Шаш пен тері эпидермофитиясы. Терінің қыртыс қабаты- эпидермистің паразиттермен ауру эпидермофития деп аталады. Бір микробтар (грибок) теріні, екінші-берулері-терімен тырнақты және шашты зақымдайды. Көбнесе эпидермофития аяқ башпайларының арасын зақымдайды, бұндай кезде олар тершең болады және қатты қышытады.
Терінің қышыған жерлері – инфекция түсетін қақпа, ал сұйыққа толы көпіршікткер қоздырғыштрдың «резервуарлары». Ауру кейде экземаға асқынады. Эпидермофития дәрігердің қадағалауы ұзақ емдеуі қажет етеді.
Аурудың алдын алу шаралары: бұл ең әуелі тері гегенасы ережесін сақтау. Аяқты жуған соң башпай араларын мұқият құрғатып сүрту, ал инфекция бар деген күмәнді жағдайда йод немесе одеклон жағу керек. Монша, душ, жүзу бассейіндерін санитарлық жай-күіне бақылауды күшейту эпидермофитияның таралуына жол бермеу шараларының бірі болып табылады.
Көрсетілген шаралар сирек те болса кездесетін таз, теміретке, паршо, микроспория секілді тері ауруларының алдын алуға септігін тигізеді.
Бақылау сұрақтары Зат алмасудың қалдықтарын денеден шығарудың қажеттілігі мен маңызы қандай?
Бүйректің құрылысы мен қызметі.
Алғашқы несеп пен соңғы несептің қүрамындағы айырмашылықтар қандай және олар неліктен болады?
Бүйректің қызметінің нервтік және гуморальдік реттелуі.
Бала бүйрегінің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?
Бала қуығының құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?
Энурез, оның түрлері мен себептері
Терінің құрылысы мен қызметінің жас ерекшеліктері қандай?
Терлеу және оның сыртқа шығару қызметінің маңызы қандай?