Биотехнология негіздері



бет35/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

технологияның негізі – аталық (андрогенез) жəне аналық 
гаметофит (гиногенез) дақылдарынан екі еселенген гаплоидтар
(дигаплоидтар) алу технологиясы. Андрогенез – аталық гаме-
тофитті (тозаң мен тозаңқаптар) in vitro жағдайында өсіру жəне
гаплоидтық өсімдіктерді алу əдісі.
Асептикалық жағдайда гүлден тозаңдарды бөліп, алдын ала
дайындалған қоректік ортаға отырғызады. Тозаңдарды жасанды
ортада өсіргенде əртүрлі құрылымдар, мысалы, глобула,
полиэмбриоидтар, эмбриоидтар, морфогенді жəне морфогенді
емес каллустар пайда болады. Одан кейін эмбриоид немесе
каллус органогенезге айналдыру үшін жəне регенерацияны




69
дамыту үшін арнайы қоректік орта керек. Сонымен андрогенез-


дің тікелей жолы – эмбриогенез, ал андрогенездің жанама 
жолы – каллусогенез. Көбінесе, өсіп шыққан өсімдіктер гап-
лоидты хромосома санымен болады. Сол себептен дигаплоидты
материал алу үшін бұл өсімдіктердің белгілі даму кезеңінде
хромосомаларды колхицинмен екі еселендіреді (9-сурет).

Андрогенез

Андрогенездің тікелей жолы Андрогенездің жанама жолы
(эмбриоидогенез) (каллусогенез)
↓ ↓

эмбриоид каллус


↓ ↓

гаплоидтық регенерант (п) органогенез


↓ ↓
өркенді колхицинмен екі регенерант (п, 2п, 3п, анеуплоид)
еселендіру

дигаплоид (2п)

9-сурет. Андрогенез жолымен гаплоидты өсімдіктерді
алу сызба-нұсқасы

Тозаңқаптағы мыңдаған микроспоралардың ішінде тек қана


кейбіреулері ғана эмбриоидты түзеді. Бұл құбылыс генетикалық
деңгейде белгіленуі ықтимал. Андрогенезге бірнеше факторлар
əсер етеді. Андрогенезде негізгі бастапқы факторлар өсімдік-
тің дамуы кезеңі, қоректік орта компонентерінің əсері жəне 
дақылдау жағдайлары (физика-химиялық факторлар, яғни жарық, 
температура, ауаның ылғалдығы, колхицинмен өндеу тəртібі)
болып табылады. Іn vitro жағдайында тəжіриби жолмен гаплоид-
тарды шығару əдісінің кең таралуына екі кемшілік тегеурін
болады: 1). гаплоидтық өсімдіктерінің аз алынуы; 2). олардың
арасында (əсіресе, астық тұқымдастарында) альбиностардың
көп кездесуі. Жалпы алғанда альбинизмнің себебі белгісіз,
мүмкін ол тозаңның дамуының дұрыс емес өтуіне байланысты,




70
əлде ол микроспораларды өсірген кезде пайда болатын мута-


циялардың салдары шығар.
Тозаңдықтармен салыстырғанда ұрықтанбаған түйіндерді 
өсіру нəтижесінде жасыл өсімдіктердің түзілу жиілігі жоғары
келеді. Тозаң дəндері мен ұрықтанбаған түйіндерден алынған
өсімдіктерді салыстыру барысында гиногендік гаплоидтық жасыл
өсімдіктердің андрогенез жолымен салыстырғанда көбірек
түзілетіндігі байқалды. Гиногенез – тұқым бүршігін (аналық
гаметофитті) in vitro жағдайында өсіріп гаплоидты өсімдіктерді
алу əдісі. Гиногенез апомиксистің бір түрі. Апомиксис – орга-
низмнің жыныссыз жолмен көбеюі. Жалпы алғанда апомиксис
табиғи жағдайда кездесетің құбылыс, ал биотехнологиялық
əдістермен оның тиімділігін арттыруға болады. Аналық гамето-
фиттен гаплоидты каллус 1964 жылы жалаңаш тұқымдылардың
ежелгі өкілі Гинкго өсімдігінен алынған болатын. Тек осыдан
7 жыл өткеннен кейін ғана жабық тұқымды өсімдіктерде
(картоп, жүгері) гаплоидты каллусогенез индукциясын жасауға
мүмкіндік туды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет