Бимаканова зылыйха шахметовна


Тақырып: Өмір және өлім. Өмірдің мәні



бет8/15
Дата22.10.2022
өлшемі142,07 Kb.
#154644
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
«философия» П ні бойынша д рістер курсы

2.4 Тақырып: Өмір және өлім. Өмірдің мәні.
1.Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім).Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны.
2.Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі:фатализм, гедонизм, валюнтаризм,функционализм.
3. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.Философиялық мәселелердің өмір мен өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия.
Германия мен Францияда Өмір философиясы пайда болған, буржуазиялық философияның субъективті-идеалистік бағыты, кең мағынада өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерді қарастыратын философия. Иррационалстік бағыт алғаш рет І9 ғ. соңы мен 20 ғ. басында Германияда (Ницше, Дильтей, Зиммель) және Францияда (Бергсон) негізі қаланды. Өмір философиясы мех. материализмнің кемшіліктерін идеалистік тұрғыдан жеңугө әрекет жасады. Бірақ, Өмір философиясының пайда болуы кездегі философияның дағдарысқа ұшырап, ғылымнан бас тартқан иррационализмнен нигилизмге ойысқанын көрсетеді. Өмір философиясы коғамдық тарихи процестердің ерекшеліктерін теріс көрсетіп идеалистік филооофияға айналған. Қоғамның дағдарысы осы Өмір философиясының өмірлік қүбылыстар, стихиялар, ақылдан тыс иррационалдық нәрсе деген қорытындылары арқылы көрінді. Бұд философияның басты принципі - материя мен санаға қарағанда белсенді, көп түрлі, және мәңгі қозғалыста болатын дүниенің абсолюттік, шексіз бастамасы ретінде саналатын өмір ұғымы. Өмірді сезім мүшелері, немесе ақыл-ой арқылы үғыну мүмкіи емес, оны тек қана іштей (интуиция) сезу керек. 20-30 ж. Өмір философиясы идеяларыи әрі қарай дамытқан Э.Шпенглер, Л. Клагес, Боймлер сынды бурж. құрылысты қолдайтын философтар болды.
Өлім - организм тіршілігінің болмай қоймайтын тежелуі, жанды тіршілік иесінің өмір сүруінің қашса құтылмайтын табиғи ақыры. Диалектикалық материализм тұрғысынан өмір - өмірдің қажетті және елеулі сәті. Адам үшін Өлім табиғи феномен ретінде ғана келмейді,сонымен қатар қоғамдық қатынастардың күрделі контекстіне енетін әлеуметтік және адамгершілік құбылыс ретінде де келеді. Адамзат қоғамы дамуының ерте кезеңінің өзінде өлген адаммен не істеудің формасын да, өлген адамның денесін жерлеу әдісін де реттеп отыратын әлеуметтік нормалар қалыптасқан. Сонымен бірге Өлімнің мағынасын, өлілер мен тірілердің байланысын мифологиялық формада үғыну жасалған. Адам тіршілігінің мейлінше жалпылама мәселелерін рационалды түрде (мифологиялық түрінде қарама-қарсы) ой елегінен өткізудің формасы ретінде философияның дамуы Өмір түсінігіне тереңірек үңілуге мүмкіндік береді. Бір ғажабы, жанның, о дүниелік және басқаларының туралы кейде қарама-қарсы келіп жататын пікірлер бір ғана сатқа — адамды Өмір фактісіне көндіру үшін пайдаланылады. Христиан дінінде о дүииелік өмірге сену (тірі адамды Өлім үрейінен белгілі бір дәрежеде құтқарып, оның өзі тірі кезінде жасаған күнәлары үшін жаза тартудан қорқуды (лат.- өлімді жад шығарма) деген ұранын қазіргі дүниеде де ықпалы кемімей христиан этикасы көнбістік пен шыдамдылыққа шақыру ретінде пайдаланды. Өлім мәселесін объективтік түсінудің негізі адамның индивид және тұлға ретіндегі әлеум. мәні, оның жалпы адамзатпен байланысы туралы түсінік жатыр. Адамның тіршілік етуіндегі және индивидуалдық жағындағы қа-рама-қарсылықтардың бірлігі мен күресін диалект. тұрғыдан түсіну ерекше маңызды. Өлім алдындағы шарасыздық,- түңілушілік {сонымен бірге адамның жауапсыздығы) идеяларын шынайы гуманистік диалект. дүниетаным ңегізінде ғана толық жоюға болады, бұл дүниетаным Өлімнің ғылыми түсінігін де, оған рухани баға беруді де қамтиды.
Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің абсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді: 1) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді.Бұл конспекция өмір философиясының психологиялық варианты деп аталады. 2) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында қарастырады.Сонымен бірге өмір философиясының мәдениет философиясы немесе « тарихи » нұсқа деп аталатын түрі де бар. Бұл қағиданы жақтаушылар өмірді « ішкі » жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі. Өмір философиясының жекеленген нұсқалардың принциптік айырмашылықтарға қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол - қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында кең тарап, үстем болған мотодологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда, Өмір философиясы экзистенцириализм мен персонализмге ұстанып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет