Биологиядан экологиялыќ жјне ўлттыќ мазмўндаєы есептер



бет12/32
Дата28.03.2023
өлшемі341 Kb.
#173134
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Байланысты:
biologiya-pnnde-oushylardy-funkcionaldy-sauattylyyn-arttyru-bayandama

Жауабы: Көшім жылқысы
Есеп №10
Ауылшаруашылық дақылдары, жеміс-жидек, көкөніс зиянкестеріне қарсы Қазақстанда табиғатқа зиянсыз дәрі-дәрмектер қолдануда. Мақта көбелегіне қарсы дендробициллин, колорад қоңызына қарсы битохсибацилин және биологиялық қоспа децимид деген препараттар қолданады. Ал орамжапырақтың ақ көбелегіне қандай препарат қолданады?
Жауабы: Энтобактерин
5. Бейорганикалық химия есептері


Есеп №1.
Екiбастұз АЭСтанциясы тәулігіне құрамында 75% көміртегі және 5% күкірт бар 6400 т көмір жұмсайды. Егер газ түтінін тазалау өндірісі бомаса, тәулігіне қоршаған ортаға түсетін CО2 және SО2 оксидтерінің массасын, /қ. ж/ көлемін есептеңіз. Қоршаған ортаға осы шығарылған заттар қандай зиянын тигізеді?
Жауабы:
m(CO2) =17600т V (CO2) =8960 л
m(SO2) =640т V (SO2) =224 л


Есеп №2.
Химия және биология кабинеттерінің (V=500 м3) экологиялық тұрғыда қатынасын салыстыр. Химия кабинетіндегі ауа құрамындағы CO2-0,06%, биология кабинетінде CO2 -0,03% деп есептегендегі, кабинеттердегі ауа құрамындағы көміртегінің массасын анықта. Мұны немен түсіндіруге болады? Жауабы: химия кабинетіндегі ауа құрамындағы көміртегі массасы-0,160г, биология кабинетінде-0,08г, яғни, биология кабинетінің ауасы екі еседей таза.


Есеп №3.
Өндіріс орынында ауа құрамындағы күкіртсутекті анықтау мақсатында талдау жүргізілді. Ол үшін күкіртсутекпен ластанған 110 мл ауа 170С және 1атм қысымда күкірт қышқылы қатысында калий перманганаты арқылы өткізілді. Реакция нәтижесінде 0,346г KMnO4 қайтадан қалпына келді. Ауадағы күкіртсутектің пайыздық мөлшері (көлемі бойынша) қанша және егер өндіріс орындары үшін ауадағы H2S-тің мөлшері 0,01мл/л-ден аспау керек екенін ескерсек, бұл концентрация жұмысшылар үшін қаншалықты қауіпті? Бұл газ адам денсаулығы үшін қандай қауіп туғызады?
5H2S+2KMnO4+3H2SO4=5S↓+K2SO4+2MnSO4+8H2O




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет