Жауабы: Бекіре
Есеп № 15
Шыршалы орман топырағының әр шаршы метрінде -16, қандыағаш орманында 144, егістік жерлерде 460, бау-бақша аумағында 600-ге дейін шұбалшаң тіршілік етеді. Біздің саяжайымыздағы бау-бақша аумағы 32 шаршы метр, онда қанша шұбалшаң болады және шұбалшаңның қандай маңызы бар?
Жауабы: Топырақты құнарландырады. 19200 шұбалшаң болады.
3. Тәнтану.
Есеп №1
2012 жылғы статистикалық дерек бойынша халық саны 7 млрд, оның 15 млн-ы қазақтар, 133 млн-ы орыстар, 6 852 млн – өзге ұлт өкілдері. Қазақстан халқының ұлттық құрамының % көрсеткішін есептеңіз.
Жауабы: 0,02 %
Есеп №2
Бүкіл дүниежүзінде 1 миллиард адам темекі тартады. Темекі зардабынан күніне 10 мың немесе жылына 3,5 миллион адам қайтыс болады. Осындай темекінің зардабынан Қазақстанда өкпе қатерлі ісігінен жыл сайын 3000 қазақстандық көз жұмады. Осы жағдайды 3 есе азайтқанда өкпе қатерлі ісігі ауруынан жыл сайын қанша адам қайтыс болады?
Жауабы: 1000 адам
Есеп № 3
Қазақстанда өмір сүріп жатқан ересек адам терісінде 250000 шамасында салқынды және 30000 шамасында жылуды сезетін нүктелер орналасқан. Осы терінің бір шаршы сантиметірінде салқынды сезетін 8-23,жылуды сезетін 0-3 нүкте бар. Қазақстанда өмір сүруге бейімделген адамдардың 3 шаршы сантиметр терісінде салқынды және жылуды сезетін қанша нүкте орналасқан?
Жауабы:_салқынды_сезетін_24-69;_жылуды_сезетін_0-9;_Есеп_№4'>Жауабы: салқынды сезетін 24-69; жылуды сезетін 0-9;
Есеп №4
Әр бір қазақстандық өзінің тамақтануын дұрыс ұйымдастырып, күнделікті тамақ түрлерін түрлендіріп отыру қажет. Сонымен қатар ол тағамдардың сапасы экологиялық таза болуы керек. Сондай тамақты пайдаланғанда адам бір тәулікте 70 гр май, 5гр тұз, В6 витамині 2,3мг, 120 грамм нәруызбен қамтамасыз етіледі. Ал 21 тәулікте адам қанша май, тұз, В6 витаминімен және нәруызбен қамтамасыз етіледі?
Жауабы: 1470 грамм май, 105грамм тұз, 48,3 мг витамин, 2520 грамм нәруыз.
Есеп №5
Батыс Қазақстан облысындағы қала мектептеріндегі қалыпты дамып жатқан 7-10 жастағы балалар тәулігіне шамамен 10048 кДж энергия жұмсайды. 14-17 жас аралығындағы бозбалалар 13188 кДж энергия жұмсайды. 7-10 жастағы балаларға қарағанда 14-17 жастағы бозбалалардың жұмсайтын энергиясы қанша артық?
Достарыңызбен бөлісу: |