54
өндірісінің қалдықтары (көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, балдыр-
лар), крахмал, сироп өндірісінде шығарылған қалдықтар, картоп
өнімдерінен қалған қалдықтар т.б. Биогаз өнімі оны өндіретін
шикі зат табиғатынан жəне мөлшеріне тəуелді болады. Биогазды
есептеуде құрғақ зат (КЗ немесе ағылшынның TS) немесе
құрғақ зат қалдығы деген ұғымдар пайдаланылады. Практика
жүзінде 1 кг құрғақ заттан 300-500 литр биогаз алады. Белгілі
бір шикі заттан алынған биогаздың шығымын анықтау үшін
зертханалық зерттеулер жүргізу керек немесе анықтамалық
мəліметтерге сүйеніп,
майлардың, ақуыздың жəне көмірсулар-
дың мөлшерін айқындау керек. Соңғыларды анықтау барысында
тез ыдырайтын (фруктоза, қант, сахароза, крахмал) жəне баяу
ыдырайтын заттардың (целлюлоза, гемицеллюлоза, лигнин)
арақатынасын білу маңызды. Шикі зат құрамын айқындау
арқылы, əр заттан шығатын газ шығымын жеке анықтап,
сонында оларды қосу арқылы
жалпы шығымды есептеп алуға
болады. Тұрмыстық қоқыстардан алынатын биогаздың бір түрі
бұл қоқыс газы.
Биогаз өндірілетін қондырғыларға
метанотенк жатады.
Метанотенктерде
анаэробты ашыту ең көп таралған өндірістік
əдіс болып табылады. Өндірістік қондырғыда:
гомогенизация-
лаушы құты, қатты (сұйық) шикі зат салатын жабдық,
реактор, араластырғыштар, газгольдер, су мен жылуды ара-
ластыратын жүйе, газ жүйесі, насостық станция, сепаратор,
бақылау жүйесі, қауіпсіздік жүйесі сияқты құрылғылар болады
(
қосымша, 1-сурет). Шикі зат
қалдықтары насос станциясы
немесе қатты (сұйық) шикі зат салатын құрал арқылы реакторға
беріледі. Реактор темір бетоннан құралған, ішінде миксерлері
бар, жылытқыш жүйесі жұмыс істейтін резервуар болып
табылады. реакторда қалдық заттармен қоректенетін «пайдалы
бактериялар» тіршілік етеді. Бактериялардың тіршілік ету
əрекетінде биогаз түзіледі. Бактериялардың тіршілігін қолдау
үшін оларға қорек көзі – шикі зат қалдықтары, сондай-ақ 35
0
С
жылу қажет.
Сонымен қатар, биомассаны оқтын-оқтын аралас-
тырып тұру керек. Түзілген биогаз газгольдерлерде жинақталады,
осыдан кейін биогаз тазартқыш жүйеден өтіп, тұтынушыларға
(қазандықтар мен электрогенераторлар) беріледі. Реакторға ауа
жіберілмейді, себебі биогаз алу процессі анаэробты жағдайларда
55
іске асады. Кейбір шикі заттардың ашуына арнайы екі сатылы
технология қажет. Мысалы, құс саңғырығы мен спирт бардасы-
нан кəдімгі реакторда биогаз алу мүмкіндігі болмайды. Мұндай
шикі заттарды өндеу үшін қосымша гидролиз реакторы қажет.
Мұндай реактор орта қышқылдық деңгейін бақылап,
ондағы
бактериялардың күшті қышқыл немесе күшті сілтіден қырылып
қалуынан сақтайды.
Биогаз өндірісте электр энергия, жылу немесе бу жəне
автокөліктерге жанар-жағар май ретінде қолданылады. Биогаз
қондырғыларын фермалардың, құс фабрикалардың, спирт жəне
қант зауыттарының, ет комбинаттарының
жанынан арнайы
тазартқыш жабдықтар ретінде салуға болады. Биогаз қондыр-
ғылары ветеринарлық-санитарлық зауыттарды алмастыра алады,
яғни өлекселерден ет жəне сүйек ұнын өндірудің орнына биогаз
өндіруге пайдалануға болады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде,
егiн шаруашылығында органикалық тыңайтқыштардың үнемi
жетiспеушiлiгi, мал шаруашылығындағы фермаларда мал қал-
дықтардың болуы биогазды өндiру үшiн шикiзаттың мəселесiн,
ал өңделген шикiзат тыңайтқыштардың жетiспеушiлiгiн, қал-
дықтар мəселелерiн шешiп электр энергиясымен қамтамасыз ете
алады.
Өндірісі дамыған елдердің ішінде Данияның жалпы
энергобалансының 18% жуығы биогаз өндірісі үлесіне тиеді.
Биогаз өндіретін ірі қондырғыларды пайдалану жағынан
жетекші орын алатын ел - Германия.
Биогаз қондырғылары
Қытайда көп таралған, онда бір жылда 7 млрд. м
3
жуық биогаз
өндіріледі, бұл 60 млн. шаруаны жылумен қамтамасыз етеді.
Швейцария биогазбен жүретін автобустарды жасап шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: