Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары 2015-2016 оқу жылы 11 сынып і-бөлім



бет5/13
Дата27.10.2023
өлшемі40,94 Kb.
#188840
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
00044a17-3fc7bceb

ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-20
1.Жасушаның құрылысы мен қызметін оқытуда қандай әдістер қолданылады?
1.гендік инженерия. 2.микроскопиялық. 3.цитогенетикалық талдау 4.жасуша және ұлпа өндірісі. 5.центрифуга. 6.гибридтеу
а/ 1,2,3; б/ 1,2,6; в/ 1,3,4; г/ 2,5,6; д/ 2,4,5
2.Гольджи жиынтығы қай жасушада кездеседі:
1жануар, 2.бактерия. 3.саңырауқұлақ, 4.өсімдік, 5. вирус, 6.көк-жасыл балдырлар
а/ 1,3,4; б/ 1,5,6; в/ 1,4,6: г/ 2,3,4: д/ 2,3,5
3.Энергетикалық алмасу кезеңдерін анықта.
1.трансляция. 2.дайындық кезең 3.транскрипция 4.биологиялық тотығу 5.гликолиз 6.РНҚ және рибосома жиынтығының түзілуі.
а/ 1,3,4 б/ 1,4,5 в/ 2,3,6 г/ 2,4,5 д/ 3,5,6
4.Мейоз нәтижесінде төмендегі жасушалардың қайсысы түзіледі?
1.адам сперматозоиды, 2.мүк спорасы, 3.адам эритроциті, 4.сүйек жасушасы-остеоциттер, 5.нейрон, 6.қырықжапырақ спорасы.
а/ 1,2,6, б/ 1,3,5, в/ 1,4,5, г/ 2,3,6, д/ 2,5,6.
5.Вегетативті көбею кезінде:
1.ұрпағы анасынан ерекшеленеді, 2.тек бір ғана дара қатысады. 3.негізінен митоздық бөлінуге жатады. 4.ұрпағы бастапқы формасымен бірдей. 5.негізінен мейоздық бөлінуге жатады. 6.гамета қатысуымен жүреді.
а/ 1,4,6, б/ 3,4,6, в/ 2,3,4, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
6.Адам мезодермасынан дамиды:
1.шеміршек ұлпасы және тері дерма қабаты, 2.май бездері және шаш, 3.жүрек және бүйрек, 4.аталық без және сүйек ұлпасы, 5.тырнақ және тері эпителийі, 6.сүт бездері және тері рецепторлары.
а/ 1,3,5, б/ 1,2,4, в/ 1,3,4, г/ 2,3,5, д/ 2,4,5
7.Гомогаметалы аталық жынысты:
1.қос қанатты бунақденелілер,2.сүтқоректілер, 3.жорғалаушылар, 4.кейбір қабыршаққанаттылар, 5.құстар, 6.шаянтәрізділер.
а/ 1,3,5, б/ 1,5,6, в/ 1,4,6, г/ 2,3,4, д/ 3,4,5
8.Микроорганизмдерді шаруашылық өндірісінде қолданылады:
1.витаминдер өндіруде, 2. ұн алуда, 3.минералды тұз шығаруда, 4.кефир алуда, 5.дәрілік препараттар шығаруда, 6. гормондар алуда.
а/ 1,3,4, б/ 1,4,5, в/ 2,3,6, г/ 2,4,5, д/ 3,5,6
9.Бұршақ тұқымдастарының белгілері:
1.гүл серігінің саны-5 немесе 4, 2.гүл серігінің саны-5, 3.гүлсерігі жай. 4.гүлі шашақ немесе шоғырбас гүлшоғырына жиналған, 5.жемісі-бұршаққап, 6.жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша
а/ 1,2,4, б/ 1,3,4, в/ 1,4,5, г/ 2,4,5, д/ 2,5,6
10.Құрттардың паразиттікке бейімделуі:
1.тығыз сірқабық жабыны, 2.асқорыту жүйесінің болуы, 3.жүйке жүйесі және сезім мүшелері, 4. ілмек сорғышы бар, 5.мезодерманың болуы, 6.жұмыртқасының көптігі
а/ 1,4,6, б/1,3,4, в/2,4,5, г/ 1,2,6, д/3,5,6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет