Биотехнологиялық Өндірістің ластағыш-микробтары және олармен күресу жолдары



Дата16.10.2022
өлшемі373,29 Kb.
#153249
түріҚұрамы
Байланысты:
Биотехнология

БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ЛАСТАҒЫШ-МИКРОБТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Ферментация процесінде арналған шикізат алдымен құрамында микроорганизмдердің биомассасын құрайтын қажетті элементтерден құралатын қоректік орталардың пайда болу мәселесін шешеді орта сонымен қатар микроорганизмдердің өмір сүру ортасы болып табылады. Шикізат деп құрамында қажетті қорек компоненттері болатын таза немесе комплексті заттарды айтады.

Микроорганизмдар

Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.


Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді.
Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады.

Биотехнологиялық процестерге арналған шикізаттар. Су-арзан болса да масса жағынан ең маңызды шикізат түрі.Биотехнология өнімдерінің көптеген түрлері су сапасымен анықталады.Су биологиялық жағынан таза болуы қажет (1мл суды микроорганизмдер саны 100-ден аспау керек,) түссіз, дәмсіз ж/е иіссіз болуы керек ж/е ол тұнбауы керек. Су құрамындағы зиянды заттарға шектеулер қойылған: қорғасын-0,1мг/л-ге дейін, мышьяк -0,05мг/л-ге дейін, фтор-1,5мг/л-ге дейін, цинк-0,5мг/л-ге дейін, мыс-3,0мг/л-ге дейін.

Микробиологиялық биотехнологияның тарихы Микробиологиялық биотехнологияның тарихы римнің профессоры Афанаси Кирхердің (1601-1680ж), есімін де аталуы тиіс.Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қорап, онда түрлі құрттардың кездесетінің байқады. Микроорганизмдердің алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон Ван Левенгуктің (1632-1723) есімімен тікелей байланысты.Жас кезінен шыныларды құрастыруымен көп айналысқан ол, заттарды 160- 300есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған.Орыс оқымысты И.И.Мечниковтың 1845-1916 еңбегі зор. Ол микробиологияда бір қатар жаналықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет ж/е бактериялогия жайындағы еңбектері өте бағалы.И.И.Мечников фагоцитоз ж/е оның имунитеттегі рөлі туралы тыңғылықты ілім жасады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет