ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ МАТЕМАТИКА
ПӘНІНЕН ЗЕРТТЕУ САБАҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
"Жезқазған қаласының білім бөлімінің №8 гимназиясы" КММ
Смаилова Жанар Шабазқызы - математика пәні мұғалімі
Сабақты зерттеу – кәсіби білім алу үдерісі. Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінің белгілі бір қырларын
жетілдіруге бағытталған арнайы педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың оқуына және
прогресіне назар аударады. Сабақты зерттеу білім және тәжірибе алмаса отырып, кәсіби қоғамдастық құруға
септігін тигізетін мұғалімдердің бірлескен жұмысын зерделеуді көздейді (Курамото, 2014) Сабақты зерттеу
тәсілі оқыту мен оқуды жетілдіру саласында ғана емес, сонымен қатар педагогикалық білімді жетілдіру, оқу
бағдарламасы мен оқытуды құрылымдау, мектепті басқару және т.б. салаларда да жүргізілуі мүмкін (Курамото,
2014). Сонымен қатар сабақты зерттеу жеке шара ретінде емес, күнделікті жұмыстармен, мәселен, жаңа оқу
бағдарламасын енгізу, белгілі бір саладағы оқыту тәжірибесін жетілдіру, ұзақ мерзімді жоспарлаумен бірге
ықпалдастырылып жүргізілгенде анағұрлым тиімді болмақ (Lewis, Hurd, 2011).
Мен "Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу" курсын аяқтап қазірде мектеп тренерімін. Зерттеу тақырыбым
"Топтық жұмыс арқылы оқушылардың өздігінен реттелуін қалыптастыру". Осы тақырыпты алудағы
себептердің бірі, әріптестерімнің сабақтарын зерделеу, зерттеу нәтижесінен әріптестерімнің балалармен
күнделікті сабақта топпен жұмыстың жүргізілу әлсіздігін және оқыту мен оқудағы топтық жұмысқа өз
деңгейінде мән бермейтіндігін анықтадым. Осы істі жандандыру нәтижесін шығару керек деген ой түйдім.
Осы тақырыпты жүзеге асырудағы мақсатқа жетер жолдағы қадамдарымды былайша топтастырдым:
1) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді топтық жұмыста ұйымдастыру және кері байланыс алу арқылы
оқушылардың сыни ойлауына мүмкіндіктер туғызу негізінде ең басты мәселе оқушылардың көп біліп, алған
білімдерін орынды жерде қолдануын қамтамасыз етемін;
2) сапалы оқыту үшін АКТ-ны қолданып, стратегиялар арқылы қалай оқу керектігін үйретуде мұғалімдерге
кәсіби қолдау көрсету арқылы әріптестерімнің де өзгеруіне жол ашып, олардың табысты оқытатын құзырлы
мұғалім болуларына ықпал етемін;
3) топтық жұмыс негізінде балалардың өзіндік реттелуіне оңтайлы ортаны кәсіби қоғамдастық шеңберінде
құру арқылы қиындатылған түрлі бағыттағы жағдаяттық тапсырмалар жасау арқылы жекелеген қажеттіліктерді
( инклюзивті оқыту) қанағаттандырамын.
4) мектеп мәдениетін дамыту және мұғалімдер қоғамдастығындағы "көпіршелер" арқылы барлық
әріптестеріме қолдау көрсетемін деген тұжырымға келдім.
Бұл міндеттерді шешудің жұмыс әдістеріне тоқталсам; оқыту үшін бағалау, диалогтік оқыту, тәжірибе туралы
рефлексия, коучинг пен тәлімгерлік, "Сабақты зерттеу", іс-әрекетті зерттеу, мектеп көшбасшылығы, яғни кәсіби
қауымдастық жұмысына атсалысу. Ал жұмыс құралдары: АКТ-ны қолдану, өзін-өзі және өзара бағалау, орта
мерзімді жоспарлау және бағалау, коучинг пен тәлімгерлік жоспары, зерттеу жұмысы, жалпы жұмыс жоспары.
Жалпы өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады (Perry et al,2002)
•
тапсырмамен жұмыс барысында өздігінен бағытталушылығы;
•
оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы;
•
проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы.
Таңдалып алынған тапсырмалар өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға ықпал етуі қажет. Өздігінен
реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді Менің тақырыбым
"Топтық жұмыс арқылы оқушылардың өздігінен реттелуін қалыптастыру" болғандықтан мәнмәтінге сәйкес
"Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушының өздігінен реттелуін қалыптастыра аламыз ба?" ,
"Мұғалім көшбасшылығы мен рефлексиясы негізінде оқыту мен оқуды жақсарту", "Сабақты зерттеу"
тақырыптарына коучингтер өткізіп, сабақта жиі кездесетін проблеманы шешу мұғалімдер арасында 6 сынып
бойынша фокустік топ құрдық. Зерттеу сабағы қарапайым идея болып табылады. Егер сіз оқытуды
жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен бірге жұмыс істеу-жоспарлау, бақылау және сабақ бойынша ой
жүгіртудің қаншалықты маңызды екені анық емес пе? (Lewis, 2002)
Топтың негізгі зерттеу тақырыбын:« 6"б" сынып оқушыларының қабілеттерін ескере отырып, терең білім
алуына жағдай жасау»деп таңдап алдық. Бұл тақырыпты таңдау себебіміз біздің алдымыздағы әр оқушының
қабілеті, дарындылығы әр түрлі екені белгілі және олардың терең білім алуына жағдай жасағымыз келді.
Сонымен қатар сабақ барысында үлгерімі төмен оқушыларкөп жағдайда тапсырмаларды орындап үлгере алмай
қалады немесе қате орындайды, міне, біз осы мәселені шешу үшін зерттеу жұмыстарын жүргіздік:
-әрбір оқушы пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар
тұрғысынан білімі мен тәжірбиесін қалыптастыратын, сондай ақ оқушының білім беру бағдарламасы
деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орнату;
-оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл
өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар
мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген
сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін білу.
60
Зерттеу барысында мен үш сабақ өткіздімжәне оны келесі сабақтардан байқауға болады. Бірінші
сабақта«Сен маған, мен саған» әдісін қолдандым және осындай диалогты оқытуда сұрақ қоюға үлкeн мән
бeрiлeдi.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бiрi болып табылады, сeбeбi сұрақ дұрыс қойылған жағдайда
оқытудың тиiмдi құралына айналады жәнe дe оқушылардың оқуына қолдау көрсeтiп, оны жақсарта жәнe
кeңeйтe алады (МАН III, 38 бeт)«Джиксо» әдісінде, «Фрейер» әдісінде, сабақта саралау тапсырмаларын
орындағанда яғни «оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу», рефлексия алу мақсатында
«ҚҚҚ» кестесін қолдандымжәне «оқу үшін бағалау және оқуды бағалауға»сәйкес келетіндігін байқаймыз.
Екінші сабақтың басындамиға шабуылкезінде«Үштік» әдісін қолдандым, ал сабақта топтық
жұмысбарысында«Ойлан,жұптас,бөліс әдісі»,сабақты қорытындылау мақсатында «Тұжырымды ой» әдісін
қолдандым, сабақтағы деңгейлік тапсырмалар яғни саралау тапсырмалары «талантты және дарынды балаларды
оқытуға»сәйкес келіп тұрғандығын байқаймыз, сабақты қорытындылау кезінде «Нысана» кестесін қолдандым,
бұл кесте оқушылардың бүгінгі сабақта не қызықты? не үйрендім? не білдім?менің ойымша деген сұрақтарға
жауап беру арқылы сабаққа рефлексия береді, ол маған келесі сабақты жоспарлау мақсатында және
оқушылардың оқу мақсатына қаншалықты қол жеткізгендігін анықтау үшінқажетболды.
Үшінші сабақ қортынды сабақ болғандықтан сабақтың басында оқушылардың теориялық білімдерін еске
түсіру мақсатында «Сен маған,мен саған» әдісін қолдандым, екінші «сын тұрғысынан ойлауға үйтету»
мақсатына негіздеп, зерттеу тапсырма құрастырдым, бұл тапсырманы оқушылар күнделікті өмірдегі
құбылыстармен байланыстыра отырып орындауы қажет,бұл жeрдe, айта кeту кeрeк, оқушылардың
мәлiмeттeрiндe кeйбiр жeрлeрдe кeмшiлiктeр болды. Бiрақ мeн олардың ойларын толық аяқтап болғанша, оларға
кeдeргi жасамауға тырыстым. Сeбeбi оқушыларды тоқтатып, олардың ойына қарсы пiкiр айтып, көп eскeртулeр
жасау диалогтың дұрыс жүруiнe кeдeргiсiн тигiзeдi. Ал қатeлiктeрдi сұрақтар қою арқылы түзeтугe талпындым
жәнe қойылған сұрақтар мeйлiншe ашық, проблeмалық болуына көп назар аудардым. Сeбeбi ойланататын
сұрақтароқушыларды сыни ойлауға, яғни қарастырып отырған құбылысты талдай бiлугe, салыстыруға, болжау
жасауға бағытталған.Тапсырманы орындағаннан соңоқушыларөзін-өзі және өзгенітапсырмаға сәйкес
құрылғандескриптор арқылы бағалады. Қорытындылай келе, сабақты зерттеу тобының зерттеу нәтижесі
бойыншаәріптестеріммен бірге әр тапсырмаға сай дескрипторлар мен бағалау критерийлері құрастырылды, сол
дескрипторлар бойынша бақылауға жауаптымұғалімдер А В С деңгейіндегі оқушыларды сабақ барысында
бақылап, олардың жұмысты орындау ретін қадағалап, тіркеп отырды. Осы бақылаулар келесідей қорытындылар
жасауға себеп болдыСұрақ-жауаптүрінде өткізелітін сабақ кезеңдері барлық деңгей оқушыларының белсенді
қатысуын көрсетті, Синтез, талдауды қажет ететін сұрақтар Адеңгейі оқушыларында үлкен қызығушылық
тудырмады. Есептерді жеке орындау Атобы оқушылары үшін қиындық тудырды, бұл олардың жеке жұмыс
жасауға сенімсіздігінің салдары деп есептейміз. Топтық жұмыс барысында Атобы оқушылары белсенділігі
артты. Тәжірибелік жұмыс барысында Атобы оқушылары белсенділігі төмен болды, бұл олардың ғылыми
зерттеу дағдыларының төмендігінен орын алуы мүмкін. Сол себепті келешек сабақтарға оқушыларда
зерттеушілік қасиеттерді дамытуға бағытталған тапсырмаларды енгізу маңызды.Талдауды қажет ететін
сұрақтарСдеңгейі оқушыларында өте жақсы қызығушылық тудырды, сол себепті саралау кезінде оларға жоғары
ойлау дағдыларын қажет ететін тапсырмаларды қарастыру керек. Осы сабақты зерттеуді жүзеге асыру арқылы
мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибесін жетілдіре алады деп ойлаймын. Ал оқушылар сабақтағы іс-
әрекеттерге белсене араласа отырып, өздерінің білімі мен белсенділігін көрсете білді. Соның нәтижесінде осы
сыныптың сапа көрсеткіші артты. Оны мына кестеден көре аласыздар.
Білім сапасының көрсеткіші
тоқсан
І
ІІ
ІІІ
ІV
Сапа
32%
39%
46%
61%
Зерттеу сабағында мұғалім іс-әрекеті бойынша оқушылар қандай прогреске қол жеткізді. Топтық жұмыс қалай
көмектесті немесе кедергі келтірді (екеуіде болуы ықтимал). Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі
жолы топтық жұмыстың қандай аспектілері түзетілуі керек, келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек.
Оқушылардың ой ұшқырлығы пайда болды, бір-біріне деген сенімі артты, оқушы өзінің топта орындалып
жатқан жұмыстың маңызды екенін, өз үлесін қосып жатқанын сезінді, басқа топтардың жұмыстарын тыңдап,
олардың мүмкіншіліктерін салыстырып анализ жасай алды, бақылаудың нәтижесінде өте тұйық және
көшбасшы оқушылар анықталды. Оқушылардың көбі жаңа келгендіктен топта жұмыс істеу дағдылары
жетіспеді, берілген уақытты тиімді пайдалана алмады, бағалау тәсілдерін қолданғанда оқушылар өзін-өзі
объективті бағалай алмады.
Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы топтық жұмыстың қандай аспектілері түзетілуі керек.
Сабақтың уақытын мөлшерлеу және уақытты бөлудің орындылығы. Өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау әдісін
үнемі қолдану. Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, кері байланыс түрлері. Оқушылардың бағалау түрлерін
жетілдіру, әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін деңгейлік дифференциялау тапсырмаларын қарастыру,
топтық жұмыстың критерийлерін үнемі сақтап отыру, оқушылардың бойында жұмыс істеу дағдыларын
жетілдіру, қалыптастыру әдіс-тәсілдерін қолдану.
Жаңадан пайда болады: "Бірігіп жұмыс істеуге оңай". Ортақ сұраныс, кері байланыс. Қиыншылықтарды бірге
61
шешу. Рефлексивті практика. Мұғалімдер өзара педагогикалық тәжірибелерімен алмасады. Барлық іс-әрекет тек
оқушыға бағытталады. Нақты жүйе пайда болады. Сонымен зерттеу нәтижелерін бірлесе талқылау барысында
әріптестері ұсынған сындарлы кері байланыстың арқасында мұғалімдер өздерінің рефлексиялау және талдау
дағдыларын жетілдіре алады. Сабақты зерттеу тәсілдері мұғалімдердің өзара ынтымақтастығын күшейтетінін
атап өту маңызды. Үдеріс барысында бірлесіп жұмыс істеу мәдениеті қалыптасып, ол өз кезегінде
мұғалімдердің кәсіби дамуға ұмтылысын күшейтеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы. Оны жүзеге асыру
2. Іс-әрекеттегі зерттеу. Әдістемелік құрал/Аушева И.У., Ғабдоллақызы Б. редакциясымен – Астана: «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2012.
3. Іс-әрекеттегі зерттеу барысында деректермен жұмысты қалай ұйымдастыруға болады. Әдістемелік құрал/
Абдраманова Қ.С., Жансүгірова Ж.Д. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы, 2015.
4. Педагогикалық ізденіс-Алматы: Рауан 2018
3. Мейірханова Н.А. Жаңа технология элементтерін оқыту үрдісінде пайдалану – мұғалімнің пәндік
құзыреттілігінің басты шарты.
* * * * * * * *
ЖИНАҚЫ МӘТІН ЖАЗУ
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы,Қарашілік орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Казиева Фарида Камалиденовна
Қазақ мектебіндегі қазақ тілін оқыту бағдарламаларында жаңартылған бағдарлама бойынша негізгі төрт дағды
бойынша қандай жұмыстар жүргізілетіні жайында мол мағлұматтар берілген. Соның ішінде "Жазылым"
бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жоспар құру;
2) әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;
3) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
4) эссе жазу;
5) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
Осы "Жазылым" дағдысын дамытуға арналған жұмыстардың ішінде жинақы мәтін-компрессия жазу 5-9
сыныптар арасында мынадай мақсаттар арқылы жүргізіледі:
5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы
мәтін жазу
6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып,
жинақы мәтін жазу.
7.3.5.1 -оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік
қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.
8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен
алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.
9. 3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша автордың негізгі ойын сақтай отырып, перифраз
тәсілдері арқылы жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу
Байқап отырғандай сынып жоғарылаған сайын компрессия жазу шарты да күрделеніп отырады. Жинақы
мәтін жазудағы мақсат – оқырманды мәтін мазмұнының ең негізгі идеясымен таныстыру және түпнұсқаны
оқитын уақытты үнемдеу. Ықшамдау барысында мәтіндегі ең негізгі ақпараттарды ғана сақтап, басы артық
элементтер алынып тасталады. Яғни, жинақы мәтін - негізгі мазмұны сақталған екіншілей өңделген мәтін.
Жинақы мәтін тек автор идеясынан ғана тұрады. Өз ойымызды жинақы мәтінге қосуға болмайды. Жинақы
мәтін түпнұсқа мәтіннен 75 % дейін қысқа болады. Егер кітап болса, түпнұсқа мәтіні 99% ықшамдалады.
Жинақы мәтін жазуға үйрету барысында оқулықпен қатар аудио, газет-журнал материалдарын пайдалануға
болады. Өз тәжірибемде республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» газеті мен «Айгөлек»
журналында жарияланған материалдарды көбірек пайдаланамын. Төменде 5-9 сыныптар арасында өзім
қолданған тапсырмалар ретімен берілген.
5-сынып
Оқу мақсаты 5.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттар
ды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.
Тапсырма Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ақпаратты
сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
Дескриптор - мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады;
- іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады.
62
Түпнұсқа мәтін «Обал мен сауап»
Жинақы мәтін
Жаздыгүні.Таңертең інім Әсетті ертіп, бұзауларды өріске айдап тастап,
үйге беттеп келе жатқанбыз. Алдымыздан қанаты сынған ба, әлде, топшысы
үзілген бе, бір үйрек жерден көтеріле беріп, таяқ астам жерге барып құлап
түсті.Тұра қалдық. Біз жақындаԑанда ұша жөнеледі де, ұзамай қайта қонды.
Үйректі қуалап жүріп ауылдан ұзап кетіппіз. Үйрек аспанға көтеріліп, алғаш
ұшқан жеріне қайта барып қонды. Балапандарын өзенге апара жатқан құс
екенін сонда білдік. Бізден балапандарын қорғау үшін қолданған амалы екен.
Әсет үйректі таспен атып алды, анамызға айтқанда, анамыз:
- Байғұс ана-ай!... Баласы үшін отқа да, суға да түсіп, өлімге барады-ау.
Мына үйрек те балапандарын қорғау үшін өлімге басын тігіп, тайсалмаған.
Бұл қылықтарың бекершілік болған. Шешесінен айырылған балапандар қалай
күн көреді, қайтіп жан сақтайды?..
Қателігімізді мойындап, балапандарды аяп, мұңайып қалдық.
Қап,әттеген-ай!... Обал болды-ау.
( Орта білім беру білім алушыларының сөйлесім әрекетінің түрлері
бойынша дағдыларды қалыптастыруға арналған үш тілдегі мәтіндер
жинағы. - Астана Ы. Алтынсарин атындаԑы ҰБА, 2016 )
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
-------------------------------------
---------------------
6-сынып
Оқу мақсаты 6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді
іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Тапсырма Тыңдаған мәтіннен негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді
ықшамдаңыз. («Арман-ПВ 8-сынып «Балаларды қорғау күні» аудио мәтіні бойынша)
Дескриптор - мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады;
- синонимдік қатарларды анықтайды ;
- мәтінді ықшамдап қайта жазады.
7-сынып
Оқу мақсаты
7.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін
синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
Тапсырма Мәтіндегі негізгі ақпараттарды іріктеп, синонимдік қатарларды өзгертіп, мәтінді ықшамдаңыз.
Дәрумендер
Адамның ең үлкен байлығы-денсаулығы. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі-дұрыс
тамақтану.Адам ағзасы сыртқы ортаның кері әсеріне үнемі қарсы тұруға тырысады. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де
күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз.Ағзаға
тағам арқылы келетін белоктардың, минералды тұздардың, майлардың көмірсутегінің алмасуын тездететін
заттар-дәрумендер. Әрқайсының өз атқарар қызметі бар дәрумендер қай жастағы адамға да қажет. Олар ағзаны
құруға жұмсалады, жоғалған клеткаларды қалпына келтіреді. Тағамдық заттар ретінде саналуы тиіс
дәрумендерге дәрі ретінде қарап, аурулардың алдын алуға ғана қолданылады десек, қателескеніміз. Ағзаны
дәруменмен қамтамасыз ету үшін жаз-күз айларында, жеміс-жидекті көп жеп, қарағай, итмұрын, қымыздық,
рауғаш, тау, су жуалары тәрізді табиғаттағы жабайы өсімдіктердің бай қорын пайдалануды да ұмытпаған абзал
(«Айгөлек» журналы 2005ж. №5 17-бет )
Дескриптор - мәтіндегі негізгі ақпараттарды табады;
- синонимдік қатарларды анықтайды ;
- мәтінді ықшамдап қайта жазады.
8-сынып
Оқу мақсаты 8.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр
бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін ( аннотация, тезис) жазу.
Тапсырма Мәтінді оқыңыз. Шығарманың мазмұнын сақтай отырып, әр бөлігінен алынған ақпараттардан
аннотация жазыңыз.
Лондонда ән шырқаған Нарғыз
Нарғыз Жанұзақова-13 жаста. Ақтөбе қаласының № 60ЖОББ мектебінде 8-сыныпта оқиды. «Бақытты
бала» халықаралық байқауының бас жүлде иегері атанған Нарғыз жақында Лондон қаласында өнер көрсетті.
Бізге ақтөбелік жас әншімен әңгімелесудің сәті түсті.
Былтыр Ақтөбе қаласында «Бақытты бала» халықаралық байқауы өткен екен. Байқаудың ең басты қонағы
жерлесіміз Димаш Құдайберген болды. Димаш аға «Бақытты бала» байқауында өнер көрсететін 20 баланы өзі
таңдап,жеңімпаздарға халықаралық байқауға жолдама табыстаған еді. «Бақытты бала» байқауының жеңімпазы
Нарғыз байқау жайында өінің ұстазы Манасова Гүлжамал апайдан естігенін айтады. Байқауға дейін ол
музыкалық жеке мектепте білім алған. Нарғыздың ұстазы оның талантын байқап,осы байқауға қатысуға ұсыныс
63
білдірген.Алғашында Нарғыз байқауға қатысу-қатыспау туралы нақты шешім қабылдай алмай жүргенімен,
Димаш Құдайбергеннің осы байқауға мұрындық болып жүргенін естігенде,келісе кетіпті.
«Бақытты бала» байқауы екі кезең бойынша іріктеуден тұрды.Қатысушы алғашқы кезеңде ана тілінде ән
шырқау керек,ал екінші кезеңде әлем әндерін айту керек болды. Нарғыз алғашқы кезеңде жоғары деңгейде өнер
көрсеткенін, ал екінші кезеңде өзіне көңілі толмағанын, әлі де шыңдалу керектігін айтады.
«Өнер көрсету үшін сахнаға шығар алдында қатты қобалжығаннан сүрініп қалдым.Өзіме өте қолайсыз
көрінді.Тіпті,жылағым келіп кетті. «Байқауға қатыспай-ақ қойғанымда ғой» деген ойлар мазалады.Жолдамадан
да, жеңістен де үмітімді үзіп кетіп қалғым келді. Алайда, бірі осылай әдемі аяқталады деп күтпедім.Әкемнің
арманын орындағаныма ризамын»,-дейді жас әнші Нарғыз Жанұзақова.
Ағынан жарылған әңгімесін айтып берген Нарғыздың еңбегі еленіп, Димаш Құдайбергеннің Лондонда өткен
жеке шығармашылық кешінде өнер көрсетті. Ұлыбританияның астанасында ән шырқаған ол шетелдік сахнаның
ерекшелігіне, құрылғыларының жоғары сапасына тоқтала келе,жанды дауыста ән шырқауға мол мүмкіндік
берілетіні туралы айтты. «Голливуд жұлдыздары өнер көрсеткен сахнада ән шырқау бақыты әркімге бұйыра
бермейтін бақ қой. Мен өте қуаныштымын.Тыңдарман көп жиналды. Олар мені танымайды ғой, қалай
қабылдайды екен деп қатты уайымдадым.Бірақ олар мені өте жылы қарсы алды»,-дейді ол.
Димаш Құдайбергеннің әлемдік сахнадағы өнерінен кейін оған еліктейтін жас әншілер көбейе түсті.
Өзіміздің жерлесіміз болғандықтан, Ақтөбеде оны пір тұтатын өнерпаздар көп. Нарғыз ағамен байланысып,
хал-жағдай сұрасып тұратынын айтты. Сұхбатан соң Нарғыз бізге Лондон төрінде шырқаған әнін орындап
берді. Нарғыз да болашақта қазақты әлемге танытатын әншілердің қатарында болады деген сенімдемін.
Аяулым Құдайберген, Қазанғап атындағы балалар өнер
мектебінің оқушысы, Ақтөбе қаласы
«Ұлан» газеті 2019жыл №21 11-бет
Достарыңызбен бөлісу: |