ТҮЛЕКТЕР
Зияткерлік мектептер түлектері қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін, орнықты адамгершілік құндылықтарға ие, өз елінің патриоттары болып табылады. Олар – үйлесімді дамыған, денсаулығы мықты, өзін-өзі және өзінің шығармашылық қырын дамытуға құштар, сыни ойлай алатын және мәселелерді шеше алатын азаматтар.
Зияткерлік мектептер түлектері алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік университеттерде білімін жалғастыра алатын, еңбек нарығында бәсекелестік қабілетке ие.
Зияткерлік мектептер түлектері елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерге белсене араласады, жаңашылдықтарды кеңінен қолдана отырып, Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуына ықпал етеді. Түлектер туралы ақпаратпен мектеп сайтында толығырақ танысуға болады (www.akb.nis.edu.kz).
ҚАУІПСІЗДІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы филиалдарындағы қауіпсіздік ережелері» әзірленген және бекітілген.
Өрт болған жағдайдағы эвакуациялану ережелері. Өрт болған жағдайда Зияткерлік мектеп қызметкерлері мен өртті сөндіруге қатысатын тұлғалардың әрекеті бірінші кезекте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларды эвакуациялауға және құтқаруға бағытталуы қажет. Мектеп қауымдастығы оқу жылының басында эвакуациялану механизмімен таныстырылады.
«LOCKDOWN» қауіп дабылы. Мектепке қылмыскер(лер) шабуыл жасағанда Зияткерлік мектеп қызметкерлерінің бірінші кезектегі әрекеті оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мақсатта «LOCKDOWN» қауіп дабылы рәсімі әзірленді және енгізілді. Мектеп қауымдастығы оқу жылының басында «LOCKDOWN» механизмімен таныстырылады.
Мектепке кіру мүмкіндігін басқару және бақылау жүйесін қолдану. Мектеп қызметкерлері мен оқушыларының терроризмге қарсы қорғаныс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп ғимаратына кіру және одан шығу үшін міндетті түрде электрондық өткізу жүйесіне енгізілген жеке кіру картасы қолданылады. Мектептің күзет қызметі бөгде тұлғалардың келуі жағдайында олардың құжаттарын тексеруі тиіс. Бөгде тұлғаларды мектепке кіргізу мектептің кезекші әкімшісінің рұқсатымен міндетті түрде келушілерді есепке алу журналына тіркеу арқылы жүзеге асырылады.
БІЗДЕР ҮШІН МАҢЫЗДЫ!
Оқушылардың қауіпсіздігі!
Оқушылар мектептен тек қана оқушыға жауапты тұлғалармен, заңды өкілдермен бірге шыға алады; мектептен тыс өткізілетін іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оқушылар мұғалімнің немесе куратордың нұсқауын қатаң түрде сақтауы тиіс, барлық жағдайларда да мұқият болуы шарт.
Ата-аналардың жауапкершілігі!
Оқу жылы барысында оқушыларға 10 күннен артық сабаққа қатысым жасамауға болмайды. Сабаққа қатысым жасалмаған жағдайда оқушының ата-анасының қолхаты және Зияткерлік мектеп директорының рұқсаты қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |