«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» (тәрбие сағаты) 6 «Г» сынып



бет1/2
Дата22.11.2023
өлшемі72,33 Kb.
#192864
  1   2
Байланысты:
Зорлық
pa9amq, 1-сабақ 02.09, пр сабақ сауат ашу Қаблан Аяжан, алау партиясы (1), 000 хирургия 7 Муканова, ӨСӨЖ№2, АХАТИКККК, Отанға тарту, Зорлық, Зорлық-зомб.балалық шақ

Ә.Н. Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі


«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!»
(тәрбие сағаты)
6 «Г» сынып


Куратор: Мажитова Г.Ж.


Орал 2023 жыл.
Өтілетін күні 16.11.2023ж
Өтілетін уақыты 13.20
Өтілетін орны
Сыныбы 6 «Г»
Тәрбие сағатының тақырыбы:« Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!»
Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қатыгездік пен зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: жаңа ұғымдарды талдау, талқылау.
Әдісі: проблемалық, ой қозғау, эвристикалық.
Көрнекілігі: слайд,ой қозғау тапсырмалары, қосымша көрнекіліктер.
Тәрбие сағатының барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі. ( оқушылар үш топқа бөлініп отырады)
Балдаурен - балалықтың балғын күні,
Балдаурен- қуаныш пен шаттық үні.
Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,
Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі- деп бүгінгі «Балалық шақ – зорлық, зомбылықсыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1 жүргізуші:
« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. Бүгін біздің мақсатымыз ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел «Бейбітшіл ел - Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.
II. Негізгі бөлім.
Балалар, біз үш топқа бөліндік, олай болса «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастайық.
1-ші сұрақ бақытты балалық шақ деген не ?
Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?
( күн суреті) әр топтан бір адам қорғайды.
1-топ. Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.
2-топ. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.
3-топ. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. Балалық шақ - бейбітшілік, ата-ана махабатына толы, бақытты кезең.
Өлең оқылады.
Бақыт деген не өзі, білесің бе ?

  1. Бақыт деген – сенің бала күндерің,

Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің.
Бақытын да, басқасын да білмеуің,
Бақытсыз-ақ ойнағаның, күлгенің.

  1. Бақыт жайлы менің мынау білгенім.

Бақыт деген – бірде шаттық, бірде мұң.
Бақытты сол – тәрік еткен түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.

  1. Бақыт деген – әркімдерде бір арман,

Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген дәл қазір
– Бақыт жайлы жазған мына сөздерің.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет