БИОЛОГИЯ • ЖАСУШАЛАР ЖӘНЕ ДНҚ • ДНҚ ДНҚ – екі тізбектен тұратын молекула, ондағы әр
тізбек негіздерді жұптау әдісі бойынша бір-біріне
комплементарлы болады. Бұл олардың бір-бірінен
оңай ажырайтындығын көрсетеді, нәтижесінде әр
тізбекке комплементарлы жаңа негіздер тізбегі
түзіледі. Ақыр соңында, бастапқы ДНҚ молекуласы
жаңа екі молекула түзу үшін көшіріледі, екі
молекуланың әрқайсысы бастапқы тізбектің
жартысынан тұрады. Бұл процесс жартылай
консервативті репликация деп аталады.
• Ұсынылатын фильм – ДНҚ дегеніміз не? ДНҚ жасуша бөлінер алдында көшіріледі, сондықтан пайда
болған жасушалар жұмыс істеп тұруына қажетті барлық гендердің
көшірмесін ие болады. Жасушалар өсу, жаңару және жыныссыз
көбею сияқты процестерге қажетті генетикалық ұқсас жасушаларды
өндіру үшін митоз арқылы бөлінеді. Ал жыныстық көбеюге қажетті
гаметаны жасау үшін, мейоз арқылы бөлінеді.
• Ұсынылатын фильмдер – Жасушаның бөлінуі: Митоз – Жасушаның бөлінуі: Мейоз 3
ДИАГРАММА 02: ДНҚ репликациясының микроскоппен қарағандағы бейнесі Қосымша сұрақ C5. Қылмыс орнынан ДНҚ үлгісін қалай алуға болады?
Ядросы бар кез-келген жасуша ДНҚ дереккөзі бола алады. Мысалы, қан, тері және шәует.
3- бөлім: ДНҚ қалай көшіріледі? •
ДНҚ қалай көшіріледі?
Қосымша сұрақ C6. ДНҚ көшірілгенде қателіктер кете
ме?
Ия, бұл қателіктер мутация деп аталады.
Мутациялардың негізінде жаңа генетикалық
тізбектер түзіледі, олар кейде жаңа
ақуыздардың жасалуын кодтайды. Түзілген
кейбір ақуыздар өздерінен кейінгі жасушаға
немесе ағзаға пайдалы болуы мүмкін.
•
ДНҚ қашан көшіріледі?