ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-25
1.Өсімдік белгісін оның жататын бөліміне сәйкестендір.
Өсімдіктің белгілері
|
Бөлімі
|
А.Тіршілік циклінде гаметофиті басым.
Б.Тіршілік циклінде спорофиті басым
В.Спорамен көбейеді.
Г.Тамыр жүйесі жақсы дамыған
Д.Тозаңы бар тозаңқап қалыптасады
|
1.Мүктәрізділер
2.Ашықтұқымдылар
|
2.Жануарлардың белгілеріне қарап олардың қай типке жататынын сәйкестендір.
Жануарлардың белгілері
|
Типі
|
А.Дамуы мен өсуі түлеу арқылы жүреді.
Б.Дене бөлімі құрылысы және өлшемімен ерекшеленеді.
В.Тері-бұлшықет қапшығы бар.
Г.Аяқтары буындардан тұрады
Д.Жабыны тығыз хитиннен тұрады.
|
1.Буылтық құрттар
2.Буынаяқтылар
|
3.Мысалдарды орта факторымен сәйкестендір
Мысалдары
|
Орта факторы
|
А.Судың химиялық құрамы
Б.Планктондардың әр түрлілігі
В.Топырақ температурасының ылғалдығы
Г.Бұршақтұқымдастардың тамырында түйнек бактериялардың болуы
Д.Топырақтың тұздылығы
|
1.Абиотикалық
2.Биотикалық
|
4.Мүшелерді олардың ұрықжапырағында түзілуімен сәйкестендір
Мүшелер
|
Ұрық жапырақшалары
|
А.Бауыр
Б.Көру мүшесі
В.Қаңқа
Г.Тері
Д.Бас миы
|
1.Эктодерма
2.Энтодерма
3.Мезодерма
|
5. Нәруыз биосинтезін және фотосинтезді салыстыр
Процесс ерекшелігі
|
Процессі
|
А.Көмірсу түзілуімен аяқталады
Б.Түзетін заттары- амин қышқылы
В.Негізі матрицалық синтез реакциясына жатады
Г.Түзетін заты- көмір қышқыл газ және су
Д.Процесс барысында АТФ синтезделеді.
|
1.Нәруыз биосинтезі
2.фотосинтез
|
Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
2015-2016 оқу жылы
10 сынып
І-бөлім. Төмендегі тест тапсырмасынан 1 ғана дұрыс жауабын табыңдар.Жоғарғы балл-30
1.Шіріту бактериясының қоректенуі жатады:
а/сапрофитті; б/паразитті; в/хемотрофты ; г/фототрофты.
2.Стерилденген сүт пастерленген сүттен ұзақ сақталады, себебі өңдеу кезінде жойылады:
а/тек бактерия жасушасы; б/тек өсімдік спорасы; в/бактерия жасушасы және спорасы; г/тек ауру тудырушы бактерия.
3.Қай организм гетеротрофтыларға жатады?
а/хлорелла; б/қалпақты саңырауқұлақ; в/түйнек бактериясы; г/хемосинтездеуші бактерия.
4.Саңырауқұлақтың қор заты:
а/крахмал, б/гликоген, в/инулин, г/целлюлоза.
5.Балдыр көбейеді:
а/вегетативті, б/зооспора арқылы, в/жынысты жолмен, г/ барлығы дұрыс.
6.Қоңыр балдырларға жатады:
а/хламидомонада, б/ламинария, в /хлорелла, г/спирогира.
7.Қына денесі аталады:
а/микориза, б/мицелий, в/қатпаршақ, г/жауабы жоқ.
8.Гаметофит:
а/мүктерде, б/қырықжапырақтыларда, в/плаундарда, г/қырықбуындарда.
9.Ашықтұқымдыларда эндосперм:
а/гаплоидты, б/диплоидты, в/триплоидты, г/полиплоидты.
10.Қосжарнақтыларға жататын өсімдік:
а/жұмыршақ, б/жауқазын, в/лалагүл, г/інжугүл.
11.Трипоносома қай класқа жатады:
а/талшықтылар, б/саркодалылар, в/споровиктер, г/ инфузориялар
12.Омыртқасыздарда метанефриальді типті зәр шығару болады:
а/ішек қуыстыларда, б/паразитті жалпақ құрттарда, в/жұмыр құрттарда, г/ буылтық құрттарда.
13.Ұлулардың тыныс алу мүшесі:
а/демтүтік және өкпе, б/желбезек және тері, в/демтүтік және желбезек, г/желбезек және өкпе
14.Гермофродитті емес.
а/ақ сұлама, б/шошқа цепені, в/жауын құрты, г/нерейда
15.Жай көздер болады:
а/шаршылы өрмекшіде, б/өзен шаянында, в/зауза қоңызында, г/шегірткеде
16.Жүрек қарыншасында жартылай перде болады:
а/тритонда, б/саламандрада, в/бақада, г/құбылғыда
17.Сүтқоректілердің арғы тегі:
а/стегоцефалдар, б/парапитектер, в/аңтісті кесірткелер, г/құстар
18.Қалқанша без гормоны балаларда жетіспесе қандай ауру пайда болады:
а/базед, б/кретинизм, в/микседема, г/қант диабеті
19.Қарын сөлі құрамына не кіреді?
а/трипсин, өт, б/фермент,шырыш,тұз қышқылы, в/тироксин, витамин, г/гормон, антиденелер.
20.Адамда парасимпатикалық жүйке жүйесі іске қосылғанда:
а/ішек жұмысы күшейеді, б/қаңқа бұлшықеті тонусы жоғарылайды, в/қандағы қант концентрациясы артады, г/импульсті жылдамдатады.
21.Нәруыз молекулалары бір-бірінен ажыратылады:
а/аминқышқылының кезектесіп орналасуынан, б/үшінші реттік құрылымы пішінінен, в/амин қышқылының санынан, г/ барлық берілген ерекшеліктерден
22.Жаңа туылған сүтқоректілерде негізгі энергия көзі болып табылады:
а/глюкоза, б/крахмал, в/гликоген, г/лактоза.
23.ДНҚ молекуласының Т нуклеотиді 10%-ын құрайды. Бұл молекулада Ц нуклеотидінің %-ы қандай?
а/15%, б/20%, в/45%, г/40%
24.Аюдың ДНҚ-сы есек ДНҚ-нан ерекшеленеді:
а/нуклеотид жиынтығынан, б/қызметінен, в/нуклетидтер орналасуының бірізділігінен, г/организмдерінің күрделілігінен
25.Мембрананың липидті қабатынан еркін өтеді:
а/су, б/эфир, в/глюкоза, г/спирт
26.Жасушада гликокаликс түзіледі:
а/липидтер және нуклеотидтерден, б/майлар және АТФ, в/көмірсулар және нәруыздан, г/нуклейндер және қышқылдардан.
27.Гормондар жасушаның қай органоиттарында түзіледі:
а/лизосомада, б/ядрода, в/Гольджи жиынтығында, г/вакуольде.
28.Хлорофиллдің реакция орталығы негізін құрайды:
а/кальций, б/магний, в/натрий, г/темір
29.Фотосинтездің қараңғы фазасы өтеді:
а/хлоропласт стромасында, б/хлоропласт рибосомасында, в/тилакоид мембранасында, г/гранада.
30.Глюкоза тотығуының барлық кезеңіне қатысады:
а/оттек, б/фермент, в/жарық, г/көмір қышқыл газы.
ІІ-бөлім..Берілген тапсырмалардан тек біреуін белгіле. Әр жауапқа 2 балл.Жалпы балл-20
1.Жасушаның құрылысы мен қызметін оқытуда қандай әдістер қолданылады?
1.гендік инженерия. 2.микроскопиялық. 3.цитогенетикалық талдау 4.жасуша және ұлпа өндірісі. 5.центрифуга. 6.гибридтеу
а/ 1,2,3; б/ 1,2,6; в/ 1,3,4; г/ 2,5,6; д/ 2,4,5
2.Гольджи жиынтығы қай жасушада кездеседі:
1жануар, 2.бактерия. 3.саңырауқұлақ, 4.өсімдік, 5. вирус, 6.көк-жасыл балдырлар
а/ 1,3,4; б/ 1,5,6; в/ 1,4,6: г/ 2,3,4: д/ 2,3,5
3.Энергетикалық алмасу кезеңдерін анықта.
1.трансляция. 2.дайындық кезең 3.транскрипция 4.биологиялық тотығу 5.гликолиз 6.РНҚ және рибосома жиынтығының түзілуі.
а/ 1,3,4 б/ 1,4,5 в/ 2,3,6 г/ 2,4,5 д/ 3,5,6
4.Мейоз нәтижесінде төмендегі жасушалардың қайсысы түзіледі?
1.адам сперматозоиды, 2.мүк спорасы, 3.адам эритроциті, 4.сүйек жасушасы-остеоциттер, 5.нейрон, 6.қырықжапырақ спорасы.
а/ 1,2,6, б/ 1,3,5, в/ 1,4,5, г/ 2,3,6, д/ 2,5,6.
5.Вегетативті көбею кезінде:
1.ұрпағы анасынан ерекшеленеді, 2.тек бір ғана дара қатысады. 3.негізінен митоздық бөлінуге жатады. 4.ұрпағы бастапқы формасымен бірдей. 5.негізінен мейоздық бөлінуге жатады. 6.гамета қатысуымен жүреді.
а/ 1,4,6, б/ 3,4,6, в/ 2,3,4, г/ 2,5,6, д/ 3,5,6
6.Адам мезодермасынан дамиды:
1.шеміршек ұлпасы және тері дерма қабаты, 2.май бездері және шаш, 3.жүрек және бүйрек, 4.аталық без және сүйек ұлпасы, 5.тырнақ және тері эпителийі, 6.сүт бездері және тері рецепторлары.
а/ 1,3,5, б/ 1,2,4, в/ 1,3,4, г/ 2,3,5, д/ 2,4,5
7.Гомогаметалы аталық жынысты:
1.қос қанатты бунақденелілер,2.сүтқоректілер, 3.жорғалаушылар, 4.кейбір қабыршаққанаттылар, 5.құстар, 6.шаянтәрізділер.
а/ 1,3,5, б/ 1,5,6, в/ 1,4,6, г/ 2,3,4, д/ 3,4,5
8.Микроорганизмдерді шаруашылық өндірісінде қолданылады:
1.витаминдер өндіруде, 2. ұн алуда, 3.минералды тұз шығаруда, 4.кефир алуда, 5.дәрілік препараттар шығаруда, 6. гормондар алуда.
а/ 1,3,4, б/ 1,4,5, в/ 2,3,6, г/ 2,4,5, д/ 3,5,6
9.Бұршақ тұқымдастарының белгілері:
1.гүл серігінің саны-5 немесе 4, 2.гүл серігінің саны-5, 3.гүлсерігі жай. 4.гүлі шашақ немесе шоғырбас гүлшоғырына жиналған, 5.жемісі-бұршаққап, 6.жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша
а/ 1,2,4, б/ 1,3,4, в/ 1,4,5, г/ 2,4,5, д/ 2,5,6
10.Құрттардың паразиттікке бейімделуі:
1.тығыз сірқабық жабыны, 2.асқорыту жүйесінің болуы, 3.жүйке жүйесі және сезім мүшелері, 4. ілмек сорғышы бар, 5.мезодерманың болуы, 6.жұмыртқасының көптігі
а/ 1,4,6, б/1,3,4, в/2,4,5, г/ 1,2,6, д/3,5,6
ІІІ-бөлім.Берілген тапсырмалардың дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықта.
Жоғары балл-15.
1.Гомеостаз бұл-зат алмасу мен энергия айналуы.
2.Оттек пен сутек атомдары арасындағы байланыс судың полярлығын қамтамасыз етеді және оның қаблеті полюссіз қосылыстарды ерітеді.
3.Трипсин- нәруыз гидролизін катализдейді.
4.Моносахаридтерден тарағаны- сахароза және лактоза.
5.Репарация бұл-ДНҚ құрылымының қалпына келуі.
6.Митохондрия саны жасуша қызметінің белсенділігіне байланысты.
7.Фотосинтездің қараңғы фазасында су фотолизі жүреді.
8.Бұрыш пен физиалис раушангүлділер тұқымдасына жатады.
9.Глюкозаның энергетикалық тотығуы кезінде АТФ синтезделеді.
10.тРНҚ –ның антикадоны ДНҚ кодонымен комплементарлы.
11.Екі диплоидты алғашқы жыныс жасушасынан овогенез нәтижесінде 8 жұмыртқа жасуша түзіледі.
12.Диплоидты организм жасушасында 2 аллельді ген болады.
13.Гетерозис нәтижесі кезінде келесі ұрпақтың тіршілігі жойылады, себебі организмнің гетерозисі артады.
14.Туберкуллезді бациллалар туғызады.
15.Қос мекенділерде дабыл жарғағының екі жағының қысымының теңесуі ортаңғы құлақ қуысының жұтқыншақпен евстахиев түтігі арқылы жалғасады.
ІV-бөлім.Сәйкестігін табыңдар. Жоғары балл-15
1.Реттелу мен оның түрлерін сәйкесендір.
Сипаттамасы
|
Реттеу түрі
|
А.Баяу қосылады және ұзақ әсер етеді.
Б.Гормон әсері арқылы
В.Жылдам қосылады және әсері қысқа .
Г.Қозу берілуі организмнің сұйық ортасы арқылы.
Д.Қозу берілуі жүйке талшығы мен тоғысу арқылы.
|
1.Жүйкелік
2.Гуморальдық
|
2.Өсімдік белгісін оның жататын бөліміне сәйкестендір.
Өсімдіктің белгілері
|
Бөлімі
|
А.Тіршілік циклінде гаметофиті басым.
Б.Тіршілік циклінде спорофиті басым
В.Спорамен көбейеді.
Г.Тамыр жүйесі жақсы дамыған
Д.Тозаңы бар тозаңқап қалыптасады
|
1.Мүктәрізділер
2.Ашықтұқымдылар
|
3.Нәруыз биосинтезін және фотосинтезді салыстыр
Процесс ерекшелігі
|
Процессі
|
А.Көмірсу түзілуімен аяқталады
Б.Түзетін заттары- амин қышқылы
В.Негізі матрицалық синтез реакциясына жатады
Г.Түзетін заты- көмір қышқыл газ және су
Д.Процесс барысында АТФ синтезделеді.
|
1.Нәруыз биосинтезі
2.фотосинтез
|
Достарыңызбен бөлісу: |