Биотехнология негіздері



бет19/67
Дата01.12.2023
өлшемі0,52 Mb.
#194445
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67
Байланысты:
Microsoft Word на 5 формат doc-emirsaba.org

егу материалын алу үшін бірінші генерацияның вегетативтік егу
материалын қолданады. Ол төменгі талаптарға жауап беруі
керек:
- биомассаның орташа қоюлығы сарғылттан ашық-қызыл
түсіндей болады, шайқаған кезде мицелий флакон қабырға-
ларын бүркемейді, түбіне шөкпейді жəне жойылмайды;
- болған препаратты микроскопия əдісі арқылы қарағанда
микроколониялар байқалады, гифтері ұзын немесе орташа ұзын-
дықта, толқынды, протоплазмасы базофилды, кейде пунктир
күйінде болады;
- басқа микрофлора болмайды.
Екінші генерацияның вегетативтік егу материалдарын өсіру
терең дақылдауға арналған егу биореакторларда жүзеге асады.
Ол араластырғышпен, ауа бергіш барбатермен, қыздыру жəне
салқындату ортасымен жабдықталған (5-сурет). Егу ортасын
БИОР-0,1 биореакторында жүзеге асырады.
Антибиотиктің өндірісінің келесі кезеңі – гентамицин 
биосинтезі. БИОР-0,25 қондырғыдағы гентамицин синтезі
мерзімді тереңінен дақылдау əдісімен болады. Егу материалын
жалпы көлемінің 5-10% мөлшерін құрайтын ферментті ортаға
енгізеді. Дақылдау 6-7 тəулікке созылады. БИОР-0,25 биореак-
тордағы продуценттің дақылдану тəртібі мицелий даму проце-
сінде өзгереді. Биоректордағы аэрация тəртібінің өзгерісі суль-
фиттік мөлшер бойынша қондырғының массалмасу сипатта-




36
масының есебінен жүргізіледі. Биосинтез процесіндегі қысым


0,05-0,2 кгс/см
3
шегінде болады. Дақылдық сұйықтықтың
көбіктенуі кезінде зарарсыздануы көбік өшіргішті қосады.


5-сурет. Гентамицин сульфатының алыну жобасы

Дақылдық сұйықтықты алдын ала өңдеу жəне ультрасүзу 
кезеңі. Биорекатордағы дақылдық сұйықтықты қабылдау құрыл-
ғысына енгізеді, араластыру үшін насосты қосып жəне ақуыз-
дың коагуляциясы мен поливалентті металдарды жою үшін
ізінше реагенттерді (қымыз қышқылының ерітіндісі, бромидтің
цетилперидині) қоса отырып, алдын ала өңдеу жұмысын
жүргізеді.

Егу материалының агарлы қоректік ортада дайындалуы


Вегетативтік егу материалын колбада өсіру


Биореакторларда мицелиялардың өсуі


Гентамициннің биосинтезі



Алдын ала өндеу жəне гентамициннің сұйық дақылының
ультрасүзуі

КБ-2 катиониттегі гентамициннің аммоний формасындағы
сорбциясы жəне десорбциясы

Гентамицин концентратын алу



Гентамициннің түссіз концентратының алынуы жəне оның
сульфатты формаға айналуы

Гентамициннің сулы ерітінділерінің ұнтақтап кептірілуі


Өлшеу, қаптау жəне белгілеу (маркировкалау)


Бақылау





37
Ультра сүзу процесі УСФ-1 типті қондырғыда жүргізіледі.


Дақылдық сұйықтықтың ультрасүзу кезінде жоғары молеку-
лалы қосылысты ерітінділердің концентрация процесі жүреді.
Сондай-ақ бір уақытта оларды мембрана арқылы өткізіп, төмен
молекулалы қосылыстардан арылтуға болады.
Гентамициннің КБ-2 катионитіндегі аммоний формасын-
дағы сорбциясы жəне десорбциясы кезеңі. КБ-2 катионитінде
гентамицинді бөліп алу жəне химиялық тазарту процесі төмен-
дегіше жүзеге асырылады: нативті ерітіндіден гентамициннің
сорбциясы, минорлы заттардың жуылып шайылуы, гентами-
циннің десорбциясы. Гентамициннің сорбциясы кезінде оның
нативті ерітіндісі жинағыш құрылғыдан сорғыш аспап арқылы
ион алмастырушы колоннаға төменнен жоғары қарай əкелінеді.
Десорбция колоннасында химиялық тазарту (гентамицин тə-
різді жəне бояғыш қосылыстардың жойылуы) кезеңі жəне
гентамициннің десорбциясы жүзеге асырылады. Қосылыстар-
дың минорлы заттардың жуылып шайылуы 0,043 Н аммиак
ерітіндісімен жүргізіледі. Оны катионит қабатынан ион алмас-
тырушы колоннаға жоғарыдан төмен қарай өткізеді. [R(COO)
5

гентамицин-минорлы қосылыстармен комплексі] + 5NH
4
OH→
[R(COO)
5
–гентамицин-минорлы қосылыстың комплексі] + [ген-
тамицин тəрізді минорлы қосылыстар]
+5
. Гентамициннің десорб-
циясы 5 % аммиак ерітіндісімен жүреді, оны жоғарыдан төмен
қарай катиониті бар колоннада өткізеді. Гентамицин концен-
тратының алынуы кезеңі. Алынған гентамициннің элюатын
температурасы 50-55
0
С жəне қысымы 0,085 МПа болатын ИР-
10М роторлы буландырғышта аммиакты жою үшін жəне
гентамицинді 60000-70000 мкг/см
3
дейін құнарландыру үшін
булайды. Гентамицин концентратын көмір негізімен түссіз-
дендіру жəне оны сульфат формаға айналдыру кезеңі. Тазар-
тылған жəне құнарландырылған гентамицин негізін колбаға
орналастырады жəне рН 6-6,5 дейін 20 % күкірт қышқылының
ерітіндісімен қышқылдандырады, активтелген көмір салып
(концентрат көлемінен 7 %) жəне 30 мин. Араластырып6 40-45
0

С дейін қыздырады, содан кейін көмірді сүзеді. Гентамициннің 


сульфатының сулы ерітіндісін ұнтақтап кептіру кезеңі. Гента-
мицин сульфаттың түссізденген ерітіндісін ұнтақтап кептіру
УРС-0,5 типті зертханалық кептіргіште жүргізіледі. Тазартылған




38
ауа кептіргіш болып табылады. Жұмыс басталмас бұрын барлық


детальдарды кептіргіш камерада жуады, спиртпен сүртеді, кейін
жинап жəне 108
0
С ыстық ауамен кептіреді. Жылу ұстағыш –
ауа температурасын белгілейді: кептіргіш камераға кіру кезінде
– 175-185
0
С, кептіргіш камерадан шығу кезінде – 103-105
0
С.
Кептіргіш камераға берілетін антибиотик ерітіндісін қызған ауа
тогында майда тамшыларға дейін ұнтақтайды. Гентамицин 
сульфат препаратын өлшеу, қаптау жəне белгілеу кезеңі. 
Препаратты кептіргіштен жүктеп жəне оны түсіру, сондай-ақ
оның өлшенуі асептикалық жағдайы бар ғимаратта жүргізіледі.
Өлшеу КОН-В ламинар боксте жүзеге асырылады. Гентамицин
сульфат ұнтағын бұрандалатын мойны жəне бұрандалы қақпағы
бар, қызыл-сары əйнектен жасалған банкаларға салады да
этикетка жабыстырады. Этикеткада өндіруші кəсіпорын, оның
тауар белгісі, препараттың аты, 1 мл-ғы белсенділігі, ƏБ мил-
лиардындағы белсенді заттардың құрамы, салмағы, тіркелген
нөмірі, жарамдылық мерзімі, сақтау жағдайы (бөлме темпера-
турасында, қаранғы, құрғақ жерде) белгіленеді.
Антибиотиктер микроорганизмдерге олардың көбеюін (бак-
териостатикалық) баса немесе олардың жойылуын (бактери-
цидтік) тудыра отырып əсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет