Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз


ИННОВАТИКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛАНУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ



бет16/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
2. ИННОВАТИКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛАНУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ҚАЗІРГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ


2.1 Н.Д. Кондратьевтің «ұзын толқындар» теориясы
Орташа ұзақтығы елу жыл болатын Н.Д. Кондратьевтің ұзын толқындары деп аталатын экономиалық дамудағы тербеліс қарқыны халықаралық щаруашылық коньюктурасының шеңберіндегі үлкен циклдардың басты себебі, ғылыми-техникалық прогресс табиғатының толқындары болып табылады [1]. Нақтырақ айтар болсақ:

  • Таза жинақтау кезеңі (үлкен жаңа технологиялық жүйелердің пайда болуымен сипатталады және қолданылатын техниканың орта деңгейі алдыңғы технология шетінен қалыңқырауы) мен ҒТП потенциалының таза шығындары кезеңдерінің алмасуы (қолданыстағы технологиялардың орташа деңгейі ҒТП-тің соңғы жетістіктерімен қамтамасыз ететуіне деңгейіне дейін жетуі);

  • Экономикалық дамудың қарқыны мен пропорцияларына ҒТП-тің бұтақтары болып саналатын технологиялық (ресурсты үнемдеуші) және конструкторлықтың (ресурс сиымдылығы) кезектесіп басым болуы;

  • Инфрақұрылым дамуы кезеңдерінің бірде тез, бірде баяу алмасуы [1].

Дамудың циклдық мінездемесі өндірістің материалды-техникалық базасы, табыстың проциклдық өсуі мен реттелуіндегі өзгерістерінің қоса жүруі, ал ол өз кезегінде көбінесе экономикалық даму қарқынында тербелістердің жиілігін ұлғайтады.
Үлкен циклдің бірінші жартысы алдынғы жинақталған ҒТП потенциалын шығындаумен байланысты [1].
Циклдың басында енгізулуші және шығарылушы пайдалану техникасы тиімділігінің арасындағы айырмашылық зор. Бұл айырмашылықты сақтап қалу үшін, жаңа техниканы, өзінің шығын потенциалының жылдамдығы оның жинағынан асып түспей тұрып әртараптандыру қажет. Жаңа техникаға кеткен салымдардан жоғарғы қайтарым капиталсалымының нормасының ұлғаюына итермелейді, осының негізінде техниканың жаңа деңгейіне тез өтуді қамтамасыз етеді, демек, экономикалық даму қарқынын ұлғайтады.
Үлкен циклдің бірінші жартысындағы капитал салымы (демек, конъюктураның жақсаруы, себебі, шығындар өсімі өндірістің ұлғаюын озып отырады) мөлшерінің жоғарылауы, жаңа технологиялық жүйенің негізінде, ҒТП-тің конструкторлық ресурс сиымды бұтағының басым болуымен жаңа тауарлар мен қызметтер өндірісінің интенсивті өсуімен байланысты.
Сайып келгенде, үлкен циклдің бірінші жартысы инфрақұрылымның өсуін басып озумен қатар жүреді, ал ол кезегінде негізгі капиталға салымдардың ұлғаюына әкеліп соғады. Экономиканың материалды-техникалық базасының түбегейлі (революциялық) өзгерісі көліктер және құрал-жабдықтар паркінің жаңартылуымен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар соған сай инфрақұрылымды қалыптастыруды талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет