Біз нашақорлыққа қарсымыз! Зиянды заттар Есірткі Ішімдік Нашақорлық-наркомания



Дата02.02.2023
өлшемі2,39 Mb.
#167172
Байланысты:
нашақорлық тәрбие сағаты
3-2021-1-000285063-16-1, ¬á½»ÔáßÔÙÓÒÞÙ, 10 сынып ТЖБ Геометрия ЖМБ (2), матем123456docx, 0-срез.Тарих (3), ДАРЫНДЫ ОКУШЫМЕН ЖУМЫС

Біз нашақорлыққа қарсымыз!
Зиянды заттар
Есірткі
Ішімдік
Нашақорлық
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke – мелшию және manіa – ессіздік) – есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Даму белгісі
Адамның жеңіл міңезі
Адамның өзін-өзі ұстай білмеуі
Жаңа нәрселерге қызығушылығы
Этаптары:
  • Адам наркотиктің белгілі түрін тандайды және оларды кез келген уақытта пайдалану тәуелділігі пайда болады.
  • Наркотиктерді жиі қолдана бастаған соң адам организімі өзгере бастайды. Организімнің қорғану реакциясы жойылады.
  • Нашақорлар наркотикті 2-10 есе көп қолданады. Бірте-бірте наркотиктерге психологиялық мания пайда болады.

Есірткі түрлері
Токсикомания
Марихуана
Героин
Экстази
Кокаин
Токсикомания – булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Токсикомания
Марихуана
Марихуана – кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана – көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.
Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.
Героин
Ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.
Кокаин
Кокаин – коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.
Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Экстази
«Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
— ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
— отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;
әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы
отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
— мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеу
достарының арасында нашақорлардың бар болуы;
- өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;
алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай болуы
Зиянды заттардан арылу үшін:
Спортпен шұғылдану
Салауатты өмір салтын ұстану
Өзін – өзі сыйлау, жауапкершілік сезімінің жоғары болуы
Тиімді, құнарлы тамақтану
Бос уақытын дұрыс ұйымдастыру
Дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі орындау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет