Бірінші президент Назарбаев – кеңестік саясаттағы жарық жұлдыз, түрлі республикалар арасындағы ірі тұлға. 50 жасар Қазақстанның лидері – белгілі деңгейде қатал, тәжірибелі, жедел шешім қабылдай алатын адам.Нұрсұлтан Назарбаев – тәуелсіз мемлекеттің негізін қалап, оның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлға, экономиканы қарқынды дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыруда айрықша табыстарға қол жеткізген кемел көшбасшыға айналды. Ол – бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман – тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өз орнын алды. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы экономикамен бірге білім және ғылым саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Бүгінгі таңда еліміздің білім жүйесі жаңа заманға лайық әрі халықаралық стандартқа сәйкес жетіліп келеді және оның отандық үлгісі қалыптасуда десек, мұнда Елбасы Н.Назарбаевтың инновациялық ой-тұжырымдары мен тікелей қамқорлығының маңызы зор болғанын атап өтуіміз қажет.ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін қадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт». Бүгінде Президенттің осы тапсырмасын ұстанған еліміздің білім саясаты әлемдік аренадан өз орнын нақтылауда. Себебі білімді де білікті маман-кадрлар экономиканы қарқынды дамытуда маңызды ресурс болып табылады.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен