Биология пәнінен мектепішілік олимпиада тапсырмалары
2017-2018 оқу жылы
8 сынып
Биология пәнінен мектепішілік олимпиаданың тапсырмалары.
8-сынып. 2016-2017 оқу жылы.
І айналым. Төрт мүмкін жауаптың біреуін ғана таңдауды қажет ететін тест тапсырмалары ұсынылады. (әр дұрыс тест тапсырмасы үшін 2 балл).
Бір ғана жауапты таңдаңыз .
Гүлдің ең негізгі бөлімдері:
A) аналық мойны және аналық аузы B) аналық және аталық
C) гүлсағақ және гүлтабан D) күлтежапырақшалар
E) тостағанша жапырақша
Жемістің түзілуі :
A) аналық жатынында B) аналық мойнында C) аналық аузында
D) аталықтарда E) тұқымбастамада
Жүгерінің жемісі-:
A) Жидек. B) Тұқымша. C) Бұршаққын. D) Бұршаққап. E) Дәнек.
Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны-
A) Көң (қи), қарашірік. B) Шымтезек. C) Күл. D) Саңғырық. E) Құм.
Жемісінде органикалық қышқылдар бар өсімдік -
A) жүгері. B) арпа. C) қарабидай. D) асбұршақ. E) қызанақ.
Бұршақтұқымдас өсімдік тұқымдары өте бай:
A) Ақуызға(нәруызға) B) Майларға. C) Минералды затқа.D) Крахмалға. E) Суға.
Сүйекті шырынды жеміс-
A) Картоп B) Қарақат C) Алхоры D) Алма E) Жүзім
Кактустың түрі өзгерген сабағы:
A) Пиязшық B) Тамырсабақ C) Шырынды D) Сояу E) Түйнек
Жапырақтары параллель (қатар)жүйкелі өсімдік:
A) Астық тұқымдастар. B) Алқа тұқымдастар. C) Бұршақ тұқымдастар.
D) Раушан гүлділер E) Мүктер
Достарыңызбен бөлісу: |