Біз құпияны ашпаймыз, (сұқ саусақпен бұлғау)
Тұрған жерді жасырмаймыз.
Ауыл, қала өйткені (аяқтармен тізеде сәл бүгулі, қолдар алдыда, жиналған)
Адамдардың мекені.
Ал аңдарға орман бар, (аюдай маймаңдау)
Балықтарға теңіз бар. (балықтардай, қолдарды қосып, шайқап, қозғалту)
Көп құстардың мекені - (аяқтармен тізеде сәл бүгу, қолдармен құстардай бұлғау) Ағаштарда тұрғаны.
Біз құпияны ашпаймыз, (сұқ саусақпен бұлғау)
Тұрған жерді жасырмаймыз.
Қонақ болып қыдырсақ та, (маршта өз орындарында жүру)
Ешқашанда адаспаймыз.
Жасап қардан сырғанақ, (қолдарды төмен көрсетіп, кезегімен жақтардан алға сермеу)
Астымда шанам сырғанап. (екі аяқты алшақ қою, қолда руль ұстағандай бұрау)
Құламадан құлдырап, (екі тізені сәл бүгу, қайта тұру, қолда руль ұстағандай бұрау)
Ағып барам зымырап. (сол қалыпта тек жан-жаққа еңкею)
Ей, бөгеме, жолды аш! (қолмен қарсы бұлғау)
Бол, тез, асық, шапшаң бас! (екінші қолмен бұлғау)
Келіп қалдым зымырап, (екі аяқты алшақ қою, қолда руль ұстағандай бұрау)
Ал, басамын, аулақ қаш! (сол қалыпта тек жан-жаққа еңкею)
Апам үшін күнде мен, (әндете)
Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)
Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)
Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
Достарыңызбен бөлісу: |