«Биология» пәнінен оқу бағдарламасы Түсінік хат


-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар



бет8/75
Дата13.11.2023
өлшемі146,06 Kb.
#191145
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75
Байланысты:
Биология 6 - 11 сынып күнтізбелік жоспар

8. 8-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

51. 8-сынып оқушылары:



  1. адам организмінің құрылыс ерекшеліктерін;

  2. денсаулықты сақтау үшін гигиеналық талаптарды;

  3. адамның өмір сүру ұзақтығы мен денсаулығына жағымсыз экологиялық факторлардың әсерін;

  4. адам денсаулығына зиянды әдет-дағдылардың қауіпті әсері туралы;

  5. кемтар ұрпақтың дүниеге келу қатерінің факторларын білуі тиіс.

52. 8-сынып оқушылары:

  1. сабаққа даярлануда авторлық ұсыныстарды ескере отырып оқулықтың мазмұнын пайдалануы;

  2. сабаққа даярлану кезінде оқулықтағы суреттерді, кестелер, сызбанұсқалармен қосарбеттерін кеңінен пайдалану;

  3. зертханалық жұмыстарды орындауда ұлғайтқыш аппаратураны қолдану;

  4. денсаулықты сақтау мақсатында жеке бастың және қоғамдық гигиеналық ережелерін сақтау орындай алуы тиіс.

53. 8-сынып оқушылары:

  1. мүшелер және мүшелер жүйесінің құрылысы мен қызметінің, организм мен ортаның өзара байланысын;

  2. адамның тік жүруі мен еңбек әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан ерекшеліктерін;

  3. адам организмінде тіршілік әрекеттерінің нейрогуморальдық реттелуінің рөлін;

  4. жоғары жүйке әрекеттерінің ерекшеліктерін;

  5. адам денсаулығына экологиялық және әлеуметтік факторлардың, ақыл-ой және дене еңбегінің, денешынықтыру мен спорттың әсерін;

  6. адам организміне және оның ұрпағына алкогольдің және темекі шегудің зиянды әсерін;

  7. зиянды әдет дағдыларға әуестенудің (темекі шегу, маскүнемдік, нашақорлық) дене бітімі бұзылудың, жалпақтабандылықтың алдын-алу шараларын;

  8. жеке адамның (тұлға) қалыптасуында қоршаған ортаның рөлін;

  9. әлеуметтік мәніндегі адамның қалыптасуына қоғамның әсерін;

  10. адамның биологиялық табиғатын негіздей алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет