Бірінші бағыт –Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Мақсаты:
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты;
тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар
мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы
қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екіншібағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның
қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және
дәстүрлерімен келісілген
рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін
және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшіншібағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ
халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың
мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:Ата-аналарды
оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін
және жауапкершіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және
экологиялық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық
ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Алтыншы бағыт- Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және
дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін
уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын
қалыптастыру, тұлғаның өнердегі
және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау
әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта
құру.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты
өмір салты
Мақсаты: Салауаттыөмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын,
денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай
қалыптастыру үш