Алғашқы жәрдем көрсетудің негізгі ережелері:
1.
Ұсақ әйнек кескенде жараны әйнек сынықтарынан тазартып, қанды жуыңыз, оны йод
ерітіндісімен дезинфекциялап, бинтпен таңыңыз.
2.
Қол немесе бет реактивке күйгенде реактивті көп мөлшерде сумен, содан кейін егер сілтіге
күйсе, онда 1%-к сірке қышқылының ерітіндісімен, ал қышқыл тисе, 3 %-к натрий
гидрокарбонаты ерітіндісімен, содан кейін қайтадан сумен жуу керек. Реактив тиген киімді
шешу қажет.
3.
Ыстық сұйықтыққа немесе ыстық затқа күйіп қалғанда күйген жерді суық ағынды сумен 5-
10 минут бойы жуыңыз. Содан кейін зардап шегушіні жақын маңдағы емдеу орнына апару
керек.
4.
Егер химиялық зат көзге түссе, онда көзді суық ағын судың астында 10-15 минут бойы су
мұрыннан самайға қарай ағатындай етіп (немесе көз жуғышты пайдаланып) жуу керек.
Көзді жуу кезінде қабақты абайлап көтеру және көзді жуардан бұрын жанаспалы линзаны
алып қою керек. Содан кейін зардап шеккен кісіні дереу көз аурулары клиникасына апару
қажет.
5.
Егер у ішке еніп кетсе, онда ас тұзының жылы ерітіндісін ішкізіп, содан кейін зардап
шегушінің көмейін саусақпен басып, құстырып, оған көп мөлшерде жылы су ішкізу керек.
Егер зардап шегуші есінен танып қалса немесе еріткіш, қышқыл, сілті жұтқан жағдайда оны
құстыруға болмайды. Оны таза ауаға шығарып, жылы тыныш орынға жатқызу керек. Содан
соң дереу жедел жәрдем бригадасын шақыру керек.
6.
Электр тогымен зақымданғанда зардап шегушіні токтың әсерінен босату керек. Оны таза
ауаға алып шығып, оған жасанды тыныс алдырып және жүрек тұсын уқалау қажет. Дереу
жедел жәрдемді шақыру керек.
Тәжірибелерді келесі видеодан көріңіз:
https://www.youtube.com/watch?v=cclOvyekUHc
Достарыңызбен бөлісу: