Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет5/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ

Жоғарғы технология (ағыл. High technology, high tech, hi-tech) – неғұрлым жаңа және пргрессивті заманауи технологиялар. Жоғарғы технологияларды пайдалануға көшу және оған тиесілі техникалар ғылыми-техниалық революцияның ажырамас бөлігі.
Жоғарғы технологияларға әдетте өндірістің неғұрлым ғылми сиымды саласы жатады:

  • микроэлектроника

  • ақпараттық технология (есептеуіш техника, бағдарламалау)

  • робот жасау технологиясы

  • нанотехнология

  • атом энергетикасы

  • ұшақ жасау

  • космостық техника

  • биотехнология (гендік инженерия, микробиологиялық өнеркәсіп)

Нанотехнология – фундаментальді және қолданбалы ғылымдардың, сонымен қатар техниканың аралық аймағы болып табылатын және теориялық негізі мен практикалық зерттеу әдістері және анализі мен синтезді қолданып, атом мен молекулалар деңгейінде басқарылатын атомдық құрылымды өнімдер мен өндірісті қолдану әдістерінің жүйесі.
Қазіргі таңда әлемде нанотехнология саласында 10-12 көшбасшы ел бар:

  • АҚШ критерийлер жиынтығы бойынша көшбасшы;

  • Израиль – спецификалық лидер. Бұл мемлекетте ҒЗТК-нің (ғылыми зерттеу тәжірибелік-конструкторлық) деңгейі өте жоғары және дамыған инновациялық-қаржылық сферасы мен қатар венчурлік қоры жақсы дамыған. Дегенмен инновациялық өнім көлемі айтарлықтай жоғары емес, себебі, израильдықтардың бұндай өнім өндірісі щет мемлкеттерде орналасқан.

  • Тайвань – бұл елде керісінше фундаментальді ғылымда еш ілгері басу жоқ, бірақ бұл арал әлем өндірісіне сұйық кристалды экрандар мен плазмалық понельдерді шығару арқылы өз үлесін қосуда.

  • Европада Франция, Германия, біраз дәрежеде Англия, Скандинавияда – Финляндия көш бастап тұр.

  • Қытай - өте үлкен бюджеттік, жеке және айтарлықтай дәрежеде шетелдік инвесициялармен аты шыққан. Ол наноиндустрияға инфрақұрылым жасауда және өте мықты серпіліске арналған ортаның негізін қалауда. 5-10 жылдан кейін Қытай технологиялық даму бойынша АҚШ-тың деңгейіне жетуі мүмкін, бәлкім асып та түсуі ықтимал.

Биотехнология - бұл табиғи және инженерлік ғылымдардың интеграциясы, тірі организмдердің мүмкіншіліктерін іске асыруға толық мүмкіндік беретін немесе олардың туындыларын жасауға арналған және өнімдердің модификацияларын немесе әртүрлі бағыттағы процестер.
Ол медицинада, тамақ өнеркәсібінде, сонымен қатар энергетика саласындағы проблемаларды шешуге арналған, қоршаған ортаны қорғауда және ғылыми зерттеулерде жиі қолданылады.
Соңғы он жылдықта биология жаңа ғылыми бағыттарды қарқынды жасауда және дамытуда. Жаңа комплексті бағыт – өзінің құрамына биохимияны, биофизиканы, молекулярлық биологияны және генетиканы, биоорганикалық химияны және басқа да бағыттарды қосқан физико-химиялық биология. Олар өндірістік-техникалық тәжірибенің биологияның алдында әлдеқашан қойылған мақсаттарды шешуге ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар принципшіл жаңа биологиялық өндіріс жолдарын белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет