Биология 6 сынып 1-нұсқа Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал



бет1/2
Дата24.07.2017
өлшемі186,51 Kb.
#21980
  1   2
Биология 6 сынып 1-нұсқа

1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі в)көру түтігі

2. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.

3. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі

4. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:

а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа

5. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:

а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив

6. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше

7.Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль

8.Өсімдіктерді әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:

а)түзуші ә)негізгі б)жабын в

9.Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті мүшелеріне жеткізетін ұлпа:а)бөліп шығарушы ә)өткізгіш б)тірек

10. Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа: а) өткізгіш ә)негізгі б)түзуші

11. Өсімдіктердің жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын ұлпа:а)негізгі ә)түзуші б)өткізгіш

12. Өсімдікті ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан сақтайтын ұлпа:а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы

13. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш

14. Шашақ тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а) күріш ә) асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз

15.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль

16. Хош иіс, тәтті шырын бөлетін ұлпа:

а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

17. Көмірсулар, нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:

а)негізгі ә)түзуші б) жабын

18. Жаңғақ, алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:

а )түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

19. Су мен улы газдарды , жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін , шірімейтін тығыз қабат түзетін ұлпа:а)өткізгіш ә)негізгі б)жабын

20.Қоректік заттар қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:а)өткізгіш ә)тірек б)негізгі

21.Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері:

а)тамыр ә)гүл б)сабақ в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым

22. Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма

23. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:а)қосалқы ә)жанама б)негізгі

24. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:

а)жанама тамырлар ә)қосалқы тамырлар

25. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар

6 сынып. Биология І тоқсан ІІ нұсқа

1. Негізгі тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:а)шашақ ә)кінді б)жем тамыр

2. Негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін тамыр:а)жем тамыр ә)кіндік тамыр б)шашақ тамыр

3. Жасушалары тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп, зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:а)тамыр оймақшасы ә) өсу б)бөліну в)сору

4. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр бөлімі:а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу

5. Өсімдіктің вегетативті (өсімді) мүшелері : а) тамыр ,жапырақ , сабақ б)жеміс гүл ,тұқым

6. Тұқымның ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:а)негізгі ә)жанама б)қосалқы

7. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар

8. Сабақ пен жапырақтан өсіп шығатын тамыр:а)жанама ә)қосалқы

9. Негізгі тамыры болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:

а)кіндік тамыр ә)жем тамыр б)шашақ тамыр

10. Тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:а)тамыр оймақшасы ә)сору б)өсу в)бөліну

11. Атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген тамыр бөлімі:а)өткізу ә)сору б)бөліну в)өсу

12. Тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:

а)бөліну ә)өсу б)сору в)өткізу

13. Топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды соратын тамыр бөлімі:а) өсу ә)бөліну б)өткізу в)сору

14. Тамыр түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:

а)өткізу ә)өсу б)сору в)бөліну

15. Қалың түктері бар тамыр бөлімі:а) өткізу ә)бөліну б)өсу в)сору

16. Кіндік тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:

а)арпа ә)орамжапырақ б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ

17. Өсімдіктің ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:

а) түзуші ә)негізгі б)бөліп шығарушы

18. Жасушалары алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға айналатын ұлпа: а)тірек ә)өткізгіш б)жабын

19. Безді жасушаларда тез ұшқыш эфир майы жиналатын ұлпа:

а)түзуші ә)тірек б)бөліп шығарушы

20. Хлоропластары бар тірі жасушалы ұлпа:а)түзуші ә)жабын б)негізгі

21. Жасушалары ұзын, түтік тәрізді ұлпа: а) өткізгіш ә)тірек б)негізгі

22. Судың артық булануынан сақтайтын ұлпа:а)бөліп шығарушы ә)жабын б)түзуші.

23. Сабаққа , жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:

а)тірек ә)негізгі б)өткізгіш

24. Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар

25. Негізгі тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:

а)қосалқы тамырлар ә)жанама тамырлар



І І тур

6 сынып. Биология пәнінен толықтырмалы тест. 
І - нұсқа


  1. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұнғыш рет ............ жылы жарық көрді.

  2. Елімізде өсімдіктер мен жануарлары арнайы қорғалатын оныншы қорық.............................. .

  3. ............. жылы алғаш рет ағылшын ғалымы Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоп пен қарап, оны жасуша деп атаған.

  4. Өте тығыз, қалың, қатты, ыстық суда, басқада қосылыстарда ерімейтін мықты зат ...............................

  5. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат ...............................................

  6. Тек ................................ ұлпаның ғана жасушалары бөлінуге қабілетті.

  7. Атқаратын қызметіне байланысты негізгі ұлпалар - ………………., ................................ , ............................., .............................................. деп бөлінеді.

  8. .................. - өзіндік құрылысы бар белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бір бөлігі.

  9. Бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың жиынтығын ........................................... деп атайды.

  10. Тамыр бөлімдерін жаз:





  1. Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты .................дейді.

  2. ..................- өмдіктің жер асты мшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып түратын орталық тірек.

  3. Күрделі жапырақтардың түрлері ............................, .................................. , ............................................, деп бөлінеді.

  4. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс ................................ деп аталады.

  5. Гүл құрылысын толық жазыңдар:





  1. Тұқымның өнуі үшін - ..........., .............., .................. қажет.


6 сынып. Биология пәнінен толықтырмалы тест.

ІІ - нұсқа

  1. Қызыл кітаптың үшінші басылымы жарық көрді .............жыл.

  2. Жасуша қабықшасының өте жұқарған жерін - ....................... деп атайды.

  3. 1590 – 1610 жылдардың аралығында әкелі – балалы .................... жарық микраскобын ойлап тапты.

  4. ............................... цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі.

  5. Өсімдікке жасыл түс береді............................ өсімдіктің жасыл мүшелерінде кездеседі.

  6. Жабын ұлп - ............, ............., .................. деп үшке бөлінеді.

  7. Қоректік заттарды өсімдіктердің бір мүшесіне екінші мүшесіне өткізетін ұлпа ................................ деп аталады.

  8. Өсімдіктің мүшелері ................. (вегетативті) және ..........................(генеративті) болып екіге бөлінеді.

  9. Өсімдіктің өсімді мүшелеріне ..........., ...................., .....................жатады.

  10. Тамырдың өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлімі .......................... деп аталады.

  11. Гүл аналығының құрылысын жаз.



  1. Сабақтың едәуір бөлігін алып жатқан камбийден кейін .................... қабат орналасқан.

  2. Жапырақ жүйкеленуіне қарай 4- топқа бөлінеді ........................ жүйкелену, ......................... ................... жүйкелену, .............................. жүйкелену, .................................. жүйкелену.

  3. .................................... –жапырақ өңінің(эпидермис) жарты ай пішіндес бір- бірімен жанасқан арнайы екі жасушасы.

  4. Тозаңдану .......................... және ............................ деп екіге бөлінеді.

  5. Денесі бір ғана жасушадан (клеткадан) тұратын, көпшілігі микраскоп арқылы ғана көрінетін ......................... жануарлар немесе ................................. деп аталады.



Каталог: uploads -> doc -> 00e3
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00e3 -> Алтын күз: Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет