Технологиялық инкубатор– ғылыми ұйымдардың, инновациялық кəсіпорындардың, жоғары оқу орындары жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерінің əлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.
Технологиялық парк – тиiмдi инновациялық ортаны қалыптастыру мен дамыту арқылы инновациялық қызметтi жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасалатын бiртұтас материалдық-техникалық кешенi бар аумақты меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде иеленетiн заңды тұлға;
Технопарк дегеніміз – негізгі қызметі инновациялық жобаларды іске асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас материалдық –техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға. Технопарктер əлемдік тəжірибеге сəйкес 3 түрге бөлінеді: 1) американдық; 2) жапондық ; 3) аралас.
Технопарктер дегеніміз – ғылымды, білімді жəне өндірісті территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың жəне жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді.
Технополис– бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін технопарктер, инкубаторлар жəне құрылымдар кешені.
ТӨЦ (тауардың өмірлік циклі) – тауардың нарықта болу уақыты, құрылымы бірнеше кезеңмен сипатталады: енгізу, өсу, кемелдену, құлдырау. Оның саны әр авторда әрқалай 4-тен 6-ға дейiнгi арада ауытқиды.
Трансферттік бағалар – бұл фирманың бір өндірістік бөлімшесінен екінші бөлімшесін (мысалы, шетел сауда филиалына) сататын тауар бағасы.
Тікелей инвестициялау (капитал трансферті) – шығындарды азайту және шетел нарықтарына енуді жеңілдету үшін жасалған ерекше жобаларды бірігіп жүзеге асыру туралы компаниялар арасындағы келісім.
Ұйым – бұл адамдар тобы, олардың қызметі жалпы мақсатқа жетуге арнайы түрде бағытталған
Ұйымдастырушылық басқару – оның негізгі объектілері, ұйымды құру процестері, ұйымды басқару жүйесін және құрылымын қалыптастыру, инструкцияларды құрастыру нәтижесінде ұйымды қалыптастыру қалыпты жағдайлары құрылады. Ұйымдастырушылық басқаруда ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттары құрылады. Оларға жетудің негізгі шарттары айтылады.
Франчайз – құқық беретін (франчайзер) фирма мен осы құқықтарды алатын (франчайзи) фирма арасындағы арнайы келісімде ескерілетін құқықтар.