КСП. УРОК:
Школа: КГУ «Средняя школа № 50 имени Абая»
ДАТА:
Имя учителя: Карибаева Раиса Утегеновна
Раздел: Ценности : дружба и любовь
Тема: Сказка «Ежик и звездочка»
5 КЛАСС:
Количество присутствующих:
отсутствующих:
Цель (и) обучения, которым
способствует данный урок
5С3 понимать основное содержание произведении фольклора и
литературы, фрагментов, содержащих знакомые лексические и
грамматические единицы, определять тему
5 Г2 пересказывать основное содержание близко к тексту
Цели урока
Все учащиеся будут уметь:
понимать основное содержание сказки «Ежик и звездочка», объяснять
значение знакомых лексических и грамматических единиц, определять
тему
пересказывать основное содержание сказки «Ежик и звездочка» близко
к тексту
Большинство учащихся будут уметь:
пересказывать основное содержание близко к тексту, характеризуя
главного героя
Некоторые учащиеся будут уметь: пересказывать основное
содержание близко к тексту, определяя основную мысль
Языковая цель
Учащийся умеет: умеют употреблять в речи слова лексической
темы «дружба»
Предметно-специфический словарь и терминология: применять в
речи слова конкретной тематики : деловитый, солидный, закон
всемирного тяготения, любил мечтать
Полезный набор (ы) фраз для диалогов и письма: - а знаешь....,
--знаешь ли ты..., думаю, что... хотелось бы...
Критерии оценивания
Знание и понимание
понимает основное содержание сказки «Ежик и звездочка», объясняет
значение знакомых лексических и грамматических единиц, определяет
тему
применение
пересказывает основное содержание сказки «Ежик и звездочка»,
близко к тексту
Предшествующее обучение
Дружба- это дар. Ученики имеют представление о дружбе, ценностях
дружбы
Межпредметная связь
Литература , самопознание
План
Запланированное
время
Запланированные задания
Ресурсы
Начало урока
7 мин
Середина урока
5мин
17 Мин
Психологический настрой
Стратегия «Отправьте посылку»
Задание: 1.При остановке музыки раскройте один слой и
ответьте на вопрос, передавайте посылку до тех пор, пока не
раскроете тему.
(1.... познается в беде (друг)
( 2. однокоренное слово к первой отгадке)
Разделение на группы по цвету
(И) Задание 2. Прослушайте сказку «Ежик и звездочка»,
назовите ключевые слова, объясните значение, определите, к
какой части речи они относятся
Поддержка: выбрать напарника и попросить помощь
ФО: оценивание учителя (пощрение)
(Г) Задание 3. Заполните постер по содержанию сказки
1-я группа уровень А,В - постер «Ежик»
2-я группа уровень С– постер «Дружба» с одним из этих слов
придумайте предложения
А 4
Разноцветные
стикер
Интерн
Аудиовизуальны
й материал
Опорные схемы
18
2 мин
10мин
Конец урока
5 мин
1 мин
(Г) Задание 4: составьте «тонкие» и «толстые» вопросы, задайте
другой группе.
ФО : Взаимооценивание «Комментарий»
Критерии
оценивания
Дескрипторы
понимает основное
содержание сказки
«Ежик и звездочка»,
объясняет значение
знакомых лексических
и грамматических
единиц, определяет
тему
- называет ключевые
слова объясняет
значение, определяет
какой части речи они
относятся
- заполняет постер
- составляет и отвечает
на вопросы
- определяет тему
Физминутка « Кто живет у нас в квартире?
-Раз, два, три, четыре (Хлопаем в ладоши)
-Кто живет у нас в квартире?(Шагаем на месте)
-Раз, два, три, четыре, пять (Прыжки на месте)
-Всех могу пересчитать: (Шагаем на месте)
-Папа, мама брат, сестра (Хлопаем в ладоши)
-ежик, рыжик и звезда (Наклоны туловища вправо и влево)
-Мой дружок, щеголи я. (Повороты туловища вправо и влево)
-Вот и вся моя семья ( Хлопаем в ладоши)
Стратегия «Назовите 10 слов о...»
(П) Задание: 5 Назовите 10 слов по теме текста и перескажите
сказку
Критерии
оценивания
Дескрипторы
пересказывает
основное
содержание
сказки «Ежик и
звездочка»,
близко к тексту
- передает основное
содержание сказки
- при пересказе использует
ключевые слова
- соблюдает
последовательность
событий
ФО: самооценивание смайликами
Рефлексия. Стратегия «Плюс-минус-интересно».
Задание 6. Выполните письменно "Плюс" – это то, что
понравилось, "минус" – не понравилось, а "интересно"
показывает, какие новые и интересные факты узнали на уроке.
Рисунок ежика
Дополнительная информация
Дифференциация – каким образом
вы планируете представить
закрепление темы? Как вы
планируете озадачивать более
сильных учащихся?
Оценивание – как вы
планируете
проверить обучение
учеников?
Междициплинарные связи. Проверка
здоровья и безопасности
Информационно-коммуникационные
технологии Ценности
Дружба и любовь
Поддержка:
1)При выполнении задания
«Отправьте посылку» помогала
правильно отвечать на вопросы,
используя предметную подсказку.
2) Поддержка: выбрать напарника
и попросить помощь
Задания:
ФО: оценивание учителя
(пощерение)
ФО: самооценивание
смайликами
ФО: Взаимооценивание
«Комментарий»
19
Рефлексия
Были ли цели урока/цели обучения
реалистичными? Что учащиеся
сегодня усвоили? Какова была
атмосфера во время обучения?
Хорошо ли работала
запланированная мной
дифференциация? Придерживался
ли я запланированного времени?
Какие изменения я сделал в своем
плане и почему?
Используйте отведенное ниже место для написания отзыва о своем
уроке. Ответьте на самые важные вопросы о вашем уроке из таблицы
слева.
Цели урока были соответствующими. Атмосфера во время обучения
были
Итоговая оценка
Какие две вещи прошли действительно хорошо (учтите преподавание и обучение)?
ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ӨСУІ – БІЛІМ БЕРУ
САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ
Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Таусағыз ауылы Г.Титов атындағы
жалпы орта мектебінің физика және информатика пәндерінің мұғалімі
Тұрсынбаева Индира Құмарбекқызы
Жалпы білім беру жүйесі –қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым өзгеріп отырады. Ол әр елдің
экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптасып, үнемі үздіксіз жетіле отырып, барынша күрделене түседі.
Бүгінгі жаңа қоғамда мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, демек болашақ ұрпақтан үлкен үміт күтілуде.
«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға деген құрмет сезімде жатыр» деп Р.Эмирсон өзінше баға бере білген.
Қазақстанның қазіргі заманғы мектебі тек оқу материалына және оны игеру әдістемесіне ғана емес, сонымен
қатар оқушылардың табыстылығын бағалау жүйесіне, тәсілдеріне де қатысты түбегейлі өзгерістер кезеңін
бастан өткеруде. Адам мобильді және нәтижелі болуы керек, кәсіптік бағдарды тез өзгертуге, өзгермелі
технологияларды игеруге дайын болуы керек. Осының барлығы жоғары оқу орындарында мектептегі оқыту мен
кәсіптік даярлыққа қойылатын талаптарды айтарлықтай өзгертті. Индивидумның тиімділігі оның алған
білімдерінің санын емес, ол ұстанған білік пен дағдылардың әртүрлілігін және оларды қолдану мүмкіндіктерін
анықтайды. Ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын алу, ойлаудың сыншылдығын дамыту, фактілер арасында
ұқсастықты қалыптастыру және оларды түсіндіру жеткілікті. Сонда кәсіби бағыттарды өзгерту, өз нәтижелілігін
арттыру, демек еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру оңайырақ.
Назарбаевтың «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасында білім беру саласының негізгі
басымдықтарын жүзеге асыру бойынша педагогикалық қоғамдастық алдына үлкен міндеттер қойылды.
Еліміздің білім беруді дамыту саясатының барлық реформалары мен оң өзгерістері бәсекеге қабілеттілікті
арттыруда адами ресурстың маңыздылығын түсіндіру арқылы сипатталады. Осы тұрғыда біліктілікті арттыру
жүйесі мемлекеттік саясатты табысты іске асыруда маңызды және шешуші рөлді атқарады.
Бүгінгі таңда аймақтық білім беру кеңістігінде инновациялар трансляторы ретінде институттың қызметі білім
беру жүйесінің әдіснамалық және ақпараттық-аналитикалық қолдау процестерін біріктіреді. Осыған
байланысты өңірлік деңгейде кәсіптік өсу жүйесін жоспарлағанда келесі факторлар міндетті түрде ескеріледі:
білім беру саясатының талаптарына негізделген біліктілікті арттыру жүйесінің мемлекеттік тапсырысы; білім
беру сапасының және аймақтағы өзекті мәселелердің талдамасы, зерттеулердің нәтижелері.
«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалдары әзірлеген 143біліктілікті арттыру курстарының жаңа мазмұндағы
бағдарламалары ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілді. Бағдарламалар мазмұны мемелекеттік білім
беруді дамыту саясатының басым тұстарын толық қамтыды: 4К құзыреттілікті қалыптастыру, STEAM, СМАРТ
білім беру, робототехника, үштілділік, дуальды, инклюзивті оқыту, CLIL технологиялары. Біліктілікті арттыру
жүйесінде 70 жылдық тарихы бар «Өрлеу Ұлттық орталығы» білім мазмұнының жаңартылған форматтағы
бағдарламалары және әлемдік талаптарға сай оқыту технологияларымен жұмыс жүргізе алатын, командалық
жұмыстардың көш басшылығына ұмтылған, өзіндік тұжырымы қалыптасқан кәсіби педагогикалық құрамды
жасақтап шығаруда. «Өрлеу» БАҰО» құрылғаннан бері облыстық білім беру саласының 74000-ға жуық педагог
қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өткен. Жаңартылған оқу бағдарламаларына кезең-кезеңімен
көшуіне байланысты институт тренерлері біліктілікті арттыру курстарын табысты өткізуде. Біз қазір жаһандану
әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Жыл сайын білімнің жаңа түрі өмірге келіп, ақпараттар жаңа ағынмен толығуда.
Қазақстандағы білім беру жүйесі, соның ішінде біліктілікті арттыру жүйесі уақыт көшінен қалмай, заман
ағымымен жүруі қажет. Соның қарапайым бір мысалы, қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана отырып
Blended Learning (блендед ленинг) форматында курстарды ұйымдастыру тәжірибесі дамуда. Мақсаты: сапалы
білім қызметін алуда мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейту; олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне
қамтамасыз ету. Аралас оқытудың ұйымдастырушылық формалары курс тыңдаушысы мен тренер-тьютердің
кері байланысы арқылы жұмыстың жаңа сапаға - тәуелсіз қызметке өтуіне септігін тигізеді.
20
Үздіксіз білім беру жүйесін басқару тиімділігін арттыру механизмі - бұл курстың оқыту сапасының тәуелсіз
сыртқы бағалануы. Қоғам мен білім беру саласы бір-бірімен тығыз қатынаста болғандықтан, сараптамалық
топтарға мемелекеттік органдардың, педагогикалық қоғамдастық өкілдері педагог-практиктер, мәслихат
депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ЖОО оқытушылары кіреді. Сыртқы бағалау нәтижелері жыл
сайын 2 рет «Өрлеу» Басқармасы ұйымдастырған филиалдардың қызмет сапасының көпфункционалды
рейтингісіне ықпал етеді. Бұл тек педагогикалық ара-қатынас емес, қоғаммен ынтымақтастық ортаның дамуы
институттың тәжірибе алмасу мен ресурстарды біріктірудегі ашықтығын көрсетеді. Мұғалімдердің білімін
жетілдіру курстық қызметпен ғана шектелмейді.
Шын мәнінде, білім беру жүйесіндегі түрлі мәселелерді қамтитын конференция, вебинар, дөңгелек үстел,
семинар түріндегі курсаралық қызмет – «Өрлеу» БАҰО және ПШО жұмыстарының маңызды бөлігі. Түпкі
нәтиже беретін, тиімді педагогикалық қызметтің сынақтан өткен әдістері мен жұмыс тәсілдерін үйрететін
әдістемелік десанттар сұраныстарға ие. Онда педагогтердің курстан алған теориялық және практикалық
білімдерін іс жүзіне табысты енгізуі және кәсіби қызметіндегі өзгерістері туралы кері байланыс жасалады.
Аталған іс-шаралар сабақтастық, үздіксіздік және жүйелілік принциптерін дамыту мен іске асыруды
қамтамасыз етуге қабілетті білім берудің кластерлік моделін құруға ықпал ететені сөзсіз.
Білім берудің жаңа сапасы аясында жаңартылған бағдарламаларды қолдануда тек «Өрлеу» және
Педагогикалық шеберлік орталықтары тренерлері ғана ғылыми-әдістемелік көмек көрсетудің сенімді дереккөзі
бола алатынын атап кету керек. Қосымша білім беру - мұғалімді инновациялық қызметке дайындап қана
қоймай, оны үнемі ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ететін дамыған оқыту жүйесі.Эксперименттік
алаңдарындағы мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмыстарының барлық кезеңдерін сүйемелдеу мен модельдеу
ғылым негіздеріне, жүйелілік, сабақтастық және қолжетімділік қағидаларына сүйене орындалатын консалтингті
қызмет түрінде жүргізіледі. Инновациялық тәжірибелерді таратудың басым бөлігі филиалмен сандық форматта
өтеді, бұл қатысушылардың саны мен географиясын айтарлықтай ұлғайтады.
Назарбаев Зияткерлік Мектептері тәжірибесін тиімді енгізуде 2017-2019 жылдары жаңартылған білім беру
бағдарламасы бойынша курстардан өткен мұғалімдерге кеңес беру мақсатында құрылған желілік
қауымдастыққа 10 мыңға мұғалім тартылған. Білім сапасын және мұғалімдердің кәсіби өсуін арттырудың
әрекеті ретінде мектептердің желілік өзара іс-қимыл тәжірибесінің қалыптасуын ерекше жетістік деп санаймыз.
Аймақтық кеңістікте заман талабына орай икемді әрекет етуге мүмкіндік беретін институттың
стейкхолдерлерімен өзара әрекеттестігінің тиімді моделі қалыптасқанын ерекше атап өтуге болады. Негізгі
жалпы орта мектептермен қатар техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарымен тәлімгерлік функцияларын іске
асыру мақсатында келісімшарттар түзіліп, тұжырымдамалық бағдарламалар жасақталған.
2019 жыл қазақстандықтар үшін ерекше жыл, өйткені ол – Жастар жылы деп жариялаған болатын. Осы тұста
мектепте жас мұғалімнің кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ететін біліктілік арттырудағы тәлімгерлік жүйесін
іске асыру жолға қойылған. Нәтижесінде әр мұғалім тренер-ментор әрекеті мен педагогикалық шеберлігіне
рефлексия бере отырып, өзінің педагогтік кәсіби даму стратегиясын құрылымдауына септік тигізетініне
сенімдіміз. Коучинг, тәлімгерлік, фасилитация сынды іс-шаралар жас мұғалімдердің курстардан кейінгі іс-
әрекеттері үшін ерекше ортаны қалыптастырады.
Менторлық сүйемелдеу арқылы жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында білім мен ғылымды
интеграциялауда жас мұғалімдердің «Ашық сабақтар шеруін» ұйымдастыру да тұрақты. Мұғалім – бүкіл білім
беру жүйесін қайта құрудың негізгі буыны. Облыста өз әдістемесімен лайықты танылған, жоғары марапаттарға
ие болған, мыңдаған шәкіртке білім берген, жаңа мемлекет құруда қоғамда өз орнын алған педагогтер аз емес.
Сондықтан озық тәжірибені айқындау және педагогикалық қоғамдастықтың игілігіне жарату қажет. Осыған
орай мектепте http://www.orleu-uko.kz/ сайтында материалдар жаңаланып, толықтырылып отырғандықтан
жақын және алыс шетелдердегі әріптестеріміз қазіргі уақытқа бейімделген білім беру интернет-ресурстарын
алуға толық мүмкіндіктері бар. Педагогтер үшін интерактивті электронды нұсқаулықтың рөлін «Өрлеу»
Ұлттық білім беру порталы (http://bl.orleuedu.kz/) және ПШО НЗМ білім беру порталдары
((http://www.nis.edu.kz) атқарады. Ол жерлерде бүгінгі күнге дейін мұғалімдік практиканың ең шығармашыл
үлгілерін көрсететін өте көптеген бейнероликтермен толықтырылған. Ал мектеп әкімшілігі мен ата-аналар
кәсіби өсу мен сабақты ұйымдастырудағы өзгерістер, оқуға деген оқушы ынтасының өскендігін атайды. Білімін
жетілдірген мұғалімдердің курсаралық кезеңде іс-әрекетінің тиімділігін келесі критерий бойынша жүргіземіз:
біліктілікті арттырудан өткеннен кейін педагогтердің біліктілік санаттарының көтерілуі, оқу үдерісіне
инновациялық технологияларды ендіруі, оқушыларының білім сапасының өсуі, олардың олимпиада мен
ғылыми жобаларға қатысуы. 2012 жылдан 2018 жылға дейін қысқа мерзімді біліктілік курстарынан өткен 34809
мұғалім санатын көтерді, бұл курстан өткен тыңдаушылардың жалпы санының 68,8% құрайды. Зерттеулердің
сандық көрсеткіштеріне сәйкес мұғалімдердің курстардан кейін инновациялық технологияларды жүйелі
қолдануы 60%-дан асады. Мониторинг нәтижелері негізінде курс сапасының электрондық банкі құрылып,
тыңдаушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша электрондық бағдарлама дайындалған. Біліктілікті
арттырудағы инновацияның деңгейі мен мазмұны халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген, халықаралық
практикада (Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Сингапур, Оңтүстік Корея, Австралия, Ресей) бірнеше рет
зерттеліп, талданды, жақын және алыс шет елдердегі әріптестермен серіктестестікте көптеген жобалар іске
асырылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ОБСЕ)қолдауымен «Ұлттық мектеп
21
бітірушілерінің Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін және ақпараттық кеңістігіне кірігуі»
пилоттық жобасы аясында көптеген шаралар атқарылды. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамындағы
білім берудің басымдығын және мұндағы мұғалімнің жоғарғы миссиясын мойындай отырып, педагогтардың
кәсіби білімін арттыру орталықтарының тұжырымдамалық ұстанымдары, ғылыми-әдістемелік әлеуеті мен
техникалық базасы мұғалімдердің кәсіби дамуының нәтижелеріне қол жеткізуге толық мүмкіндіктер жасады.
Жалпы әлемдік даму бәсекелестікке негізделген шынайы жарыс, адал бәсеке - Әлемнің бейбіт дамуының
кепілі. Білімнің сапасы - өмір сапасының негізі. Педагог кадрлардың сапасын арттыру арқылы ғана қазіргі
заманғы жаңа деңгейдегі білімге қол жеткізуге болады. Өйткені, білікті ұстаз- білім кепілі. Ал, білім - мемлекет
дамуының алтын арқауы екені баршамызға аян. Қазіргі заман – физика ғылымының өте жан-жақты тараған
кезеңі. Физиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа білім беру технологиялары ауадай қажет.
Сондықтан, менде физика және информатика пәндерінің мұғалімі ретінде, қазіргі ақпараттық коммуникациялық
технологияның озық жетістіктерін физика сабағында қолдану арқылы танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыра
отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамытуға өз үлесімді қосудамын. Жаңа ақпараттық технологиялық
құралдары оқыту құралы қызметін атқарады. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын
меңгеру — қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Білім беруді ақпараттандыру және
пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының
дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті тұлғаны қалыптастыру оқытушының басты міндеті болып
табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа
технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп
отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек
біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне
қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез —
құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
Кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні
ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде
жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана
алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Ақпараттық құзіреттілікті
қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан,
теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын
жеке тұлға қалыптастыру. «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» — деп Елбасы атап көрсеткендей жас
ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың
маңызы зор. Педагог өз кәсіби білімін шыңдай отырып, оқушының оқуға қызығушылығы мен білім сапасын
арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы
бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. Бәсекеге қабілетті сапалы
білім алған тұлға – Тәуелсіз еліміздің болашағы. Білім – болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу
орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзірет — оқушының жеке және
қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік
тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол — оқу
нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып
табылатын жаңа сапа.
Қорытындылай келе, осындай маңызды республикалық форумның барлық ұйымдастырушылары мен
серіктестеріне алғысымды білдіремін. Педагогикалық білім беру саласында біздің Қазақстанда ғана емес, бүкіл
әлемде интеллектуалды және инновациялық ресурс ретінде жемісті және тиімді ынтымақтастықта еңбек етейік.
Барлықтарыңызға жаңартылған білім беруде жаңашыл Ұстаз болып білімдеріңізді одан әрі шыңдауларыңызға
және биік белестерден көрінулеріңізге тілектеспін.
Әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж. 7 ақпан.
2. Жолдасова Б.Б. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5, 2007ж.
3. «Физика және астрономия» республикалық ғылыми - әдістемелік педагогикалық журналы. 2007ж. №4.
4. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты»: Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. – 2012, желтоқсан – 14.
5. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 нaқты қaдaм» бaғдapлaмacы. 20.05. 2015 ж.
//http://bnews.kz/kk/news/post
6. Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: руханижаңғыру. – Астана, 2017
* * * * * * *
22
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы,
Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің бастауыш
сынып мұғалімі Таңбаева Шарбану Бейсенбайқызы
«Әр баланың жан дүниесінде көрінбейтін шек болады. Егер оны шебер
қолмен тарта білсе, олар әдемі дыбыс шығарады.» В.Сухомлинский
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес
миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз - оқу. «Надан жұрттың күні –
қараң, келешегі тұман»,- деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі мектеп
мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым
болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді»
деп есептейді. Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында[1] «Білім беру жүйесінің басты міндеті –ұлттық және
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын
енгізу ,білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»-деп білім беру
жүйесін одан әрі дамыту көзделген. Бұл міндеттерді шешуде, әрбір орта мектептің бастауыш сатысында білім
беруде оқу-тәрбие үрдісін жаңа технологияларға сай ұйымдастыру әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы,
барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа
өту қажеттігі туындайды.
Жеке тұлғаны дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп
аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етеді.Бұл ұғымның мәнін білім беру үдерісін өзгеше дамытатын
жүйе деп түсінуге болады, сонда білім алушылардың іс-әрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім
мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамссыз
ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
Бастауыш мектепте қазіргі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың тиімділігі оқушылардың
білімін арттыруда, іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің иновациялық іс-әрекетінің ғылыми-
педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу
үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
Ал жаңа технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік
деңгейге жеткізеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық,
педагогикалық әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Оқытудың жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі-оқытудың әдіс-тәсілдерін
үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда
оқытушылар иновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың
сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Педагогикалық технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады;
5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады;
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады;
7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады;
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің жаңа
үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін
ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді пайдалана
білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауында айтылған [2] «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелетіні анық»
деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын меңгерту ғана емес,
өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз бетімен қолдана алатын,
қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын баланың ішкі болмысы мен
табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
23
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған
оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне байланысты, өзінің
шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,
шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын
алады. Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі.
Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Тұңғыш Президент
жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы
жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы
нәтиже деген ұғыммен егіз.[3] Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен
тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген,
психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік
даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің бірі - сыни тұрғысынан ойлау. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз –
ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып,
реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және
бірлесіп, шығармашылық жұмыс жасау.Бұл әдістің тиімділігі сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс
барысында тез шешім қабылдауға, логикалық ойлауға, тақырып аясында өз ойларын дамытуға дағдыланады.
Мысалы мен өзімнің тәжірибемнен айтар болсам, 2 сынып әдебиеттік оқу пәнінен Т.Молдағалиевтің «Он
алтыншы желтоқсан» тақырыбында өткен сабақ барысында оқушыларым топтық жұмыс жасағанда, аталған
технологияның инсерт , миға шабуыл әдістерін сәтті пайдалана білді.
Бұл технологияның нәтижесінде:
1.
оқушылардың ақпаратты қабылдау деңгейі жоғарылады;
2.
оқу материалына және оқу процесіне қызығушылығы артты;
3.
сыни ойлауға үйренді;
4.
өз біліміне жауапкершілікпен қарауға үйренді;
5.
басқалармен бірігіп жұмыс жасауға үйренді;
6.
оқушылар білімінің сапасы артты;
Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы мен өз іс-тәжірибемде 3-ші
сыныптың Жаратылыстану пәні бойынша интерактивті тақтамен өткен «Өсімдіктер мен жануарлардың
өзара байланысы»атты сабағыммен бөліскім келіп отыр.
Психологиялық ахуал.
-
Армысың, ару күн!
-
Армысың, жақсы дос!
-
Бос өтпей әрбір күн
-
Білімге білім қос!
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Оқушыларға«Ашық микрофон»кері байланыс парағы таратылады. Оқушылар өздері белгілейді
Дескриптор:
1. Жануарларға қандай өсімдіктер қажет?
1.______________________
2.______________________
3.______________________
4.______________________
2. Иттің өсімдіктерге қандай көмегі тиеді?----------------------
-------------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------------
1.
өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты түсінеді.
2.
жануарлар мен өсімдіктердің ортақ белгілерін анықтайды.
Оқушылардың алдына қалыптастырушы бағалау парағын таратып сол арқылы оқушыларды бағалау.
Оқушылар «Табыс сатысы» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты жасайды.
Сабақта белсенді қызметті оқушы атқарды, оқушы өзі оқиды. Мұғалім сабақта басқарушылық міндеттер
атқарады, оқушыға бағыт-бағдар беріп тұрады. ІІ-ші кезеңінде жаңа білімді меңгеруге дайындық
жұмыстарынан соң, оқушыларға мәтінді өздігінен оқып, негізгі ойды дәптерге жазуды тапсырып, мәтінмен
жұмысты «Мені түсін» әдісі бойынша ұйымдастырдым. Оқушылар осы кезеңде топтық жұмыс үстінде бірін-
бірі жақсы зерттеп, өз-ара адал қызмет етуге ұмтылды, бейімделді, дискуссия барысында тілдері дамыды,
нашар оқитын оқушылардың жолдастарының алдында жауапкершілігі арта бастады.
Оқытудың жаңа технологияларының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану нәтижесінде:
1.Оқушылар жаңа ақпаратты өздігінен меңгеруді үйренді.
2.Пәнге қызығушылығы артты
3.Ізденісі, оқу белсенділігі артты
4.Сыныптың білім сапасы өсті
5.Мұғаліммен оқушы арасында тығыз байланыс орнады.
6.Әр баланың дамуына қолайлы жағдай жасалды.
2013 – 2014 оқу жылынан бастап біздің Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектепте оқу үрдісіне E-Learning
электронды оқыту жүйесі енгізілді. Электронды оқыту жүйесі енгізілгеннен бастап біз сабақтарымызды
электронды оқулықтармен, интерактивті тақтамен өткіземіз.
Сонымен қатар бастауыш мектепте ақпараттандыру мәселесін зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша,
бастауыш мектепте ақпараттандырудың міндеттерін шешуде ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды қабылданудың төмендегі бағыттарына сүйену керек.
1)оқу процесінде қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану
2)бастауыш мектептерде электрондық оқулықтарды оқыту.
3) кәсіби - педагогикалық іс-әрекетті қамтамасыз ету.
4) оқу –тәрбие процесін басқару
Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологиялар төмендегі бағытта қолданыла алады:
•
балалар мен педагогтарды зерттеу пәні, соған сәйкес бастауыш мектептегі информатика және
ақпараттық мәдениет негіздері пәнінің мазмұны арнаулы компьютерде өз бетімен жұмыс істеуді
жетіп меңгертуге құрылуы тиіс.
•
мұғалімнің сабақ жоспарын, конспект жазу, көрнекі – әдістемелік құрал дайындау, оқушылардың
өткен материалды меңгеруін тексеру.
•
шығармашылық елестету, жағдайға байланысты тез шешім қабылдау, қоршаған ортаны тану
қабілеттерін дамытып, қалыптастыру үшін бастауыш сынып оқушылары үшін интеллектуалды
дамыту туралы,
•
ақпаратты алу және құрбыларымен,әріптестерімен Интернет арқылы қарым-қатынас жасау көзі;
2.Сауатты түрде іріктелген компьютерлік программалардағы ойындық және оқу тапсырмаларының
вориативтілігі оқушының жұмыс істеріне игі әсерін тигізеді;
3.Компьютерлік программада,электронды оқулықта берілген ойындық,оқу тапсырмалары проблемалық
ситуация оқушылардың көңіл-күйіне,ынтасына әсер етумен қатар олардың шығармашылық және
интеллектуалдық белсенділігіне кешенді түрде ықпал етеді
4.Оқушылардың жаңа материалды,жаңа техниканы меңгеру деңгейін және олардың жеке қабілеттерін,қабылдау
темпін,қызығушылықтарын,ынталарын есепке ала отырып,ұйымдастыру барысында оқытудың жеке әдістері
мен формаларын қолдануға мүмкіндік береді. Өйткені қазіргі ақпараттық технологиялар ұжымдық іс-әрекетіне
құрылған оқу тәрбие үрдісінде жеке оқыту түрін ұйымдастыруға бағытталған.
Компьютер оқушылардың өздік жұмысын тез және қарқынды түрде ұйымдастыруға көмектеседі. Мәселен,
Microsoft Word мәтін редакторында оқушыларға әр түрлі жазбаша тақырыптарды өз бетінше орындауға
мүмкіндігін пайдаланып, мәтіннен ең негізгілерін тауып алуға үйренеді және осы жинақталған ақпараттарды
25
пайдалану арқылы, қысқа жинақталған дәрістік жазып шыға алады. Бірақ, бұл жазба жұмыстарын толық
компьютерде орындату дегенді білдірмейді, тек баланы ынталандырудың бір түрі ретінде пайдалану дегенді
меңзейді.
Мысалы, екінші сыныпта Ана тілінен «Бала Абай» сегізінші тақырыбын электронды оқулықтың көмегімен
өте қызықты өткізуге болатынына көзім жетті.
1-тапсырма Абай туралы өз ойларын компьютерде топтастыру:
Сонымен қатар Хакім Абайдың 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын
жалғастыру барысында оқушылар өздері білетін Абайдың өлеңдерін жатқа айту.
2-тапсырма «Бала Абай» мәтінін өздігінен зерделей оқу.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
3-тапсырма «Абайдың балалық шағы» деген тақырыпта шағын шығарма жазу. Осындай тапсырмалар
желісінде берілген сабағым оқушының өздігінен білім алуына, жүйелі және қисынды ойлауына ықпал етті.
Ақпараттық технологиялар балалардың шығармашылығын арттыруда да ең қуатты ынталандыру құралы
болып табылады. Бастауыш сынып оқушыларының әдеби шығармашылықтарын арттыру мақсатында
«Менің алғашқы қол жазбам», «Менің жанұям», «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте» т.б.жобаларға
қатынасуды ұсынуға болады, балалар мектепке дейінгі өмірі, отбасы туралы әңгіме жазады, әр түрлі
жұмбақтар құрастырады. Сонымен бірге оқушыларға шығармашылық ойын түрлерін құруға тапсырма
беруге болады. Оған біршама уақыт беру қажет, себебі оқушы алдына қойған жұмысты шешу үшін жан-
жақты ізденеді, отбасымен ақылдасады, әртүрлі әдебиеттерді қарастырады, сыныптастарымен, мұғаліммен
ақылдасады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізетін жаңа
әдістің бірі-интерактивтік тақтаны қолдану, ол сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық
кезеңінде тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізеді. Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруде
интерактивті тақта, оқыту әдісінің бір түрі болып саналады.
Мәтінді көре отыра тыңдауды қалыптастыру мәдениетін сөз етсек, ең алдымен, жаңа техникалық құрал –
жабдықпен, яғни интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу технологиясы алға тартылады. Қазақ тілі сабағанда
интерактивтік тақтамен жұмыс жүргізу технологиясындағы автономды түрде меңгеріп негіздеуіне мүмкіншілік
береді. Интерактивтік тақта арқылы дидактикалық материалдармен қоса неше түрлі дыбыстарды оқушаларға
естіртуге болады мысалы: құстардың үнін, судың дыбысын т.б.түрлерін жасауға мүмкіндіктер болады.
Жаңа технологияларды пайдалану нәтижесінде:
Оқушым Тұрғын Кәусар аудандық пән олимпиадасына қатысып жүлделі І-ші орынды
иеленді.Ақбота Республикалық марафонына оқушым Дүйсенбек Мейрамбек қатысып жүлделі І-ші орынды
иеленді.Математикадан халықаралық қашықтық олимпиадасына
оқушыларым;
1.Оразтай Диас 2.Алмаханова Асия
3.Сейдыбек Абдурахман 4.Жақсылық Даркен
5.Қадырбек Бақытжан қатысып жүлделі І-ші орынды иеленіп диплом алды.
Кенгуру халықаралық математикалық ойынына оқушым Ақылбек Хабижан қатысып жүлделі ІІ-ші орынды
иеленді.
Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да,
ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай
ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” –деп Б.Момышұлының
сөзімен аяқтаймын.
Әдебиеттер
1.
А. Асқарбаев, М. Жазыбаев, С. Рахметова. “Бастауыш оқудың тиімділігін арттыру”: Алматы-1975, 6-47
б ет
2.
Бастауыш мектеп методикасы. Алматы.- 1987, 6-12 бет
3.
Жұмабаева Ә.Е.Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде үргізілетін тіл дамыту жұмытарының
әдістемесі.- Алматы.- 1994.- 3-9 бет
4.
Молдатаева М. Тілді дамыта оқыту: Бастауыш мектеп:- 2000, №3-4-9 бет
5.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы: Ана тілі.- 1995.- №5.- 54-59 бет
6.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына
Жолдауы. – Астана: Елорда, 2014. – 23-б.
7.
Қалым Г.М.. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар // Педагогикалық альманах, 2011. – 1.
8.
Түсіпова А. Компьютер-оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы. – Қазақстан мектебі, 2004. – №7.
* * * * * * * *
26
Алматы қаласы, Алатау ауданының № 169 мектеп-лицейінің
география пәнінің мұғалімі Жумабаева Батима Даускожаевна
Сабақ жоспары. 8 сынып География.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3 Физикалық география
Мектеп: №169 мектеп-лицей
Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаева Батима Даускожаевна
Күні: Сынып: 8
Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: Геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кесте. Жер бедерінің адамзат
тірішілігі мен шаруашылығына тигізетін әсері.
Осы сабақта қол
жеткізетін оқу
мақсаттары
8.3.1.9-геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені талдап,жер
қыртысының және тіршіліктің дамуындағы ірі кезеңдері мен геологиялық
оқиғаларды ажырата алады.
8.3.1.10-Жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде жер бедерінің адамзат
тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін әсеріне баға береді.
Сабақтың
мақсаты:
Барлық оқушылар: Геохронологиялық кестенің эраларын, дәуірлерін және
қатпарлықтарын жіктейді.
Оқушылардың басым бөлігі: Геохронологиялық кесте бойынша жер бетіндегі
тіршілік пен тау түзілу процестеріне сипаттама береді.Тау жыныстарының
геологиялық жасына тұжырым жасайды.
Кейбір оқушылар: Жер бедерінің геологиялық жыл санау барысындағы оқиғаларда
ажырата алады, жер бедерінің адамзат тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін
әсеріне қорытынды жасайды.
Бағалау
критериялары
Талдау:Геохронологиялық кестенің эраларын, дәуірлерін және қатпарлықтарын
жіктейді.
Синтез:Геохронологиялық кесте бойынша жер бетіндегі тіршілік пен тау түзілу
процестеріне сипаттама жасайды. Тау жыныстарының геологиялық жасына
тұжырым жасайды.
Бағалау: Жер бедерінің геологиялық жыл санау барысындағы оқиғаларды салыстыра
алады, жер бедерінің адамзат тіршілігне және шаруашылығына тигізетін әсеріне
қорытынды жасайды.
Тілдік мақсаттар
Негізгі ұғымдар:
Тау жынысының абсолюттік жасы,тау жынысының салыстырмалы жасы,
геологиялық жыл санау,геохронологиялық кесте,эра,дәуір.Антропогендік жер
бедері,техносфера,ноосфера,техногендік жер бедері.
Айтылым:Мәтінді оқып түсінгедерін айтады.
Тыңдалым:Оқушылар жаңа тақырыпты талқылау барысында бірін-бірі тыңдайды.
Оқылым:Оқушылар оқулықта берілген мәтінді оқиды.
Жазылым:Дәптерге геохронологиялық кестені сызады.Алған білімдерін дәптерге
түсіреді.Кластер құрастырады.
Құндылықтарға
баулу
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының Тарихтың ,мәдениет пен тілдің
біртұтастығы құндылығы аясында оқушыларды топтық және жұптық жұмыс
арқылы бір- бірін сыйлауға, тыңдауға, өз ойын ашық айтуға баулу.Топ ішінде
Пәнаралық
байланыс
Биология пәнімен: жер бетіндегі тіршілік пайда болуы.
Тарих пәнімен: Тарихи кезеңдерге тоқталған кезде байланыс орнайды.
Химия пәнімен:тау жыныстарын анықтағанда
Алдыңғы білім
8.3.1.7.-Таужыныстары мен минералдарың қасиеттері.
8.3.1.8.-Тау жыныстарын жасын анықтау
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған
кезеңі
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
4-минут
Ұйымдастыру бөлімі.Сәлемдесу
1.Сергіту сәті:
«Жақсы көңіл күй сыйлау» Оқушылар шеңбер құрып тұрып
бір-біріне жақсы тілек тілейді.Күн сәтті өтсін,бүгін сен
әдемісің деген сияқты тілектер айтылады.
Дәптер беттері.
Қима қағаздар.
(қағаз қималарына
эралардың аты
жазылған)
27
Оқушылар қима қағазда жазылған эраларды таңдау
арқылы төрт топқа бөлінеді.
І-топ «Архей», «Протерозой»
ІІ-топ «Полезой»
ІІІ-топ «Мезозой»
ІV-топ «Кайнозой»
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Сабақтың ортасы
Талдау
15 минут
Синтез
10-минут
Жинақтау
Бағалау
5 минут
Жердің жасын қалай анықтаймыз? деген проблемалық сұрақ
қоя отырып «Миға шабуыл» әдісімен ой қозғаймын, жаңа
сабақтың тақырыбын ашамын. Жердің жасын анықтау үшін
Геохронологияық кестені пайдалану керек.
Топтық жұмыс
1-Тапсырма.
«Кластер» әдісі:
Географиялық ресурстарға сүйене отырып флипчарт дайындау
және оны қорғау.
І-топ.Тау жыныстарының жасын анықтау
ІІ-топ.Геологиялық жыл санау.Геохронологиялық кесте.
ІІІ-топ.Геологиялық кесте бойынша тау қатпарлықтары мен
олардың жүру кезеңдері.
ІV-топ.Антропогендік табиғат кешені
Оқушылар өздеріне берілген тақырыптарды постерге түсіру
арқылы өз тапсырмаларын қорғайды.
Мақсаты: Топ мүшелері өз идеяларын айтуға мүмкіндік
алады.Мәліметтермен алмасады.
Жаттығудың мәні: Сынып алдында әр топ өз тапсырмаларын
қорғайды. Түсінбеушілік болмаған жағдайда оқушылар сұрақ
қояды.Оқушылардың деңгейіне қарай саралап сұрақ
қойылады.
Бағалау критерий
Дескриптор
Геохронологиялық кестенің
эраларын, дәуірлерін және
қатпарлықтарын жіктейді.
-Геохронологиялық кестенің
кестенің эраларын
(архей,протерозой,полеозой,
мезозой,кайнозой) анықтап,
дәуірлерін саралайды.
-Қатпарлықтары бойынша
(байкал,каледон,герцин,
мезозой,альпі) жер бетіндегі
тіршілік пен тау түзілу
процестерін жіктей алады.
-Тау жыныстарының
абсолюттік және
салыстырмалы геологиялық
жасын есептей алады.
Үлестірмелі
материал
(геохронологиялық
кесте)
Оқулықтың
65-67 беттері
Оқулық
66-67 беттер
Геохронологиялық
кесте
Ресурстық қор
Оқулық 70-73 беттер
ҚБ «Үш шапалақ» әдісімен бағалау
Бір шапалақ-Мүлдем түсініксіз
Екі шапалақ- біршама түсіндім
Үш шапалақ-Бәрі түсінікті
Жұптық жұмыс
ІІ-тапсырма «Дауыстап ойлау» әдісі
Оқулықты пайдаланып жұптаса отырып берілген тақырыпты
біреуі дауыстап оқиды, екіншісі тыңдай отырып ой түйеді.
Бір- біріне түсіндіреді. Әр эраның дәуірлерін
қатпарлықтарын және ұзақтықтарын кестеге
түсіреді.Картадағы жер бедерлерінің пішінімен
салыстырады.Салыстыра отырып геохронологиялық кестені
толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |