бөбек»   қорының   президенті   С.Назарбаеваның   «Өзін-өзі   тану» 
авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі 
білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім 
қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.  
«Өзін-өзі  тану» бағдарламасында көзделетін  басты  мақсат  -  әрбір баланы өз  бойындағы шығармашылық 
әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, 
өз   әдет-қылығы   мен   тәртібін   басқара   және   бағалай   білуге   үйренуіне   мүмкіндік   туғызу.   Оқу-әдістемелік 
кешеннің барлық компонеттері өзара байланысты және дамыта оқытудың мақсаттарын арнайы сабақтарда және 
сабақтан тыс уақытта, балабақшада, үйде іске асыру көзделген (дәптердегі кейбір тапсырмаларды тәрбиеші 
нұсқауымен үйде орындауға болады).
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы сабақтары 10-15 баладан құралған шағын топтарда ұйымдастырылады.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасы баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты.Сабақ жүргізілетін 
арнайы бөлме кең, жарық, сабаққа қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған болуы керек. Балалар өзін емін-
еркін, психологиялық тұрғыдан жайлы да жағымды сезінетіндей, көзтартарлықтай көркем безендірілуі тиіс.
Бөлмеде сабақтың мақсат-мазмұнына, дәптермен жұмыс істеуге ыңғайлы болатындай үстелдерді алуан түрлі 
етіп (шеңбер, қатар, қарама-қарсы және т.с.с.) орналастыру қажет.
Сондай-ақ міндетті түрде музыкалық шығармаларды тыңдау және бейне көріністерді тамашалау үшін дыбыс 
бейнежазба қүралдар, дидактикалық  материалдар мен  фотосуреттерді  іліп  көрсету үшін  тақта болуы керек. 
Мұндай бөлмелер балалардың жақсы жұмыс істеуіне, тамаша әсер алуына ықпал етеді.
Тәрбиешінің   балалармен   жеке   тұлға   ретінде   қарым-қатынас   жасауындағы   басты   мақсаты   -   баланың   өзі 
туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелеуге, оны ой елегінен өткізіп, баға бере білуге, тек өзіне  
ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет,  
ықылас таныта білуге үйрету. Қарым-қатынас барысында әр баланың жанарына жылы шыраймен қарап, өзінің 
қимыл-қозғалысы, ым-ишарасы арқылы оған оң көзқарасын байқата отырып, сенімге ие болу керек.
Әрбір сабақта төмендегідей негізгі үш мәселе ескерілуге тиіс:
•   сабақтың   тақырыбын   балалардың   түсінуіне   және   оған   өзіндік   көзқарасын   жағымды   эмоциясымен 
байқатуына кол жеткізу;
•адамгершілік ережелер мен құндылықтар жөніндегі ұғымдарды балалармен бірге нақтылай отырып бекіту;
•бала бойында тек жақсылық жасауға деген ниет, ынта-ықылас туғызу, өзі өмір сүретін ортада жағымды 
эмоциялық ахуал қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» бағдарламасының оқу үрдісінде келесі интербелсенді әдістер қолданылады:
Кейс-стади–өзбетінше   ойлау   қабілетін   және   шешім   қабылдау   дағдыларын   кӛрсетуге   мүмкіндік   беретін 
мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.
Іскерлік, рөлдік ойындар–студенттерге әртүрлі кәсіби рөлдерде сөйлеуге және сабақты мәселелі жағдайды 
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқыту әдісі.
Тестілеу–әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты тапсырмалар жинағынан тұрады.
PBL   (problembasedlearning–мәселеге-бейімдеп   оқыту)әдісі   -қойылған   мәселемен   ӛзбетінше   жұмыс 
істеунәтижесінде студент әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік құрылымдарын игеретін оқыту әдісі.
TBL   (teambasedlearning–кішітоптардаоқыту)әдісі   –студентте   топта   жұмыс   істеу   дағдысын   дамытуға 
мүмкіндік беретіноқытудың топтық әдісі.
Топтық дискуссия әдісістуденттердікәсіби жағдайды талдауға, мәселені құру дағдыларын қалыптастыруды 
үйретуге, басқа қатысушылармен қатынасқа түсу игеріміндамытуға, соныменқатар, әртүрлі кәсіби мәселелер 
бойынша шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған әңгімелесудің түрі.
Миға   шабуыл   әдісі–топтажұмыс   істеудешығармашылық   белсенділігін   жігерлендіру   негізінде 
студенттергеситуация   шешіміжауабының   бірнешежолынайтуға   мүмкіндік   беретін,   идеялармен 
шешімдердіқабылдаудың оперативтіәдісі.
Тренинг  (ағылш.  «to train»  -  оқыту,  жаттықтыру).  Егер  оқыту интерактивті   жүргізілсе,  яғни   ақпарат   ала 
отырып түсініксіз сәттерді талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік алса берілген ақпаратты тез меңгереді және алған 
білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады.
Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:
• оқушылар бір-біріне бетпе-бет отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме 
(бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір-біріне 
сенімділік артып, қызығушылық танытады, ынталы болады);
200

•   тренингке   қатысушылар   саны   20-25   адамнан   аспауы   керек.   «бұл   сенім   атмосферасын   туғызатын   және 
барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);
• бүкіл тренинг бойында достық көзқарастағы сенімді атмосфераны жасау және қолдау;
• тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының оған қатысуын қадағалау;
• оқытушы-жаттықтырушы өз пікірін ұсынбай-ақ қатысушыларды сабақтың мақсатын орындауға жетелеуі 
тиіс;
• оқытушы-жаттықтырушы әрбір жаттығудың уақыт шеңберін сақтауы керек;
•   тренингтің   бірінші   сабағында   «танысу»   жаттығуы   өткізіледі   және   «келісім»   (топтық   жұмыс   ережесі) 
қабылданады;
• теориялық жадығат пен интерактивті жаттығулардың, серігудің арасында сабақтастық болуы керек;
•   кез-келген   тренинг   сабақ   басталарда   сол   сабақтың   мақсаты   мен   міндеттері   айтылады,   ал   соңында 
қортындыланады;
• кез-келген тренинг қандай мақсат қойылса да, әрдайым танысу мен жұмыс ережесін жасаудан басталады.
«Тыныштың сәті»-балаларға күн сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой алдыра» білу өте маңызды. Бұл 
әрекетті   кез-келген   жерде   және   кез-   келген   уақытта   жасап   көруге   болады.   Балалардың   ыңғайлы   жағдайда 
отыруын ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны тік ұстап еркін отырады. Бүкіл денені босаңсытып, қолды 
тізеге қояды. Ойды ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып  
табылады.Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді.Ол өз 
ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді.
«Сергіту   сәті»—   шаршағанды   ұмыттыруға,   жалығуды   болдырмауға,   денеге   түскен   күшті   төмендетуге 
қажетті   өзін-өзі   тану   сабақтарының   компоненті.Бұл   жұмыс   олардың   белсенділігін   арттыру   үшін 
қолданылады.Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде 
жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, ұжымға топтасуға ықпал 
етеді.
«Дәптермен жумыс».Дәптердегі тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат -
балалардың жағдаяттарға сәйкес ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.
Сонымен қатар төмендегідей бірнеше міндеттерді шешуді көздейді:
•өзіндік талдау жасай білудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
•дәл осы мерзімге сәйкес өзінің іс-әрекетін тексере білу;
Тәрбиешілер   дәптердегі   шығармашылық   тапсырмаларды   орындау   үшін   ата-аналарға   арнайы   кеңес   беруі 
керек:
•ата-ананы сол күні өткізілген сабақ мазмұнымен таныстыру;
•дәптердегі тапсырмаларды орындаудың ретін түсіндіру және орындалу барысына бағыт беру, оны балаға 
қарапайым түрде түсіндіру.
«Шығармашылық жұмыс»-өзін-өзі тану сабағыныңмаңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасауәртүрлі 
нысандаөз   бетінше   және   ұжымдық   әрекеттер   арқылы   жүзеге   асырылады.Шығармашылық   тапсырмаларды 
орындаудағы   негізгі   мақсат-   балалардың   қызығушылығын   туғызу,   бір-бірімен   қарым-қатынас   жасай   білуге 
үйрету, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.
«Ғажайыпсөздер»-бұл   әдістемелік   тәсілде   балаларға   сабақ   бойы   айтып   үйренген   жақсы   сөздер   мен   сөз 
тіркестерін айтқызып, үйренген адамгершілік құндылықтарын пысықтап, бекіту мақсатында пайдаланылады.
«Қорытындылау»-сабақтың соңында жасалған қорытындыда тақырыпқа байланысты негізгі ой жүйеленеді.
«Журектен жүрекке» шеңбері- сабақ құрылымындағы негізгі міндетті әдістемелік тәсіл. 
Мұнда:
•тәрбиеші балалармен бірге көңіл-күйді көтеруге бағыттап қысқаша тақпақтар, өлеңдер айтады;
•шеңбер   құра   отырып,   сөз   алмасу   арқылы   өз   ой-пікірлерімен   бөліседі,   бірінің   ойын   бірі   жалғастыруға 
жаттығады;
•бет әлпеті, қимыл- қозғалыстары арқылы көңіл -күйлерін байқатуға үйренеді;
•бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен ұсына отырып, мейірімді қарым-қатынастары орнығады.
«Өзін-өзі тану» пәні тәрбиешіге өзінің педагогикалық қабілетін танытуға мүмкіндік туғызады.Әрбір сабақты 
дайындап, өткізу саралауды, шығармашылық ізденісті талап етеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі барысында 
өзіндік өзгермейтін, міндетті бірнеше негізгі мәселелер бар.Олар:
-әр балаға жеке дара тұлға ретінде жеке басына сыйластықпен, түсіністікпен қарау;
-балаларға   өз   іс-әрекетін   жоспарлау   және   дамыту   орталықтарын   ұйымдастыру   арқылы   таңдаулары   мен 
дамуын іске асыруға көмектесу;
-баланың өмірлік дағдысын түгел қамту және олардың өмірді қабылдаудағы жас ерекшелігі ескеріледі.
Сондықтан тәрбиеші сабақты өткізу барысында:
-балаларға үйретуші емес, тек бағыт беруші болғаны дұрыс,
-балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, оның жеке даму ерекшелігін басты назарда ұстау;
-жеке тұлғаның бірін-бірі түсінуі, тәрбиешімен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғыза алуы керек.
* * * * * * *
201

ЖАСТАР ЖЫЛЫ
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Сарықобда ауылы, 
Сарықобда орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Амандыков Азамат Кубигенұлы. Жас маман
  Қайырлы   күн,   құрметті   қонақтар   мен   жалынды   жастар!   Мен   Ақтөбе   облысы   Алға   ауданы   Сарықобда 
елдімекенінің тұрғыны, қазіргі күнде Сарықобда орта мектебінің жас маманы Амандыков Азамат Кубигенұлы 
болам.   Еңбек   жолымның   алғашқы   жылы   болсада   осынау   «Жастар   жылында»   аянып   қалмай,өзімнің 
баяндамамды сіздерге жеткізу арқылы арқылы осы кезекті  Республикалық Форумға ат салысқалы отырмын. 
Жастар   –   кез   келген   қоғамның   болашағымен,қозғаушы     күші.Еліміздің   болашағы   да   жастар,   сондықтан 
оларға   үлкен   үміт   артылып   отыр.  Нұрсұлтан   Әбішұлы  өзінің   «Тәуелсіздік   дәуірі»  атты   кітабында:   «Менің 
ойымша,   біздің   жастар   елеспен   өмір   сүрмеуге   тиіс.   2012   жылдың   шілдесіндегі   «Қазақстанның   әлеуметтік 
жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаламда Қазақстаннан тыс жерде жұмақ 
жоқ екенін, еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін еместігін, туған Қазақстанда еңбек 
етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет екенін атап көрсеттім. Мен жас ұрпақ үшін тиімді әлеуметтік  
лифтілер құру және өз бетінше өмір сүруге, ынталы еңбекке дағдылану жүйесін қалыптастыру қажеттілігіне 
ерекше  тоқталдым»,  – деп  жазған   болатын.Бұл  жазбаның  өзі  адам  бойына  ерекше  қанат  бітіреді,және  осы 
баяндамамды   «Жастар   жылы»-деп   алуыма   бірден-бір   себебі   болды.Бұл   арқылы   Еліміздің   жастарға   деген 
сенімін көріп,қолдауы байқалады. Жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар 
оқу   білімнің   тізгінін   ұстату   мемлекет   пен   қоғамның   міндеті   саналады.   Қандай   мықты   мемлекет   болмасын 
жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көп көңіл бөледі. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің 
жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек.
Елімізде   2019   жыл   Жастар   жылы   болып   жарияланғаны   белгілі.   Басты   мақсат   –   ел   болашағы,   жас   буын 
өкілдеріне   жан-жақты   қолдау   көрсетіп,   қоғам   өміріндегі   белсенділігін   арттыру.   Жастар   жылы   Тәуелсіз 
Қазақстан  тарихында алғаш рет аталып  өтілмек. Бұл шарадан кейін  Тұңғыш Елбасымыздың тапсырмасына 
сай,білім беру мәселесіне келер болсақ, Тұңғыш  Елбасымыздың «Бес әлеуметтік бастамасы» жарияланды. Осы 
әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бастама аясында студенттерге қосымша 20 мың грант бөлінді. Тегін 
білім алу мүмкіндігі беріліп қана қоймай, елімізде жаппай жатақханалар құрылысы басталды. 2022 жылдың 
соңына дейін 75 мың орынға арналған жатақхана студенттердің игілігіне беріледі деп жоспарланған. Негізінен 
елімізде   4   млн-ға   жуық   жас   бар.   Олар   жалпы   халықтың   22%-ы.   Осы   өскелең   ұрпақ   27   жылдың   ішінде  
мемлекеттің түрлі қолдауын алып келді.Қазақстандық жастарға жоғарғы білім деңгейі тән. Мәселен, жоғары 
білімді жастар саны соңғы онжылдықта төрт есе, орта арнайы білімділер-екі есеге артты. Жоғары білімі бар 
ауыл жастарының саны алты есе,қалалықтар төрт есеге өскен. 
Қазақстандық   жастардың   білімділік   деңгейі   олардың   ойлау   салтын   өзгертіп,   өмір   сүрудің   жоғарғы 
стандарттарына ұмтылысын арттырады. Сапалы білім беру қазіргі жастардың басты «әлеуметтік лифтісі»болып 
табылады.   Мыңдаған   қыз-жігіттер   халықаралық   стандарттар   деңгейіндегі     орта   және   жоғары   білімге   қол 
жеткізу   мүмкіндігіне   ие   болды.   Жаңа   мектептер,жоғары   оқу   орындары   мен   түрлі   бағдарламар   түлектердің 
табысты мансаптық  өсуінің өзіндік кепілі  болып  отыр. «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің  көпшілігі 
мемлекеттік қызмет пен халықаралық ұйымдарда жауапты қызмет атқарып,ел дамуына өз үлестерін қосуды. 
Қазақстан   жастары-бұл   өз   елінің   дамуына   үздік   үлес   қосу   үшін   білімге,тәжірибеге,технологиялар   мен 
ресурстарға қол жеткізуде ерекше мүмкіндіктері бар өскелең ұрпақ.  
Форумда Елбасының айтқан үш бағыты ұнады. Ол – шынымен шешілуі және мемлекеттің қадағалануы керек 
мәселелер. Бірінші  жоба – жастардың  кәсіпкерлігі. Бұл бағдарлама аясында біз  жас кәсіпкерлерге 3-4 жыл 
қолдау көрсетіп келдік. Бірақ бізде бір кедергі кездесе беретін. Кәсіпкерлік деген түсінікте ешқашан жастар 
деген сөз болмаған. Жассың ба, кәрісің бе, кәсіпкерлікте бәрі тең деген сана қалыптасып қалған. «Жас екен ғой,  
қолдау білдірейін» деген ниет кем де кем. 
Екінші мәселе – бизнес бастауларға бөлінетін қаражат көлемін екі есе арттыру. Осының арқасында таяу арада 
жас кәсіпкерлер ойында жүрген жобаларын жүзеге асыра алатын болады. Жастар жылы дегенде бір жыл ішінде 
бәрі шешіліп кетеді деп қарамауымыз керек. Бірақ жастарға арналған көптеген мүмкіндіктердің негізі осы жылы 
қалануы тиіс. Келесі мәселе – ерікті студенттердің шәкіртақысын 30 пайызға көтеру. Бұрындары университетте 
белсенді   болғаны   үшін   бірқатар   жеңілдіктер,   сабақтарына   көмектер   қарастырылатын.   Қазір   ол   жоққа   тән. 
Студенттердің барлығының жұмыс істегісі келеді, бірақ қоғамнан сондай жауап болмағаннан кейін атсалыспай 
жатады. Еріктілер қозғалысының дамымауының бір себебі осы, университет тарапынан қолдау таппау. Ал ерікті 
шәкіртақысын көтеру арқылы Тұңғыш Елбасымыз студенттерді тағы бір ынталандырып отыр. 
Тағы   бір   назар   аударатын   дүние,   кезінде   қабылданған   «Дипломмен   ауылға»,   «Жас   маман»,   «Студенттік 
құрылыс отряды» сынды бағдарламаларды жаңартып, оларға жан бітіру. Шынымен аталған бағдарламаларға 
жаңа дем, жаңа бағыт, жаңа қолдау, жаңа көзқарас қажет. Себебі соңғы жылдары олардың тиімділігі азайған. 
Сондықтан   Елбасы   бастамасы   бойынша   штат   құрылып,   жұмыстар   жасалса,   жастардың   уақытын   демалыс 
уақытында тиімді пайдалануға көңіл бөлінсе, жастардың тәрбиесі мен тәжірибесінің артары сөзсіз.  
202

«Жастар жылын» жариялауды неге қолдап, бұл бастамаға қуанып отырмыз? 
Оның бірнеше себебі бар. Ең бастысы, бұл – болашақты ойлаудан туған іс. 
Бүгінгі таңдағы Қазақстанның халық саны 18 миллионнан асқандығын және 4,2 миллион жалпы алғанда – 
бұл 14 жас пен 29 жастар аралығындағы жастар екендігінің көрсеткіші. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен 
бастап біздің еліміз жастарды барлық салаларда, ең алдымен білім алу, кәсіпті игеру, жұмыс табуда өзін-өзі  
жүзеге   асыру   үшін   көп   мүмкіндіктер   жасауға   тырысуда.   Жастарға   қолдау   көрсету   үшін   мемлекеттік 
бағдарламалар   жасалды   және   олар   табысты   жұмыс   жасауда.   Олардың   арқасында   бүгінде   біздің   еліміздегі 
жастар сапалы білім алып, жаңа мамандықтар меңгеріп, өз үйлеріне ие болып, жұмыс істей бастады. 
2020-шы жылы елімізде көптеген өзгерістер боларына сенемін. Біздің Еліміз жастарды қолдап сенім артып 
отыр.   Сенімді   ақтау   үшін   мына   біз   жастар   елімізге   адал   қызмет   жасап,   білімімізді   көрсете   білуіміз 
керек.Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастар жақсы өмір сүріп, еркін дамып, өз елінің гүлденуіне 
қызмет жасар деген мақсатпен қарауда. Осы жылда Жастар алға қойылған мақсат,міндеттерді нақтылап біршама 
жұмыстар   атқарады   деген   сенімдемін.   «Жастар   жылы»   жастарымыз   Отанымызды   өркендетуге   қоғамының 
дамуына ықпалын  тигізе отырып  келер ұрпаққа жол көрсетіп, еңбек  етсе  жетістіктің  бастамасы  болар  еді. 
Болашақ жастардың қолында. Жастарға жүктелетін мақсаттар мен жауапкершіліктер менің ойымша тамаша 
білім   алып,   экономиканы   дамытып,   азаматтық   қоғамды   қалыптастырып,   интеллектуалды   ұлт   тәрбиелеп, 
көптеген пайдалы жұмыстармен айналысса,бекерге уақыттарын жоғалтпаса, еліміз бұдан әрі дамитын болар еді. 
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы 
буын   ағалардың   жолын   лайықты   жалғастырып,   өздерінің   сенімді   ізбасар   екенін   дәлелдеуде.   Қай   заманда 
болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. 
Біз жастар ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті 
қалыптастыруды   белсенді   жалғастыруымыз   қажет.   Бүгінгі   таңда   біздің   еліміздің   өзінің   алдына   әлеуметтік 
жаңғыру,үдемелі   инновациалық   индустрияландыру  және   өзара   тиімді   экономикалық   ықпалдастық   бойынша 
жаңа ауқымды міндеттерді қоюда. Қазақстан XXI ғасырдың үшінші онжылдығында әлемнің дамыған елдерінің 
қатарына   қосылуды   көздеп   отыр.   Бұл   ретте,   жастарға   аға   буын   бастаған   эстафетаны   жалғастыру,ұлттық 
бәсекеге қабілеттілікті арттыру, XXI ғасырда Қазақстанның өркендеуі мен әлемге танылуын қамтамасыз ету 
жауапкершілігі жүктеледі. Мұндай міндет елжанды, білімді, кәсіби, жаны мен тәні сау, рухы асқақ, әлеуметтік 
және азаматтық жауапкершілігі биік жастардың ғана қолынан келеді. 
Кез келген мемлекетте адамның өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік беретін үш алып күш бар, олар – білім,  
жұмыс   және   баспана   екені   сөзсіз.   Елбасы   дәл   осы   негізгі   факторларға   ерекше   назар   аудартып,   олардың 
өзектілігіне тоқталды. Қазақстанның үш ірі қаласында жұмыс істейтін жастарды жылына мыңға жуық пәтермен 
қамту, жастар бизнесін қолдауды 20 мың грантқа көтеру, Жастар стартаптарын қолдау Қорын құру, студент- 
волонтерлардың   шәкіртақысын   көтеру,   жас   ғалымдардың   жобаларын   қаржыландыру,   студенттік   құрылыс 
қозғалыстарын дамыту, сонымен қатар, жас отбасыларға қолдау көрсету – бұл тек Жастар жылында ғана емес, 
одан кейінгі жылдары да тиімді шаралар қабылдауды талап ететін басты мәселелер болып қала бермек.
Қасым-Жомарт   Тоқаев   өз   баяндамасында   елімізде   еріктілердің   қозғалысына   айрықша   көңіл   бөлінетінін 
айтты. «Қазақстан – жас әрі жастардың мемлекеті! Жастарымыз – дамудың қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік 
органдардың міндеті – жастардың өзін өзі жақсы танытуына жағдай жасау және олардың оң бастамаларына 
қолдау көрсету»,– деді Мемлекет басшысы. Ең бастысы – жастар заманауи өзгерістер мен жаңарудан қалыс 
қалмай, бәсекеге қабілетті болуы керек. Мұны Мемлекет басшысы баса айтты: «Біздің көз алдымызда жаңа 
жаһандық өркениет келе жатыр. Цифрлық қоғамның, экономика мен білімнің дәуірі келді. 
Менің буыным мектепте оқып жүргенде, әсіресе ауылда теледидар да жоқ еді. Радио енді ғана шыға бастаған  
еді. 100 жыл тарих үшін тым қысқа уақыт. Қазір бәрі 10 жылдың ішінде қалай өзгеріп жатқанын көре беріңіз.  
Сол  үшін   біздің   мемлекет   уақыт   алға   тартып   отырған   тегеуріндерге   жауап   бере   алуы  керек.  Қазіргі   таңда 
мемлекеттер   арасында   ғана   емес,   адамдар   арасында   да   бәсеке   қыза   түсті.   Креативті   буыны   бар   мемлекет 
жеңімпаз болып шығады. Мен бұл жігерді Сіздерден көріп отырмын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 
Еліміздің ендігі даму көкжиегін кеңейтетін де осы біздер жастар. Демек, қазір қуаты тасыған, еңселі еліміз ең 
алдымен   жастарды   қолдап,   оларға   мемлекеттік   деңгейде   демеу   көрсетуі   –   заңдылық.   Бүгінгі   күні   елімізде 
жастардың жан-жақты ізденімпаздығы, өнер-ғылымның сан-түрлі қырларына тереңдей баруы көңіл қуантады. 
«Рухани жаңғыру» аясында жүргізілген «Жаңа 100 есім» бастамасында танылған, халық таңдаған түрлі сала 
иегерлерінің   ішінде   70   пайызына   жуығы   жастар.   Техниканың   тілін   меңгерген,   әлем   әдебиеттерін   қазақша 
сөйлеткен аудармашылар, өз мамандығының мәнін ұғып, сол салаға сүбелі үлес қосып жүрген қыз-жігіттер 
міне,   солардың   бәрі   осы   біздің   Отанымызда   өмір   сүріп   жүрген   бауырларымыз.   Биылғы   «Жастар   жылы» 
танылмай жүрген таланттың қанатына су бүркіп, самғауына, ел мен елдің достығын жалғауына сеп болары 
сөзсіз.   Жастары   жалындап   тұрған   ұлттың   оты   сөнбейді,   келешегі   көмескеленбейді.   Тыңнан   түрен   салар 
дүниелердің бәрі осы кезеңнің ұрпақтарынан шықпақ. Жаһандану дәуіріндегі жаңашыл ұрпақтың елге, жерге 
деген аяулы сезіміне көлеңке түспесе екен. Қазақстан жастары білімді, жан-жақты дамыған әрі дарынды. Біздің 
еліміздің   болашағы   жастардың   қолында.   Қазақстанның   озық   ойлы   жастары   ғылымда,   ІТ   технологиясында, 
мәдениет,   бизнес   пен   спортта   тамаша   нәтижелерге   қол   жеткізді.Біз   тұрақты   түрде   жаңа   жобаларымызды 
дамытып, қолданыстағыларды жетілдіріп отырамыз. Сайып келгенде, мұның барлығы - заман талабына, ең 
бастысы қоғамның,еліміздің сұранысына сай болудағы ұмтылысымыздың жарқын көрінісі деп пайымдаймыз. 
203

Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Тәуелсіздік жастарға жарқын 
болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында.Мен осылай 
деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі 
қажет.  Сонда   ғана   жас   ұрпақ   бойында   патриоттық   сезім   ұялап,   келешегіміз   кемелдене   түспек.   Жастарға 
Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамытудың жаңа сапалы кезеңіне  шығару мүмкіндігі беріліп отыр. 
Ел ертеңі – болашағы Жастар!
* * * * * * * * *

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет