Тақырыбы: «Жүзден жүйрік» зияткерлік білім сайысы
Жүргізуші.
Армысыздар, ардақты ұстаздар мен жарқын болашаққа нық қадам басқан білім алушылар!
Біздің «Жүзден жүйрік» тақырыбындағы зияткерлік білім сайысына қош келдіңіздер! Бүгінгі «Жүзден жүйрік» - зияткерлік білім сайысына қатысушы сайыскерлерді шақырсақ, топ мүшелері 1 курс білім алушыларынан құралған
1 топ «Білгір биологтар»
2 топ «Тапқыр химиктер»
3 топ «Алғыр экологтар»
өздерінің білімдерін ортаға салып тапқырлығы мен бойындағы бар қасиеттерін көрсетпекші. Ендеше оларды қошеметпен қарсы алайық.
Бүгінгі зияткерлік білім сайысы 7 бөлімнен тұрады.
1 – Таныстыру
2 – «Кімнің еңбегі?». (биология, химия, экология тарихынан)
3 – «Сандықтан шыққан лездеме сұрақтар!»
4 – Жеті жұрттың тілін біл
5 – Әдеби сайыс (биологиялық, химиялық, экологиялық ән-жырлар)
6 - Егер мен .... болсам! (Үй тапсырмасы)
7 - Іздеу ұйымы
Сайыс ережесі бойынша әрбір кезеңде сайыскерлерге жауабына сай ұпай беріледі. Білім алушылардың жауаптары ұпайлық жүйемен есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |