1.1 Инновация және инновациялық менеджмент түсінігі, мәні, пәні мен әдістері Инновация – бұл:
А) Кәсіпкерлік саласындағы әрдайым жаңару үрдісі
Б) Жаңа ойдың жаңа тауарлар мен қызметтерге айналуы
Инновация (жаңалық, жаңашылдық) – жаңа немесе жаңартылған өнімді жасау және нарыққа шығару негізінде туындаған инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі немесе практикалық қызметте жаңа немесе жаңартылған технологиялардың пайдаланылуы.
«Инновация» термині латынның «innovus»сөзінен шыққан, мұндағы «in»- ішінде, «novus» - жаңа деген мағынаны білдіреді. ХХ ғасырда инновация технологиялық жаңалықтарды енгізумен түсіндірілді. Инновация терминін австриялық экономист-ғалым Й.А.Шумпетер (1883-1950 жж.) «Экономикалық даму теориясы» (1911) атты еңбегінде алғаш қолданды. Бұл кезде инновациялар туралы сөз айтылмаған, дегенмен бұл кезде инновация деп, дамудың жаңа комбинацияларындағы өзгерулер деп түсіндірілді.
Шумпетер 5 өзгеруді атап көрсетті:
1. жаңа техника, жаңа жаңа технологиялық үрдіс және өндірістің жаңа нарықтық қамтамасыз етілуі, яғни сату-сатып алу.
2. жаңа қасиеттері бар өнімді енгізу.
3. шикізат немесе жартылай фабрикаттың жаңа көзін табу.
4. өндірісті ұйымдастырудағы және оның материалдық-техникалық қамтылуындағы өзгерістер.
5. жаңа өткізу нарығына шығу.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында Шумпетер инновация терминін кеңінен қолданды. Инновация – бұл өндірісте жаңа нарық және ұйымдастырылуы формасын, жаңа тұтыну тауарларын, жаңа өндірістік және транспорттық құралдарын қолдану және енгізу негізінде болған өзгерістер.
Инновациялық менеджменттің мақсаты – ғылымның, экономиканың және кәсіпорынның өндірістік қызметтің негізгі бағыттарын айқындау болып табылады.
Инновация мақсаттарын төмендегідей көрсетуге болады:
жаңа техникалық шешімдерді табу – ойлап шығару;
ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жүргізу (ҒЗТКЖ);