«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет6/75
Дата13.11.2023
өлшемі146,06 Kb.
#191145
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75
Байланысты:
Биология 6 - 11 сынып күнтізбелік жоспар

6. 6-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

42.6-сынып оқушылары:


1) тірі организмдердің жалпы ортақ белгілерін;
2) өсімдік жасушасының құрылысын;
3) өсімдіктер бірлестіктеріне адам әрекетінің әсерін;
4) өсімдік жасушасының құрылысы мен қызметін;
5) өсімдік жасушасының бөлінуін;
6) өсімдіктегі заттардың қозғалысын ,тыныс алуын;
7) өсімдік организмінің көбеюін, өсуін және дамуын;
8) өсімдіктердің тіршілік ортасын;
9) табиғи бірлестіктерді;
10) өсімдіктердің бірлестіктегі тіршілікке бейімділігін;
11) табиғи бірлестіктегі адамның рөлін;
12) бактериялар, саңырауқұлақтар және өсімдік жасушаларының құрылысы мен қызметін;
13) жабықтұқымды өсімдіктердің Тұқымдастарын;
14) бактериялардың, саңырауқұлақтар мен өсімдіктердің және симбоздық (селбесіп) тіршілік ететін организм ретінде қыналардың құрылысы мен тіршілік әрекеттерін;
15) автотрофты және гетеротрофты организмдердің қоректену ерекшеліктерін (сапрофиттердің, паразиттердің,симбионттардың);
16) бактериялардың, саңырауқұлақтардың,өсімдіктердің көбеюі, өсуі және дамуын;
17) вирустар тіршіліктің жасушалы емес формалары екендігін;
18) организмдердің тіршілік орталарын;
19) жасанды бірлестіктерді (агроценоз), жасанды бірлестіктердің өнімділігіндегі адамның рөлінбілуі тиіс:
43. 6-сынып оқушылары:
1) тірі организм ұлпалары мен мүшелерінің құрылысы және қызметінің өзара байланысын;
2) өсімдік организмі мен ортаның өзара байланысын;
3) адам әрекетінің өсімдік түрлерінің көптүрлілігіне, олардың мекен ету ортасына әсерін және осы әрекеттерінің нәтижелерін;
4) өсімдіктер алуантүрлілігінің,табиғи бірлестіктерді қорғаудың биосфера тепе-теңдігін сақтаудағы рөлін;
5) организмнің құрылысы мен қызметінің, организм мен тіршілік ортасының өзара байланысын;
6) биологиялық әртүрліліктің, түрлер саны реттелуінің, табиғи бірлестіктерді қорғаудың биосфера тепе-теңдігін сақтаудағы рөлін;
7) адам әрекетінің өсімдік және жануар түрлерінің көптүрлілігіне , олардың мекен ету ортасына әсерін; ол әрекеттің нәтижесін және мәдени өсімдіктерді шығаруын негіздей алуы тиіс.
44. 6-сынып оқушылары:

  1. өсімдік организмдерін;

  2. өсімдік жасушаларын, ұлпаларын, мүшелерін;

  3. өсімдіктер мен жануарлардың ең көп тараған түрлерін;

  4. бактериялар, саңырауқұлақтар, қыналар мен өсімдік организмдерін;

  5. өзің тұратын аймақта ең көп таралған өсімдік түрлерін, Тұқымдастың, Кластың, Бөлімнің өсімдіктерін;

  6. жеуге жарайтын, улы және зең саңырауқұлақтарын анықтай алуы тиіс:

45. 6-сынып оқушылары:

  1. тірі организмдердің жалпы белгілерін;

  2. негізгі жүйелік ерекшеліктерді, түрлердің белгілерін, тірі табиғат Дүниелерін, Бөлімдерді және гүлді өсімдіктердің Кластарын, Тұқымдастарын;

  3. элементарлық деңгейде өсімдіктер эволюциясының процестерін атай алуы тиіс:

46. 6-сынып оқушылары:

  1. өсімдіктер жасушаларының құрылысы мен қызметiн;

  2. өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінiң құрылысы мен қызметiн;

  3. прокариоттар мен эукариоттарды, автотрофты және гетеротрофты организмдерді;

  4. жабық тұқымды өсімдіктердің Тұқымдастарын, Кластарын;

  5. тірі табиғат бөлімдерін салыстыра білуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет