1 - топ Ток көзінен, амперметрден, кілттен және кернеуін өлшейтін вольтметрден және шамнан тұратын сұлба сызу.
2 - топ Ток көзінен, амперметрден, кілттен және ток көзінің кернеуін өлшейтін вольтметрден және екі шамнан тұратын сұлба сызу.
3 - топ Ток көзінен, амперметрден, кілттен, үш шамнан және шамның кернеуін өлшейтін вольтметрден тұратын сұлба сызу.
8.Шеберханадағы электр сымдарына әрқайсысының кедергісі 120 Ом-ға тең 5 шам параллель жалғанған. Осы тізбектегі кернеу 220В болса, онда бүкіл сым бойынан өтетін токтың күшін анықтаңдар.
9.Кедергісі 20 Ом және 30 Ом болатын екі резистор кернеуі 24 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
10.Суретте тізбектей жалғанған үш өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=36Ом өткізгіштегі кернеудің төмендеуі U1=9B. Кедергісі R2=64Ом болатын өткізгіштің кернеуін және олардың ұштарындағы кернеу U2= 120В болғандағы өткізгіштің жалпы R кедергісін анықтаңдар. 11. Суретте параллель жалғанған екі өткізгіштің сұлбасы берілген. Кедергісі R1=44 Ом өткізгіш арқылы I1=5А ток өтеді. I2=0,8А ток өткендегі өткізгіштің R2 кедергісін анықтаңдар.
12. Кедергілері 10 Ом және 20 Ом болатын екі резистор кернеуі 12 В электр тізбегіне жалғанған. Тізбекке екі резисторды тізбектей және параллель жалғағандағы ток күші қандай?
13.Ток көзінің кернеуі 4,2 В. Резисторлардың кедергілері сәйкесінше 2 және 4 Ом. Тізбектей және параллель жалғану кезіндегі тізбектің жалпы кедергісі мен әр резистордың ток күшін табыңыз. Электр тізбектерінің сызбаларын салыңыз.
14. Суретте көрсетілген сызба бойынша амперметрдің көрсеткіші мен электр тізбегінің жалпы кедергісін табыңыз, егер R1=10 Ом, R2=6 Ом.