2.
Дифениламин реактивімен реакция
Анықтау әдісі:
пробиркаға 5 тамшы сілекей тамызып, оның үстіне 20 тамшы дифениламин
реактивін (95 бөлімі мұзды сірке қышқылы, 5 мл концентрлі күкірт қышқылы және 1 г
дифениламин) қосады. Пробирканы шайқап араластырып 30 минутқа қайнап жатқан су моншасына
қояды. Пробиркадағы қоспа күлгін көк түске боялады.
Клинико-диагностикалық маңызы:
әр түрлі биологиялық материалда сапалық реакциялар
арқылы гликопротеиндердің простетикалық тобын ашуға қолданады. Гликопротеиндердің сандық
мөлшерін анықтау осы реакцияларға негізделген.
№ 12 жұмыс. Гемоглобиннің гемин тобына сапалық реакция (Бензидин сынамасы)
Видео-сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=UCqn5rJJgL0
Принцип
: әдіс гемоглобиннің сутегінің асқын тотығын ыдыратуға негізделген.
Анықтау әдісі:
пробиркаға 5000 рет сұйытылған қаннан 5 тамшы тамызады, оған 1 тамшы
концентрлі сірке қышқылында қаныққан бензидин (немесе 0,2% бензидиннің спирттегі ерітіндісі)
қосады. Осыдан кейін 1 тамшы 3% сутегінің асқын тотығын қосып араластырғанда көк түске
боялады, ол біраз тұрғаннан кейін қоңыр түске өтеді.
№ 13 жұмыс. Фосфаттарды ашатын сапалық реакция (Молибден реактивімен)
Видео-сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=Hz2qcDbTjcU
Принцип
: Әдіс казеин гидролизатында фосфор қышқылының қалдығын анықтауға негізделген
Анықтау әдісі:
Пробиркаға 5 мл казеин гидролизатын құйып, оған әлсіз қышқыл орта
қалыптасқанша 10% НNO
3
ерітіндісін қосады (орта рН лакмус қағазы арқылы анықталады). Кейін
10 тамшы молибден реактивін қосып, ашық сары түс пайда болғанша қыздырады. Суытқан кезде
сары тұнба пайда болады.
Химизмі:
12(NH
4
)
2
MoO
4
+ H
3
PO
4
+21HNO
3
→ (NH
4
)
3
PO
4
∙12MoO
3
+ 21NH
4
NO
3
+ 12H
2
O
аммоний молибдаты аммоний фосфомолибдаты
Достарыңызбен бөлісу: |